Степногорск қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 12.10.2026 - 13.10.2026
Қабылдау 1 этап: 12.10.2026- 13.10.2026
Қабылдау 2 этап: 14.10.2026
Практикалық бағалау: 15.10.2026
Анықтама телефоны: 87164555654
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Мемлекеттік активтер және сатып алулар бөлімінің бас маманы, E-R-4
(Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының атынан
тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады. Конкурстық комиссияларға
оның мүшесі немесе хатшысы ретінде қатысады. Шартты жеңілдіктер
есептеулерін жүргізеді, сондай-ақ әлеуетті жеткізушілерге рұқсат беру немесе
қабылдамау туралы шешімдер қабылдайды. Конкурстық комиссияның мүшесі
ретінде қабылданатын шешімдер үшін дербес жауапты болады. Тапсырыс
берушілер ұсынған өтінім негізінде конкурстық, аукциондық құжаттаманы
әзірлеуге, сондай-ақ оны талқылауға және түзетуге қатысады. Мемлекеттік
сатып алуды өткізу туралы хабарландыруларды орналастырады, талқылау,
алдын ала рұқсат беру және қорытындылар хаттамаларын уақтылы
жариялайды. Аудиторлық есептерге бұрын жіберілген келіспеушіліктер
бойынша жоғары тұрған уәкілетті ішкі аудит органының қорытындыларының
қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қарайды. Жоғары тұрған уәкілетті ішкі
аудит органының қорытындылары келіп түскеннен кейінгі келесі жұмыс күні
нұсқамаға, одан әрі шағымданудың орындылығы туралы тікелей басшыға
баяндауға міндеттенеді. Бөлім басшысы ішкі мемлекеттік аудиттің жоғары
тұрған уәкілетті органының шешімімен келіскен және одан әрі ұйғарым мен
аудиторлық қорытынды алған жағдайда, бір жұмыс күнінен кешіктірмей
нұсқамада көрсетілген ішкі мемлекеттік аудиттің аумақтық уәкілетті
органының талаптарын орындау туралы хаттың жобасын тікелей басшыға
ұсынады. Қарапайым заттар экономикасына жататын тауарларды мемлекеттік
сатып алу бойынша жергілікті қамту үлесінің есептілігін қалыптастырады. Өз
құзыреті шегінде бөлімнің негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және
заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарайды. Тікелей басшыға
өтініш пен шағымға жауаптың жобасын өтініш берушіге жауаптың жобасын
жіберу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын ұсынуға
міндетті. Бөлімнің құзыреті шегінде анықтамаларды, баяндамаларға
материалдарды, ақпарат есептерін уақтылы және объективті жасау. ҚР Қаржы
министрлігінің, облыс әкімдігінің орталықтандырылған тапсырмаларын,
Басқарма басшылығының тапсырмаларын және бөлім басшылығының
тапсырмаларын белгіленген мерзімде және тиісті сапада орындау бойынша
жұмысты жүзеге асыру. Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы білуге,
сондай-ақ аталған саланың нормативтік-құқықтық актілеріне енгізілетін
өзгерістерді тұрақты негізде зерделеуге міндетті. Ішкі мемлекеттік аудиттің
жоғары тұрған уәкілетті органының қорытындылары мен хабарламаларының
түсуін бақылау. Бөлімнің апелляциялық шағымдарын қарау нәтижелері
бойынша жасалған ҚР Қаржы министрлігінің апелляциялық комиссиясының
хаттамаларының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қарау. Мемлекеттік
сатып алу туралы заңнама саласындағы құқықтық мәселелерді қарау кезінде
сотта, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда Бөлімнің мүдделерін
білдіру.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан
кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім:
экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару,
құқықтану, заңгер, бухгалтер, экономист
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі
немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Степногорск қаласының әкімдігі
Ұқсас материалдар
Степногорск қаласы бойынша берілген жер учаскелер ақпараты
Степногорск қаласы бойынша берілген жер учаскелер ақпараты № р/н құқықтың актінің нөмірі мен күні Жер учаскесін беру негізі Нысаналы мақсаты Ауданы га Жер учаскесінің орналасқан жері Құқық түрі, жалдау мерзімі 1 24....
Тамыз және қыркүйек айларында жер комиссиясының отырыстары өткізілген жоқ
Ақмола облысының 2026–2030 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру
Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Ақмола облысының 2026–2030 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу»жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулардың жари...
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Степногорск қаласы әкімінің аппаратыКонкурс туралы ақпаратҚұжаттарды қабылдау мерзімі: 13.10.2026 - 14.10.2026Қабылдау 1 этап: 13.10.2026- 14.10.2026Қабылдау 2 этап: 15.10.2026Практикалық бағалау: 16.10.2026Анықтама теле...
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Расул Рысмамбетов, қаржыгер, «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры: «Егер адам қарттық шағына қаражат жинамаса, мемлекет қалай да бір амалын тауып, «тегін қияр мен қызанақ» беретініне кә...
Степногорск қаласының Ақсу, Шаңтөбе кенттерінің сайланған әкімдерін тіркеу туралы хабарлама
Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес, 2026 жылғы 6 қазандағы № 23 шешімімен 2026 жылғы 4 қазанда сайлан...
Жер учаскесінің бөлігін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы
5 қазандағы 2026 жыл А-10/372 Жер учаскесінің бөлігін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы Қазақстан Республикасы «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 2-пунктінің 2) тармақшасында көрсетілг...
Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясының Степногорск қаласы Ақсу, Шаңтөбе кенттерінің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМАСЫ 2026 жылғы 4 қазанда Степногорск қаласы Ақсу, Шаңтөбе кенттерінің әкімдерін сайлау өтті. Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Кон...