Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69-бабының 4-тармағына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қабанбай батыр ауылында, талшықты оптикалық байланыс желісін жобалау және салу үшін ауданы – 5,2103 га жер учаскесіне 5 (бес) жыл мерзімге шектеулі пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін..
- «КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне:
1) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің нормаларын сақтасын;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шектеулі пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы жазбаша хабарлама жолдансын;
3) жер учаскесінің меншік иесімен жеке сервитут жасалсын.
4) «КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін пайдаланғаны үшін «Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен осы қаулының қосымшасына сәйкес Целиноград ауданының шекарасындағы мемлекеттік меншіктегі жерлерге жер учаскелерімен қауымдық сервитут шартын жасасын.
5) жұмыс аяқталғаннан кейін, бұзылған жер учаскелерін нысаналы тура мақсатта пайдалану үшін қалпына келтірсін.
- Жоғарыда қойылған мерзім өткен соң осы қаулының күші жойылсын деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Целиноград ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.