ХАБАРЛАМАСЫ
2026 жылғы 4 қазанда Степногорск қаласы Ақсу, Шаңтөбе кенттерінің әкімдерін сайлау өтті.
Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Степногорск қаласы Ақсу, Шаңтөбе кенттерінің әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Ақсу кенті
Ақсу кентінің әкімін сайлау бойынша:
Кент бойынша сайлаушылар тізіміне 1665 азамат енгізілді, олардың 1036-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 35, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар- 53.
Әрбір кандидатқа берілген дауыс саны:
Макшанов Т.Д. – 569; Ержан Ә. – 159; Уахитов М.А.– 220.
Ақсу кентінің әкімі болып - Мақшанов Талғат Жұмағалыұлы, 1975 жылы туған, жеке кәсіпкер, «McShans» басшысы, Степногорск қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Шаңтөбе кенті
Шаңтөбе кентінің әкімін сайлау бойынша:
Кент бойынша сайлаушылар тізіміне 2369 азамат енгізілді, олардың 812-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар- 8.
Әрбір кандидатқа берілген дауыс саны:
Искакова А.А.– 11; Мұқанов Е.Б. – 403; Ловягина Л.А. – 388.
Шаңтөбе кентінің әкімі болып - Мұқанов Ержан Баялыұлы, 1973 жылы туған,Шаңтөбе кентінің әкімі, «Шаңтөбе кенті әкімінің аппараты» ММ, Шаңтөбе кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы