Батыс Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

    Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы

    2026 жылғы қаңтар – маусымында өнеркәсіп өнімдері 2581,4 млрд теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 90,7%.

    Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 89,3%, өңдеу саласында 99,5% құрады.

    Газ өндірісінің көлемі 15786,1 млн. текше метр құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 11,2%-ке төмен, газ конденсаты – 7680,7 мың тонна немесе 87,9%.

    • Резеңке және пластмасса бұйымдары – 17,3%-ке, металлургия өнеркәсібі өнімдері – 12,0%-ке, тамақ өнімдері – 8,2%-ке, жиһаз – 8,4%-ке өсуі байқалады.
    • Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 214,3 млрд теңге немесе 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне 105,0% құрады.
    • Негізгі капиталға инвестициялар 446,3 млрд теңге құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар – тамыз деңгейінен 5,3%-ға өсті.
    • 2026 жылы жалпы сомасы 426,9 млрд. теңгеге 2036 жұмыс орын құрумен 38 жоба іске асыру жоспарлануда.
    • Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2026 жылдың 1 қыркүйегіне 12,7%-ке төмендеді және 52,1 мың бірлікті құрады.
    • ШОБ субъектілерімен 2026 жылдың қаңтар-наурызында 649,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 11,9%-ке төмен.
    • 333,0 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2025 жылғы қаңтар – тамызына 101,0%.
    • Құрылыс жұмыстарының көлемі 218,3 млрд теңге құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезең деңгейінен 13,4%-ға көп.
    • Бөлшек тауар айналымының көлемі 430,6 млрд теңге, 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 101,2% құрады.
    • ЕАЭО елдер есебімен сыртқы сауда айналымы 2026 жылғы қаңтар – шілдеде 4051,4 млн АҚШ долларын құрап, 2025 жылғы сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 12,7%-ға төмендеді.
    • Көлік қызметінің көлемі 152,7 млрд теңгені немесе 96,3% құрады. 23,6 млн тонна жүк және 40,9 млн жолаушы тасымалданды немесе 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 96,6% және 102,7%.
    • Инфляцияның жалпы деңгейі (2025 жылғы желтоқсанға) 106,5% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 6,1%-ға өсті, азық-түлік емес тауарлар – 6,9%-ке, ақылы қызметтер – 6,7%-ға.

    Мемлекеттік бюджетке қаңтар-тамыз айларында 339,6 млрд.теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамға – 64,2%), соның ішінде республикалық бюджетке – 182,6 млрд. теңге (52,8%), жергілікті – 156,9 млрд. теңге (85,7%).

    • Жұмыс күші санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 5,2%. Есепті кезеңде 8660 жұмыс орны құрылды, 14 749 адам жұмысқа орналастырылды.
    • 2026 жылғы ІІ тоқсандағы орташа айлық еңбекақы 402 028 теңге құрады немесе 2025 жылғы сәйкесінше деңгейіне 106,1%.

    Ұқсас материалдар

    Анықтама

    Батыс Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

    2026 жылғы қаңтар – қыркүйекте өнеркәсіп өнімдері 2685,0 млрд теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 86,9%. Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 84,9%, өңдеу саласында 100,4% құрады. Газ өндірісінің көлемі 16...

    Қаулы

    Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2027-2029 жылдарға арналған болжамы

    Болжам стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың базалық сценарийі негізінде, өңірдің экономикалық ерекшеліктері ме...

    Анықтама

    Батыс Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

    2026 жылғы қаңтар - шілдесінде өнеркәсіп өнімдері 2278,8 млрд теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 90,2%. Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 88,8%, өңдеу саласында 98,9% құрады. Газ өндірісінің көлемі 137...

    Анықтама

    Батыс Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

    2026 жылғы қаңтар - маусымында өнеркәсіп өнімдері 2018,3 млрд теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 90,4%. Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 89,1%, өңдеу саласында 99,2% құрады. Газ өндірісінің көлемі 11...

    Ақпарат

    Батыс Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

    2026 жылғы қаңтар – мамырында өнеркәсіп өнімдері 1704,2 млрд теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 89,0%. Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 87,4%, өңдеу саласында 100,2% құрады. Газ өндірісінің көлемі 985...