5 қазандағы 2026 жыл А-10/372
Жер учаскесінің бөлігін
мәжбүрлеп иеліктен шығаруды
бастау туралы
Қазақстан Республикасы «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 2-пунктінің 2) тармақшасында көрсетілген қоғамдық жайылымдарға халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін және «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-пунктіне сәйкес, Жер кодексінің 16-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 84-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасына, 85, 86, 87, 88-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69-баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, 2026 жылғы 23 қыркүйектегі Қарабұлақ ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Степногорск қаласы, Степногорск қаласының әкімшілік шекарасы мекенжайы бойынша орналасқан «Олжас» шаруа қожалығының басшысы Нұрлан Қайдарұлы Баймақовтың меншігіндегі кадастрлық нөмірі 01-018-078-095, алаңы 3812,0 га ішінен жайылым - 3812,0 га, оның ішінде жақсартылған жайылымдар - 2195,0 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатынан халықтың жеке қосалқы шаруашылығының ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және жайылымдарға деген қажеттіліктерін, соның ішінде қоғамдық жайылымдарды қанағаттандыру үшін мемлекеттік мұқтаждарға 1500,0 га жайылым алаңы бар жер учаскесінің бөлігін мәжбүрлеп иеліктен шығару процедурасын бастау.
- «Олжас» шаруа қожалығының басшысы Нұрлан Қайдарұлы Баймақовқа Степногорск қаласының босалқы жерлерінен алып қойылған жер учаскесінің орнына (жер пайдаланудың қалған мерзіміне) 640,0 га егістік жер берілсін.
- «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін:
1) жер учаскесін мемлекеттік мұқтаждар үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламаны Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына сәйкес заңды талап ретінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы жарияланғаннан кейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмей, жер пайдаланушыға жер учаскесін мемлекеттік мұқтаждар үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарламаны пошта арқылы, пошта жөнелтілімінің алынғаны туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, жіберуді;
3) жер пайдаланушының не уәкілетті мемлекеттік органның және ұйымның иеліктен шығарылатын жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін ұсынуын қамтамасыз етуді;
4) мемлекеттік мұқтаждар үшін иеліктен шығарылатын мүліктің құнын бағалауды жүргізуді;
5) мемлекеттік мұқтаждар үшін иеліктен шығарылатын мүліктің құнын бағалау нәтижелері бойынша он жұмыс күні ішінде мемлекеттік мұқтаждар үшін жер учаскесін иеліктен шығару туралы шарттың жобасын әзірлеуді және оны жер пайдаланушыға пошта арқылы, пошта жөнелтілімінің табыс етілгені туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, жіберуді;
6) жер пайдаланушы қаулымен келіспеген немесе мемлекеттік мұқтаждар үшін жер учаскесін иеліктен шығару туралы шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, жазбаша хабарламаны алған күннен бастап үш ай өткен соң, бірақ қаулыда айқындалған мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылатын мерзімнен (күннен) кешіктірмей, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті жер учаскесін алып қоюға байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы сотқа талап қою арызын беруді;
7) жер учаскесін мемлекеттік мұқтаждар үшін алып қоюға байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімінің жариялылығын қамтамасыз етуді.
- Меншік иесінің келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін жүгінетін орны ретінде «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Степногорск қаласы, 4 - шағынаудан, 1- ғимарат, айқындалсын.
- «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер пайдаланушыдан шарт жобасымен келісетіні туралы жазбаша өтінішті алған күннен бастап бір ай ішінде мемлекеттік мұқтаждар үшін жер учаскесін иеліктен шығару туралы шарттың жобасын келісуге Степногорск қаласының мәслихатына жіберсін.
- Жер учаскесін осы қаулы жарияланған күннен бастап алты айдан кешіктірмей мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі Т. Ерсейітов