«QazGeology» жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Осакаров ауданының әкімдігі

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 71-1-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және 2025 жылғы 04 қазандағы №3692-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия негізінде Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1.«QazGeology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан, Қарағанды облысы Осакаров ауданы Трудовой ауылдық округінің аумағында орналасқан, жалпы алаңы 1970,3098 гектар жер учаскелерінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін2031 жылғы 04 қазанғадейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

    2.«QazGeology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру және жер пайдаланушылармен жасасқан шартта шығынды өтеу бойынша міндеттерін және басқа да шарттарды анықтау ұсынылсын.

    3. «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етілсін.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Осакаров ауданының әкімі Р. Нурмуханбетов

    орын.: Е. Токмырза

    Жүктеу
    93cb818342ed4b588f485af06e9db90dec2363f94ec63b6e131463dfd05e31cb_original.21039.docx
    DOCX · 21 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Үгіт материалдарын орналастыру үшін эфирлік уақытты, баспа алаңын ұсыну шарттары мен ақы мөлшері туралы мәліметтер

    Осакаров ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сайлау жарнасын енгізу үшін деректемелер

    Осакаров ауданының әкімдігіЖарияланды:
    НҚА жобасы

    Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Aqua» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 71-1-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы...

    Осакаров ауданының әкімдігіЖарияланды:
    НҚА жобасы

    Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Aqua» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 71-1-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы...

    Осакаров ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жас сайлаушылар клубының мүшелері мектеп президентін сайлауға қатысты

    Жас сайлаушылар клубының мүшелері Осакаровка кентіндегі №9 гимназия президентін сайлауға белсенді қатысты.Бұл іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, белсенді азаматтық ұстаны...

    Осакаров ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Дүниежүзілік сайлау күні

    Дүниежүзілік сайлау күніне орай іс-шаралар жоспары аясында Осакаров ауданы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері арасында «Сіз Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Заңын білесіз бе?» атты викторина өткізілді.Қат...

    Осакаров ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Шешім

    «Осакаров ауданы бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Осакаров ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 30.12.2022 жылғы №44 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Осакаров ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 8 қарашаға тағайындалған Озерный ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ХАБАРЛАМА

    Осакаров ауданының әкімдігіЖарияланды: