Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 9-бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 31-баптарына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы бірлескен қаулы мен шешімге 1-қосымшаға сәйкес, жалпы ауданы 2586,3979 гектар болатын Целиноград ауданы Қаражар ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
- «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер-есепке алу құжаттамасына тиісті өзгерістер енгізсін.
- Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Целиноград ауданының әкімі Д. Сабырғали, Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева.