№ 8С-55/2 шешім (Шортанды аудандық мәслихаты төрағасының аудандық мәслихаттың қызметі есебі туралы)

    Шортанды ауданының мәслихаты

    Шортанды аудандық мәслихаты

    төрағасының аудандық мәслихаттың

    қызметі есебі туралы

    Шортанды аудандық мәслихаты, VIII шақырылымның Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы Г.Ә. Сәдуақасованың «2025 жыл және 2026 жылдың 8 айындағы аудандық мәслихаттың қызметі туралы» есебін тыңдап және талқылай отырып, аудандық мәслихаттың өкілетті органның өкілеттіктерін іске асыру, оның қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, халықпен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді қарау бағытында жүйелі жұмыс жүргізгенін атап өтті.

    Есепті кезеңде аудандық мәслихаттың қызметі халықтың тыныс-тіршілігінің басым мәселелерін ескере отырып жүзеге асырылды. Олардың қатарында бюджетті қалыптастыру және атқару, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, автомобиль жолдарының жай-күйі, сумен және жылумен жабдықтау, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, жер қатынастары, кәсіпкерлік пен жұмыспен қамтуды қолдау, халықты әлеуметтік қорғау, абаттандыру және экологиялық мәселелер бар.

    Есепті кезеңде барлығы 22 сессия өткізіліп, 139 мәселе қаралды, тұрақты комиссиялардың 15 отырысы өткізіліп, 26 мәселе қаралды және 166 депутаттық сауал жолданды.

    Депутаттардың халықпен тұрақты өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жұмыстың маңызды бағыттарының бірі болды. Есепті кезеңде депутаттар 370 жеке қабылдау өткізіп, оған 381 сайлаушы қатысты. Сонымен қатар депутаттар халықпен және азаматтар жиындарында өткізілген 95 кездесуге қатысты.

    Халықтың өтініштері мен кездесулерінің қорытындысы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, автомобиль жолдарын жөндеу, сумен жабдықтау, көлік қатынасы, әлеуметтік қорғау, білім беру, жер қатынастары және жұмысқа орналастыру мәселелері көтерілді.

    Депутаттар қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларға қатысып, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға, оның ішінде балаларды жаңа оқу жылына дайындау аясында қолдау көрсетті.

    Шаруашылықтар мен кәсіпорындардың басшылары болып табылатын депутаттардың су тасқыны кезеңіне дайындық және су басу қаупіне байланысты ықтимал қауіп-қатерлерге ден қою жөніндегі іс-шараларды өткізуге техника, құрылыс материалдарын және басқа да қажетті ресурстар ұсыну арқылы қосқан үлесін атап өткен жөн.

    Жоғарыда баяндалғандардың негізінде Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы Г.Ә. Сәдуақасованың «Шортанды аудандық мәслихатының қызметі туралы» есебі назарға алынсын.

    2. Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы Г.Ә. Сәдуақасоваға:

    1) депутаттар корпусы қызметінің тиімділігін арттыру және депутаттық жұмыстың нысандары мен әдістерін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастырылсын;

    2) депутаттардың өз өкілеттіктерін, депутаттық бастамалары мен сайлауалды бағдарламаларын іске асырудағы белсенділігін одан әрі арттыруды қамтамасыз етсін;

    3) азаматтарды тұрақты қабылдау, халықпен кездесулер өткізу, депутаттардың жиындарға және елді мекендердің тұрғындарымен өткізілетін өзге де іс-шараларға қатысу практикасын жалғастырылсын;

    4) депутаттық сауалдардың, азаматтардың өтініштерінің және сессиялар, тұрақты комиссиялардың отырыстары мен депутаттық сағаттардың қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың қаралуы мен орындалуын бақылауды күшейтсін;

    5) аудандық мәслихат шешімдері мен тұрақты комиссиялар ұсынымдарының орындалуын бақылау жүйесін жетілдірілсін;

    6) депутаттар тұрғындардың өтініштері бойынша көтеретін мәселелердің шешілуіне, түпкілікті практикалық нәтижеге баса назар аудара отырып, жүйелі мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін;

    7) проблемалық мәселелерді тікелей елді мекендерде және әлеуметтік әрі коммуналдық инфрақұрылым объектілерінде көшпелі түрде қарау практикасын жалғастырылсын;

    8) қоғамдық бақылау және әлеуметтік маңызы бар объектілерге мониторинг жүргізу мәселелері бойынша ауданның Қоғамдық кеңесімен өзара іс-қимылды жалғастырылсын;

    9) аудандық мәслихат қызметінің ашықтығы мен жариялылығын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру, депутаттардың қызметі, қаралған мәселелер мен қабылданған шешімдер туралы халықты уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етсін.

    3. Шортанды аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына:

    1) аудандық мәслихат шешімдері мен тұрақты комиссиялар ұсынымдарының орындалуын бақылауды күшейтсін;

    2) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерін қарау кезінде оларды жан-жақты және нақты зерделеуді қамтамасыз етсін;

    3) аудан аумағында әлеуметтік маңызы бар және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты мәселелерге мониторинг жүргізсін;

    4) қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органдар тарапынан қосымша шаралар қабылдауды талап ететін мәселелерді сессиялардың қарауына шығарсын;

    5) халықтан келіп түсетін мәселелерді қарауды, олар бойынша қабылданған шараларға кейіннен бақылау жүргізуді қамтамасыз ете отырып, жалғастырылсын.

    4. Шортанды аудандық мәслихатының депутаттарына:

    1) өз сайлау округінің сайлаушыларымен тұрақты байланысты қамтамасыз ету, жылына кемінде бір рет оларға мәслихаттың, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының жұмысы, мәслихат шешімдерінің орындалуы, петициялардың қаралуы, сондай-ақ өзінің депутаттық қызметінің барысы туралы ақпарат беру, мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға және бақылауға қатыссын;

    2) депутаттық өкілеттіктерін белсенді жүзеге асыру және сессиялардың, тұрақты комиссиялардың отырыстары мен депутаттық сағаттардың жұмысына қатыссын;

    3) өзіне келіп түскен сайлаушылардың өтініштерін қарау және азаматтарды жеке қабылдауды жүргізсін;

    4) тұрғындардың өтініштеріне уақтылы ден қоюды және олардың қаралуын бақылауды қамтамасыз етсін;

    5) өз сайлау округінің сайлаушыларымен, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және ұйымдармен жылына кемінде екі рет кездесулер мен жиындар өткізсін;

    6) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму, бюджетті қалыптастыру және атқару, елді мекендерді дамыту және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру мәселелерін қарауға белсенді қатыссын;

    7) абаттандыру, экологиялық қауіпсіздік және «Таза Қазақстан» бастамасын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударсын;

    8) депутаттық өкілеттіктерді сапалы орындау үшін қажетті кәсіби білім мен құзыреттер деңгейін арттырылсын.

    5. Ауданның жергілікті атқарушы органдарына әлеуметтік маңызы бар жобалар мен іс-шараларды іске асыру кезінде халықпен кездесулердің, депутаттық сауалдардың, тұрақты комиссиялардың отырыстары мен көшпелі іс-шаралардың қорытындылары бойынша депутаттар корпусынан келіп түсетін ұсыныстарды ескеруді ұсынсын.

    6. Шортанды ауданының кенттері мен ауылдық округтерінің әкімдеріне:

    1) халық үшін әлеуметтік маңызы бар мәселелерді қарау кезінде аудандық мәслихат депутаттарымен сындарлы өзара іс-қимылды қамтамасыз етсін;

    2) елді мекендердің өзекті мәселелерін талқылауға, оларды шешу жөнінде ұсыныстар қалыптастыруға және тиісті іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізуге депутаттарды тартсын;

    3) аудандық мәслихат депутаттарынан келіп түсетін өтініштер мен ұсыныстарды уақтылы қаралсын;

    4) халықпен кездесулер өткізу және бірлесіп шешуді талап ететін мәселелерді қарау кезінде депутаттармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етсін.

    7. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихаттың

    төрағасыГ. Сәдуақасова

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    Шортанды аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 қазандағы № 8С-58/4 "2026 жылға арналған Шортанды ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешімі

    2026 жылға арналған Шортанды ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлы...

    Шортанды ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    № 8С-58/3 шешім (Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-14/4 «Шортанды аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы)

    Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-14/4 «Шортанды аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Респ...

    Шортанды ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    № 8С-58/2 шешім (Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С–37/2 «Шортанды ауданының округтік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы)

    Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С–37/2 «Шортанды ауданының округтік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Респуб...

    Шортанды ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    № 8С-58/1 шешім (Күн тәртібі)

    Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезектен тыселу сегізінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік...

    Шортанды ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Баяндама

    Шортанды аудандық мәслихатының депутаты М.Е. Бекішевтың 2026 жылғы 15 қыркүйектегі Шортанды аудандық мәслихатының кезекті елу бесінші сессиясында «Шортанды ауданында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, инвестициялар тарту және индустриялық аймақты дамыту шаралары туралы» мәселесі бойынша сөйлеген сөзі

    Бекішев М. Е.:Құрметті Гүлнұр Әнуарбекқызы, Сағындық Серікбайұлы, депутаттар! Құрметті сессияға қатысушылар! Бүгінгі қаралып отырған мәселенің Шортанды ауданы үшін маңызы зор. Өйткені кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция...

    Шортанды ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Есеп

    Шортанды аудандық мәслихатының депутаты Г.Ә. Сәдуақасованың 2026 жылғы 15 қыркүйектегі Шортанды аудандық мәслихатының кезекті елу бесінші сессиясында «Шортанды аудандық мәслихаты төрағасының аудандық мәслихаттың қызметі есебі туралы» мәселесі бойынша сөйлеген сөзі

    Сәдуақасова Г.Ә.:Құрметті депутаттар! Құрметті сессияға қатысушылар! Депутаттық жұмыс тек отырыстарға қатысу және шешім қабылдау ғана емес. Біріншіден, бұл адамдар алдындағы жауапкершілік, халықпен тұрақты диалог, тұрғын...

    Шортанды ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    № 8С-55/12 шешім (Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы)

    Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан...

    Шортанды ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 8С-1/5 «Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 8С-1/5 «Шортанды аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік және әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қатынастар, тұрғындардың денсаулығын қорғау, білім беру, мәдениет, за...

    Шортанды ауданының мәслихатыЖарияланды: