Батыс Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

    Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы

    2026 жылғы қаңтар - маусымында өнеркәсіп өнімдері 2018,3 млрд теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 90,4%.

    Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 89,1%, өңдеу саласында 99,2% құрады.

    Газ өндірісінің көлемі 11 953,8 млн. текше метр құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 11,5%-ға аз, газ конденсаты – 5 808,8 мың тонна немесе 87,6%.

    • Резеңке және пластмасса бұйымдары – 25,4%-ке, басқа металл емес минерал өнімдер – 5,6%-ке, машина жасау – 2,1%-ке, химия өнеркәсібі өнімдері – 2,0%-ке, жиһаз – 22,2%-ке өсуі байқалады.
    • Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 118,5 млрд теңге немесе 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне 104,2% құрады.
    • Негізгі капиталға инвестициялар 331,8 млрд теңге құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар – маусым деңгейінен 23,0%-ға өсті.
    • 2026 жылы жалпы сомасы 431,7 млрд теңгеге 2 114 жұмыс орын құрумен 45 жоба іске асырылуда.
    • Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2026 жылдың 1 шілдесіне 8,4%-ға төмендеді және 53,7 мың бірлікті құрады.
    • ШОБ субъектілерімен 2025 жылдың қаңтар-желтоқсанында 2 945,4 млрд теңгеге өнім өндірілді, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 6,0%-ға аз.
    • 223,0 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2025 жылғы қаңтар – маусымына 103,6%.
    • Құрылыс жұмыстарының көлемі 143,6 млрд теңге құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезең деңгейінен 17,1%-ға көп.
    • Бөлшек тауар айналымының көлемі 308,1 млрд теңге, 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 100,9% құрады.
    • ЕАЭО елдер есебімен сыртқы сауда айналымы 2026 жылғы қаңтар – мамырында 2 470,5 млн АҚШ долларын құрап, 2025 жылғы қаңтар – мамырмен салыстырғанда 23,6%-ға төмендеді.
    • Көлік қызметінің көлемі 116,5 млрд теңгені немесе 98,4% құрады. 18,6 млн тонна жүк және 31,1 млн жолаушы тасымалданды немесе 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 98,0% және 103,5%.
    • Инфляцияның жалпы деңгейі (2025 жылғы желтоқсанға) 105,7% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 5,4%-ға өсті, азық-түлік емес тауарлар – 4,8%-ке, ақылы қызметтер – 7,0%-ға.
    • Мемлекеттік бюджетке 266,6 млрд теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамға – 94,5%), соның ішінде республикалық бюджетке – 149,9 млрд. теңге (100,6%), жергілікті – 116,6 млрд. теңге (87,7%).
    • Жұмыс күші санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 4,8%. Есепті кезеңде 6 469 жұмыс орны құрылды, 10 445 адам жұмысқа орналастырылды.
    • 2026 жылғы 1 тоқсандағы орташа айлық еңбекақы 387 694 теңге құрады немесе 2025 жылғы сәйкесінше деңгейіне 107,1%.

    Ұқсас материалдар

    Анықтама

    Батыс Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

    2026 жылғы қаңтар - шілдесінде өнеркәсіп өнімдері 2278,8 млрд теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 90,2%. Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 88,8%, өңдеу саласында 98,9% құрады. Газ өндірісінің көлемі 137...

    Ақпарат

    Батыс Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

    2026 жылғы қаңтар – мамырында өнеркәсіп өнімдері 1704,2 млрд теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 89,0%. Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 87,4%, өңдеу саласында 100,2% құрады. Газ өндірісінің көлемі 985...