2026 жылғы 13 қыркүйек күні Целиноград ауданы Қоянды ауылының әкімін сайлауы өтті.
Целиноград аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10 бабына сәйкес, Целиноград ауданының Қоянды ауылының әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Қоянды ауылының бойынша
Қоянды ауылының әкімінің сайлауы:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 6422 азамат енгізілді, оның 605 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 24, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған – 4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Әнәпияев Е.Б. – 9; Нурхан К. – 94; Хавджалел Х. – 474.
Қоянды ауылының әкімі болып Хавджалел Хасамхан сайланды, 1983 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Қоянды ауылында тұрады, өзін-өзі тәртібімен ұсынылған.
Целиноград аудандық сайлау комиссиясы