Павлодар облысының ветеринария басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) үш мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Ветеринария саласында қызметпен айналысуға лицензия беру»; «Ветеринариялық анықтама беру»;«Ветеринариялық паспорт беру».
Аталған қызметтердің ішінен «Ветеринария саласында қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін Павлодар облысының ветеринария басқармасы көрсетеді. 2025 жылдың 3-тоқсанында бұл қызмет бойынша 0 қызмет көрсетілді.
Қалған екі мемлекеттік қызмет – «Ветеринариялық анықтама беру» және «Ветеринариялық паспорт беру» Павлодар облысының ветеринариялық станциясы ШЖҚ МКК-ның (қалалық және аудандық бөлімдерімен) құзыретіне кіреді.
2025 жылдың 3-тоқсанында «Ветеринариялық анықтама беру» қызметі бойынша – 24 039 қызмет, «Ветеринариялық паспорт беру» қызметі бойынша – 146 қызмет көрсетілді.
Павлодар облысының ветеринария басқармасы басшысының 2024 жылғы 5 желтоқсандағы №145 бұйрығына сәйкес «2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау іс-шараларын жүргізу туралы» 3-тоқсанда бақылау іс-шаралары Павлодар облысы ветеринария басқармасының «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК келесі ауылдық округтердің ветеринариялық пункттерінде өткізілді: Ақсан, Баянауыл, Бірлік, Жаңажол, Жанатілек, Күркелі, Қаратомар, Қызылтау, Құндыкөл, Сәтбаев, Торайғыр, Ұзынбұлақ ауылдық округтері және Баянауыл ауданы Майқайың кенті.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 2024 жылы – 10, 2025 жылы – 9 ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары мен бланкілерге қойылатын талаптарды бұзу фактісі анықталды.
Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 6 ұсыным енгізілді. Оның ішінде 5 ұсыным орындалды, 1 ұсыным – Жаңажол, Жанатілек, Құндыкөл және Сәтбаев ауылдық округтерінде жеке ветеринариялық пункт ашу мәселесі өзге мемлекеттік органдармен келіссөз деңгейінде қалып отыр.
Павлодар облысы ветеринария басқармасының «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК басшылығы тарапынан Сәтбаев, Жанатілек, Күркелі, Құндыкөл, Қызылтау ауылдық округтерінің ветеринариялық пункттері меңгерушілерінің міндетін атқарушыларынан және ветеринариялық фельдшерлерінен түсініктемелер алынып, олар ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды (2025 жылғы 29 тамыз №3-02/384 бұйрық).
2025 жылғы 16 қыркүйекте «Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызмет сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында 14 ветеринариялық қызметкер біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, сертификат алды.
3-тоқсанда 550 адамды қамтыған 19 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, оның ішінде:
- 15 іс-шара «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК Баянауыл аудандық бөлімінде өткізілді – бақылау іс-шараларының нәтижелері, ветеринария саласындағы жалпы мәселелер және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша;
-3 кеңес «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК Аққулы, Шарбақты және Екібастұз бөлімдерінде өткізілді – ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, стандарттар мен регламенттерді сақтау, анықтамаларды тегін беру ережелерін түсіндіру, ветеринариялық құжаттарды қабылдау, АШЖБ деректер базасын уақтылы жаңарту және өзгерістер туралы хабарлау мәселелері талқыланды;
- 1 ақпараттық жазба Instagram әлеуметтік желісіндегі ( vet_baskarma_pavlodar) ресми парақшада «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметі бойынша мемлекеттік және ресми тілдерінде орналастырылды: https://www.instagram.com/p/DNiIILGM26q/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MXJ4c2I1c2lhZGlsbg ==