Шортанды аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
№ 10 2026 жылғы 15 қыркүйекШортанды кенті
Шортанды ауданында
кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдау шаралары туралы
Шортанды ауданының «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ басшысы Е. Т. Нұржановтың «Шортанды ауданында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары туралы» ақпаратын тыңдап және талқылай келе, тұрақты комиссия ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға жәрдемдесу, инвестициялық және кәсіпкерлік жобаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Шортанды ауданында кәсіпкерлік және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, оларды іске асыруға кедергі келтіретін өзекті мәселелерді анықтау және мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде оларды шешуге жәрдем көрсету бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізіледі.
Аудан аумағында кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарын айқындау және бизнес субъектілерінің мемлекеттік қолдау шараларына қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында «Іскер аймақ» бағдарламасы бойынша жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобы «Іскер аймақ» бірыңғай шағын бизнесті қолдау бағдарламасының басым салаларының тізбесіне енгізу үшін экономикалық қызметтің басым түрлерін айқындады:
01.4 «Мал шаруашылығы»;
33.1 «Дайын металл бұйымдарын, машиналар мен жабдықтарды жөндеу»;
49.3 «Өзге де құрлықтағы жолаушылар көлігі қызметі»;
93.2 «Демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру жөніндегі қызмет»;
52.1 «Жүктерді қоймалау және сақтау»;
75.0 «Ветеринариялық қызмет».
Аталған бағыттарды айқындау ауданның өндірістік, агроөнеркәсіптік, көлік-логистикалық, туристік-рекреациялық және сервистік әлеуетін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, салық базасын ұлғайтуға және іскерлік белсенділікті арттыруға ықпал етеді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары шеңберінде кәсіпкерлерге заңнамадағы өзгерістер, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар, жеңілдікті қаржыландыру, кепілдік беру, субсидиялау және мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын алу мүмкіндіктері туралы ақпарат беріледі.
Сонымен қатар, тұрақты комиссия кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдаудың қолжетімді шаралары туралы ақпараттандыру, инвестициялық және кәсіпкерлік жобаларды сүйемелдеу және туындайтын проблемалық мәселелерді жедел шешу жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіру қажет деп есептейді.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шортанды ауданының «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ басшысы Е.Т. Нұржановтың «Шортанды ауданында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары туралы» ақпараты назарға алынсын.
2. Шортанды ауданының «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ-не (Е.Т. Нұржановқа):
- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікті кредиттеу, субсидиялау, кепілдік беру мүмкіндіктерін және заңнамада көзделген өзге де құралдарды қоса алғанда, қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру жөніндегі жұмысты жалғастырылсын;
- аудан аумағында іске асырылып жатқан кәсіпкерлік және инвестициялық жобаларды өзекті мәселелерді уақтылы анықтау және оларды өз құзыреті шегінде шешу жөнінде шаралар қабылдау мақсатында одан әрі сүйемелдеуді қамтамасыз етсін;
- инвестициялық және кәсіпкерлік жобаларға тұрақты мониторинг жүргізілсін;
- жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін себептерді талдау және оларды жою бойынша өз құзыреті шегінде шаралар қабылдансын;
- кәсіпкерлерді «Іскер аймақ» бағдарламасының басым бағыттарын іске асыруға тарту жөніндегі жұмысты жандандырылсын;
- «Aqmola» индустриялық аймағын ілгерілету жөніндегі жұмысты жалғастыру және әлеуетті инвесторларды тартуға жәрдем көрсетсін;
- кәсіпкерлік субъектілері арасында мемлекеттік бағдарламаларға қатысу және мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтсін;
- жаңа жұмыс орындарын құруды, өндіріс көлемін ұлғайтуды, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді, көлік-логистикалық және сервистік инфрақұрылымды дамытуды көздейтін жобаларды қолдауға ерекше назар аударсын;
- кәсіпкерлік және инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін жүйелі проблемалар анықталған жағдайда, берілген өкілеттіктер шегінде аудандық мәслихат пен аудан әкімдігіне тиісті ұсыныстар енгізу ұсынылсын.
4. Шортанды ауданының әкімдігіне кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялар тарту және аудан аумағында перспективалы жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты, оның ішінде «Іскер аймақ» бағдарламасының айқындалған басым бағыттарын ескере отырып, жалғастыру ұсынылсын.
5. Шортанды ауданының «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ Шортанды ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы РММ-мен бірлесіп, Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 қарашадағы № 8С–44/3 «Шортанды ауданында оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімімен белгіленген оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетудің тиімділігіне, оның ауданның шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне, сондай-ақ аудан бюджетінің кіріс бөлігін толықтыруға әсерін бағалай отырып, талдау жүргізсін.
Жүргізілген талдау нәтижелері туралы ақпаратты 2026 жылғы 15 қазанға дейін Шортанды аудандық мәслихатының «Аппараты» ММ-не ұсынсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тұрақты комиссияның
төрағасыЕ. Шахметов