Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 71-1-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Aqua» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 2026 жылғы 03 тамыздағы №358 хатына сәйкес, Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Aqua» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына «К.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін №4 сорғы-сүзгі станциясын салу арқылы су құбырын жүргізу» жобасын іске асыру шеңберінде электр беру әуе желісінің ВЛ-220 кВ тіректерін орнату және оларға қызмет көрсету үшін Қарағанды облысы Осакаров ауданының аумағында орналасқан, ауданы 0,226 гектар жер учаскесіне осықаулының 1 қосымшасына сәйкес және жер учаскелерін орналастыру және пайдалану схемасына сәйкес белгіленген шекаралар шегінде 2029 жылғы 30 маусымға дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2.Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Aqua» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарын толық көлемде өтесін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.
3. «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осакаров ауданының әкімі Р. Нурмуханбетов
орын.: Е. Токмырза
Осакаров ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «__» қазандағы №__/__
қаулысына қосымша
Оларға қатыстықауымдықсервитут белгіленуге жататын жер учаскелерінің тізбесі
№ р/с |
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі |
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты |
Құқық |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
09-137-044-499 |
Шаруа қожалығын жүргізу |
Уақытша жер пайдалану құқығы (ұзақ мерзімді) |
2 |
09-137-044-464 |
Гидротехникалық құрылысты (биотоғанды) салу |
Тұрақты жер пайдалану құқығы |
3 |
09-137-044-498 |
Шаруа қожалығын жүргізу |
Уақытша жер пайдалану құқығы (ұзақ мерзімді) |