Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Aqua» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Осакаров ауданының әкімдігі

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 71-1-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Aqua» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 2026 жылғы 18 тамыздағы №380 хатына сәйкес, Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1.Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Aqua» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына «К.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін №4 сорғы-сүзгі станциясын салу арқылы су құбырын жүргізу» жобасын іске асыру шеңберінде электр беру әуе желісінің ВЛ-110 кВ тіректерін орнату және оларға қызмет көрсету үшін Қарағанды облысы Осакаров ауданының аумағында орналасқан, ауданы 0,15024 гектар жер учаскесіне осықаулының 1 қосымшасына сәйкес және жер учаскелерін орналастыру және пайдалану схемасына сәйкес белгіленген шекаралар шегінде 2029 жылғы 30 маусымға дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.

    2.Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Aqua» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарын толық көлемде өтесін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.

    3. «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етілсін.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Осакаров ауданының әкімі Р. Нурмуханбетов

    орын.: Е. Токмырза

    Осакаров ауданы әкімдігінің
    2026 жылғы «__» қазандағы №__/__
    қаулысына қосымша

    Оларға қатыстықауымдықсервитут белгіленуге жататын жер учаскелерінің тізбесі

    № р/с

    Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

    Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

    Құқық

    1

    2

    3

    4

    1

    09-137-025-189

    Тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

    Уақытша жер пайдалану құқығы (ұзақ мерзімді)

    2

    09-137-045-055

    Шаруа қожалығын жүргізу үшін (№ 2 учаске)

    Уақытша жер пайдалану құқығы (ұзақ мерзімді)

    3

    09-137-045-056

    «777» шаруа қожалығын жүргізу үшін

    Уақытша жер пайдалану құқығы (ұзақ мерзімді)

    4

    09-137-044-483

    Шаруа қожалығын жүргізу үшін

    Уақытша жер пайдалану құқығы (ұзақ мерзімді)

    Жүктеу
    Постановление Elorda Aqua 0,15024 рус, 24 КБ
    DOCX · 24 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Үгіт материалдарын орналастыру үшін эфирлік уақытты, баспа алаңын ұсыну шарттары мен ақы мөлшері туралы мәліметтер

    Осакаров ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сайлау жарнасын енгізу үшін деректемелер

    Осакаров ауданының әкімдігіЖарияланды:
    НҚА жобасы

    Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Aqua» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 71-1-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы...

    Осакаров ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Қаулы жобасы

    «QazGeology» жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 71-1-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы...

    Осакаров ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жас сайлаушылар клубының мүшелері мектеп президентін сайлауға қатысты

    Жас сайлаушылар клубының мүшелері Осакаровка кентіндегі №9 гимназия президентін сайлауға белсенді қатысты.Бұл іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, белсенді азаматтық ұстаны...

    Осакаров ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Дүниежүзілік сайлау күні

    Дүниежүзілік сайлау күніне орай іс-шаралар жоспары аясында Осакаров ауданы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері арасында «Сіз Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Заңын білесіз бе?» атты викторина өткізілді.Қат...

    Осакаров ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Шешім

    «Осакаров ауданы бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Осакаров ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 30.12.2022 жылғы №44 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Осакаров ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 8 қарашаға тағайындалған Озерный ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ХАБАРЛАМА

    Осакаров ауданының әкімдігіЖарияланды: