2026 жылғы қаңтар - шілдесінде өнеркәсіп өнімдері 2278,8 млрд теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 90,2%.
Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 88,8%, өңдеу саласында 98,9% құрады.
Газ өндірісінің көлемі 13737,5 млн. текше метр құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 11,6%-ке төмен, газ конденсаты – 6681,4 мың тонна немесе 87,3%.
- Резеңке және пластмасса бұйымдары – 19,1%-ке, металлургия өнеркәсібі өнімдері – 10,7%-ке, химия өнеркәсібі өнімдері – 1,6%-ке, жиһаз – 15,3%-ке өсуі байқалады.
- Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 166,9 млрд теңге немесе 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне 104,9% құрады.
- Негізгі капиталға инвестициялар 388,1 млрд теңге құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар – шілде деңгейінен 13,3%-ға өсті.
- 2026 жылы жалпы сомасы 431,7 млрд теңгеге 2 114 жұмыс орын құрумен 45 жоба іске асырылуда.
- Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2026 жылдың 1 тамызына 8,2%-ке төмендеді және 52,6 мың бірлікті құрады.
- ШОБ субъектілерімен 2026 жылдың қаңтар-наурызында 649,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 11,9%-ке төмен.
- 265,8 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2025 жылғы қаңтар – маусымына 102,5%.
- Құрылыс жұмыстарының көлемі 178,8 млрд теңге құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезең деңгейінен 17,3%-ға көп.
- Бөлшек тауар айналымының көлемі 368,9 млрд теңге, 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 101,0% құрады.
- ЕАЭО елдер есебімен сыртқы сауда айналымы 2026 жылғы қаңтар – маусымында 3319,6 млн АҚШ долларын құрап, 2025 жылғы сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 18,3%-ға төмендеді.
- Көлік қызметінің көлемі 134,8 млрд теңгені немесе 96,8% құрады. 21,2 млн тонна жүк және 35,9 млн жолаушы тасымалданды немесе 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 97,6% және 103,0%.
- Инфляцияның жалпы деңгейі (2025 жылғы желтоқсанға) 106,2% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 6,1%-ға өсті, азық-түлік емес тауарлар – 5,5%-ке, ақылы қызметтер – 7,2%-ға.
Мемлекеттік бюджетке 303,1 млрд.теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамға – 62,1%), соның ішінде республикалық бюджетке – 169,3 млрд. теңге (53,1%), жергілікті – 133,8 млрд. теңге (79,2%).
- Жұмыс күші санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 5,1%. Есепті кезеңде 7197 жұмыс орны құрылды, 12 285 адам жұмысқа орналастырылды.
- 2026 жылғы 1 тоқсандағы орташа айлық еңбекақы 387 694 теңге құрады немесе 2025 жылғы сәйкесінше деңгейіне 107,1%.