ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУЫ
Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында белсенді жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 783 бірлікті (17 – ірі, 49 – орта және 717 – шағын кәсіпорындар) құрады, оның ішінде 712 өңдеу өнеркәсібінде жұмыс жасайды (13 – ірі, 44 – орта және 655 – шағын кәсіпорындар).
Қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында 1 125,9 млрд теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнім көлемі 12,4%-ға артты.
Өнеркәсіп саласында үлесі 87,9% құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 989,6 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 111,7% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларында оң өсу динамикасы қалыптасты: сусындар өндіру – 2,6 есеге, өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру – 165,8 %, металлургияда – 171,6 %, химия өнеркәсібі – 2,5 есеге, машина жасау – 139,2 %, резина және пластмасса бұйымдарын өндіру – 132,8 %, тамақ өнімдерін өндіру – 113,2 %, қағаз және қағаз өнімдерін өндіру – 111,3 %, жеңіл өнеркәсібі – 6,9 % өнім көлемі артқан.
Өнім көлемі төмендеген салалар:
- мұнай өнімдерін қайта өңдеуде – 9,9 %-ға (жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты а.ж. 27 наурызынан бастап 25 сәуіріне дейін «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС уақытша тоқтап тұрды. Есепті кезеңде мұнай өңдеуші зауыт өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 463,8 мың тонна мұнай аз өңдеді.).
- фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндіру – 1,8 %-ға (дәрі-дәрмектер өндіретін «Химфарм» АҚ-да қаптамалардың ірілендіруге байланысты натуралды түрдегі саны төмендеді).
ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР
Бүгінгі таңда қала аумағында жалпы алаңы 1 394 га құрайтын
8индустриялық аймақ жұмыс жасайды. Аталған индустриялық аймақтарда жалпы инвестиция көлемі 466,6 млрд теңгені құрайтын 353 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 10 022 жаңа жұмыс орны құрылып, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға және халықты жұмыспен қамтуға елеулі үлес қосылды.
«ОҢТҮСТІК» индустриялық аймағының жалпы аумағы 337 га құрайды. Аймақта жалпы құны 216,2 млрд теңгені құрайтын 97 жоба іске асырылуда. Аталған жобалар аясында 4 513 жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Оның ішінде 89 жоба пайдалануға беріліп, 3 763 жұмыс орны ашылды және оған 175,2 млрд теңге инвестиция тартылды.
«ТАССАЙ» индустриялық аймағының жалпы аумағы 89 га құрайды. Аймақта 88,2 млрд теңгеге2 495 жаңа жұмыс орнымен 42 жоба іске асырылуда. Оның ішінде жалпы құны 69,9 млрд теңгеге 37 жоба іске қосылып, онда 2 125 жұмыс орындары ашылды.
2026 жылы 30 жаңа жұмыс орындарын құрумен 0,75 млрд теңгеге
1 инвестициялық жоба іске асырылды.
Сауда-логистикалық орталығының жалпы аумағы 92 га құрайды.
Жалпы инвестиция көлемі 45,630 млрд теңге тұратын 6 жоба іске асырылып, 586жұмыс орындары құрылды.
Аймақта 3,090 млрд теңгеге180жұмыс орнын құрумен 2 жоба жүзеге асырылуда.
«ОҢТҮСТІК» арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы 225 га құрайды. Аймақта инвестициялық қоржыны жалпы құны 174,2 млрд теңге болатын 88 жобадан тұрады, онда 3,1 мың жұмыс орнын құруды көздейді.
Аталған аймақта жалпы инвестиция көлемі 81,5 млрд теңге тұратын 55 жоба іске асырылып, 1 358 жұмыс орындары құрылды.
«ЖҰЛДЫЗ» индустриялық аймағының жалпы аумағы 306 га құрайды. Аймақта инвестициялық құны 269,4 млрд теңге құрайтын, 2 686 жаңа жұмыс орындарын қамтитын 71 жоба іске асырылуда.
Бүгінгі таңда 58,1млрд теңге көлеміндегі 12 жоба іске асырылып,
1 030 жаңа жұмыс орны ашылды.
«БОЗАРЫҚ» агро-индустриялық аймағының жалпы аумағы 132 га құрайды. Аймақта жалпы құны 58,7 млрд теңгені құрайтын 21 жоба орналастыру жоспарланған. Бүгінгі таңда 0,7 млрд теңге инвестиция көлемімен 1 жоба іске асырылып, 18 жұмыс орны құрылды.
«ORDABASY» жеке индустриялық аймағының жалпы аумағы 95 га құрайды. Бүгінгі таңда 4,8 млрд теңге инвестиция көлемімен 145 жоба іске асырылып, 850 жұмыс орны құрылды.
«STANDARD» жеке индустриялық аймағының жалпы аумағы 118 га құрайды. Бүгінгі таңда аталған аймақтың 1-кезеңі (12 га, 27 132 ш.м.) құрылыс жұмыстарының 80% аяқталды. Онда шағын және орта бизнес субъектілері үшін жалға берілетін 25 өндірістік парктер орналастырылатын болады. Қазіргі таңда 192 жұмыс орындарын құрумен жалпы құны 3,8 млрд теңгеге7 жоба орналастырылған.
Қала аумағында 1 585 га аумақта қосымша 5 жаңа өндірістік алаңдарды құру жұмыстары жүргізілуде.
Сауда-логистикалық орталығы 136 га кеңейту. Кеңейту аясында жалпы сомасы 119,698 млрд теңгеге22жоба және 1310 жұмыс орны құрылу жоспарлануда.
Оның ішінде 27 млрд теңгені құрайтын «Кока Кола Алматы Боттлерс» БК» ЖШС-ның алкогольсіз сусындар зауыты іске қосылып, 100 жұмыс орны ашылды және құны 10,5 млрд теңгені құрайтын 3-ші желі құрылысы аяқталуда.
Қазіргі таңда «Сауда-логистикалық орталығы» индустриалды аймағының жалпы ұзындығы 4,1 км құрайтын көшелердің құрылыс жұмыстары 100 % аяқталды. Кәріз жүйесінің ішкі алаң жұмыстары толығымен жүргізіліп (15,1 км), сыртқы кәріз жүйесінің 100 % орындалды (11,3 км, насос орнату жұмыстары қалған). Су жүйесінің 17,1 км құрылыс жұмыстары 100 % орындалды. Электр жүйесі бойынша қуаты 6,3 МВт трансформатор 12 МВт ауыстыру үшін тиісті түзету жұмыстары жүргізілуде, мемлекеттік сараптамаға 13 сәуір күні тапсырылды. Бұдан басқа, табиғи газбен қамту жұмысы «Газовое хозяйство ШымкентГАЗ» ЖШС мердігер мекемесімен жүзеге асырылуда, аяқталу мерзімі қырқүйек айы, құрылыс құны – 328,9 млн теңге. Сауда логистикалық орталығы темір жол тұйығы «Кока Кола Ботллерс» ЖШС на тартылған жобасы қабылдау актісін алу жұмыстары жүруде. Сауда логистикалық орталығы темір жол тұйығының 2 кезеңіне техникалық тапсырма, басқарушы мекеме тарапынан әзірленуде.
2026 жылы «Жұлдыз» индустриялық аймағын 155 гектарға, ал «ОҢТҮСТІК» арнайы экономикалық аймақты 100 гектарға кеңейту бойынша жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда басқарушы компания тарапынан Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына техникалық тапсырма жолданған. Аталған жоба бойынша «МПК Проект» ЖШС жобалаушы мекеме ретінде жұмыстарын бастап кетті. Жобаның болжамды құны шамамен 22 млрд теңгені құрайды.
«Жұлдыз» индустриялық аймағында 3 791 жаңа жұмыс орындарын құрумен 209,4 млрд теңгеге 67 жобаны іске асыру жоспарлануда.
«Оңтүстік» АЭА аймақта 1781 жаңа жұмыс орындарын құрумен 92,6 млрд теңгеге 33 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Cондай-ақ, металлургия саласындағы жобалар іске асырылатын аумағы 1 076 га құрайтын қаланың оңтүстік-батыс бағытында «Темір» индустриялық аймағын құру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда индустриялық аймақ тұжырымдамасы әзірленіп, қала әкімдігінің қаулысы қабылданды. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан аталған аумақта жобаларға қажетті инженерлік-инфрақұрылымға қосылу нүктелерін анықтап, жобалау жұмыстарын жүргізу қажет. Сонымен қатар, жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару жұмыстары жүргізілуде.
ИНВЕСТИЦИЯ
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі (НКИ)
2026 жылғы қаңтар – тамыз айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 500,3 млрд теңге инвестиция тартылды.
Оның ішінде жеке инвестиция көлемі 433 млрд теңге құрады.
Ағымдағы жылы қала экономикасына 950 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту көзделуде. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға өсім көрсетеді.
Тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ)
Ағымдағы жылы Шымкент қаласы бойынша тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі мақсатты көрсеткіш Қазақстан Республикасы Үкіметімен 183 млн АҚШ доллары көлемінде бекітілген.
2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша 26,5 млн АҚШ доллары тікелей шетелдік инвестициялар тартылды .
Салалар бөлінісінде:
- өңдеу өнеркәсібі – 12,5 млн АҚШ доллары;
- өзге салалар – 14 млн АҚШ доллары.
Тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың едәуір бөлігі (47,1%) өңдеу өнеркәсібіне бағытталған, бұл қала экономикасы құрылымында аталған саланың басымдыққа ие екенін көрсетеді.
Инвестициялық жобалардың іске асырылуы
2026-2030 жылдар аралығында қала аумағында жүзеге асырылатын инвестициялық құны 4,46 трлн теңгені құрайтын 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 164 инвестициялық жобаның пулы жасақталды.
2026-2030 жылдарда өңдеу өнеркәсібі салаларында 3,5 трлн теңгеге
9 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарымен 110 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.
Жылдар бөлінісінде:
2026 жыл – 33 жоба, 71,1 млрд теңге, 1 399 ж.о.;
2027 жыл – 45 жоба, 170 млрд теңге, 2780 ж.о.;
2028 жыл – 19 жоба, 84 млрд теңге, 1893 ж.о.;
2029 жыл – 10 жоба, 407 млрд теңге, 1208 ж.о.;
2030 жыл – 3 жоба, 2 865 млрд теңге, 1955 ж.о.
Ірі инвестициялық жобалар(жүзеге асырылған, асырылуда, әлеуетті)
- СП «Кока-Кола Алматы Боттлерс» ЖШС (Түркия) – алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт, инвестициялық құны – 27 млрд теңге, 100 жұмыс орны құралды. Жоба 2024 жылдың қыркүйек айында іске қосылды.
- «Wan Sheng Ceramic» ЖШС (Қытай) – керамикалық тақташалар шығаратын зауыт, инвестициялық құны – 25,5 млрд теңге, 350 жұмыс орны құралды. Жоба 2024 жылдың қыркүйек айында іске қосылды.
- «QazAlPack» ЖШС – алюминий қаптамасын (ыдысын) шығаратын өндірісті жаңғырту, инвестиция көлемі 30 млрд теңге, 112 жұмыс орны құрылады. Жоба 2025 жылдың наурыз айында іске қосылды.
- «INTERTRANS C.A.» ЖШС – алкилат және полипропилен өндіретін мұнай-химия зауытының құрылысы, инвестиция көлемі 80 млрд теңге,
800 жұмыс орны құрылады. Жобаны 2028 жылы іске асыру жоспарлануда. Бүгінгі таңда, «Жұлдыз» индустриялық аймағынан бөлінген 30 га жер теліміне мемлекеттік акт алынды. - «Alsera KZ» ЖШС (Түркия) – жылыжай кешенінің құрылысы (1-кезең), инвестиция көлемі 110 млрд теңге, 1 750 жұмыс орны құрылады. Жобаны 2026 жылы іске асыру жоспарлануда. I кезең бойынша 40 гектар аумақта құрылыс жұмыстары аяқталып, 36 гектар жерге көшеттер отырғызылды. Алғашқы өнім 2025 жылғы қараша айында жиналды.
Қазіргі уақытта жобаның келесі кезеңінің құрылысы жалғасуда. Жыл соңына дейін қосымша 36 гектар жылыжайды іске қосу жоспарлануда.
- «Alsera KZ» ЖШС (Түркия) – жылыжай кешенінің құрылысы (2-кезең), инвестиция көлемі 210 млрд теңге. Жобаны 2028 жылы іске асыру жоспарлануда. II кезең бойынша 452 гектар жер учаскесі айқындалды. Қазіргі уақытта жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою жұмыстары жүргізілуде.
- «Fabe-Agro (Фабе-Агро)» ЖШС (Польша) – жылыжай кешенінің құрылысы – инвестиция көлемі 68 млрд теңге, 1 200 жұмыс орны құрылады. Жобаны 2028 жылы іске асыру жоспарлануда. Бүгінгі таңда
144 га жер телімі рәсімделді. Жер жұмыстары жүргізілуде, жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Алғашқы жылыжайлардың құрылысын
2026 жылдың соңына қарай аяқтау жоспарлануда. 2025 жылғы 31 қазанда Астана қаласында өткен «Kazakhstan Global Investmnt Roundtable» халықаралық инвестициялық форумы аясында «Fabe-Agro» ЖШС мен Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы м инистрлігі арасында инвестиция туралы келісімге қол қойылды. - «Казахский инновационный университет» ЖШС - Көпсалалы аурухана мен клиникалық-диагностикалық орталықтың құрылысы, инвестиция көлемі – 179,3 млрд теңге, 2000 жаңа жұмыс орындарын құрумен. Жобаны жүзеге асыру 2027 жылға жоспарланған.
- «TECHNOMAT Technological Materials Industry» ЖШС (Түркия) өндірістік деңгейдегі технологиялық материалдарды өндіруді дамыту және жергіліктендір, инвестиция көлемі 313 млрд теңге, 50 жұмыс орындарын құрумен. 2025 жылғы 31 қазанда Астана қаласында өткен «Kazakhstan Global Investment Roundtable» халықаралық инвестициялық форумы аясында «TECHNOMAT Technological Materials Industry» ЖШС мен Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
- «Shaanxi Construction Kazakhstan Co., Ltd» ЖШС (Қытай) - тұрмыстық қалдықтарды жағу арқылы электр энергиясын өндіру, инвестиция құны 55 млрд теңге, 200 жұмыс орындарын құрумен. 2025 жылғы
31 қазанда Астана қаласында өткен «Kazakhstan Global Investment Roundtable» халықаралық инвестициялық форумы аясында «Shaanxi Construction Kazakhstan Co., Ltd» ЖШС мен Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі арасында инвестиция туралы келісімге қол қойылды. - «AluTech» ЖШС Алюминий сымын өндіру жобасының инвестициялық құны 51 млрд теңге. 300 адамды жұмыспен қамтитын жобаға «Жұлдыз» индустриялық аймағынан 8,5 га жер телімі рәсімделді.
2028 жылы іске қосу жоспарлануда. Қазіргі уақытта жер жұмыстары жүргізілуде.
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС
Шымкент қаласында 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 132,8 мыңды (заңды тұлғалар – 23 мың бірлік, дара кәсіпкерлер – 105 мың бірлік, шаруа қожалықтары – 4,8 мың бірлік) құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 6,7 %-ға азайды.
2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 220,1 мың адамға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10% - ға азайған.
Өндірілген өнім көлемі бойынша 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында 922,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне
6,6% - ға артқан. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 52,3% - ға жетті.
Ескертпе: статистикалық деректемелер 1 тоқсан кешігіп жарияланады.
Кәсіпкерлікті қолдау шаралары
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысына сәйкес «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында кәсіпкерлікті қолдауға 2026 жылы 14,54 млрд теңге (республикалық бюджеттен – 12,59 млрд тг., жергілікті бюджеттен – 1,95 млрд теңге, оның ішінде: кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға 1,8 млрд теңге; кәсіпкерлік субъектілерін қолдау шаралары аясында қайтарымсыз мемлекеттік грантқа - 150,0 млн. теңге).
2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында жалпы кәсіпкерлік субъектілеріне 24,6 млрд теңгеге 1632 жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілді. Оның ішінде:
- Банк несиелерінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша 9,1 млрд теңгеге 1469 жобаға қолдау көрсетілді;
- «Өрлеу» бағдарламасы шеңберінде «Даму» КДҚ» АҚ тарапынан 15 жобаға 3,9 млрд теңге жеңілдетілген несие берілді;
- «1-Кепілдік қоры» кепілдендіру бағдарламасы аясында 101 жобаға 8,9 млрд теңге кепілдік берілген;
«Іскер аймақ» шағын және микрокәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 47 жобаға 2,7 млрд теңге жеңілдетілген несие берілді.
Арнаулы салық режимінің мөлшерін төмендету
2024 жылдан бастап кәсіпкерлерді ашық және адал салық төлеуге ынталандыру мақсатында арнаулы салық режимінің бөлшек салық мөлшерін 4 пайыздан 2 пайызға төмендетілді.
Осы салық түрінен бюджетке түсетін түсімдер 9 млрд теңгеден
31 млрд теңгеге немесе 3 есеге артты.
2025 жылы жаңа салық кодексіне сәйкес оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін 4 пайыздан 2 пайызға төмендету туралы шешім қабылданды. Бұл шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.
Шағын өнеркәсіптік аймақтар құрылысы
Сонымен, қатар, Шымкент қаласында шағын өнеркәсіп аймақтарды салу бағдарламасы шеңберінде құны 16,6 млрд теңгеге ( ӨДҚ – 9,8 млрд теңге, жеке инвестиция – 6,8 млрд теңге) 41,4 мың ш.м. құрайтын 3 жоба іске асырылуда: «Orda NS Building» ЖШС, «Standard Steel KZ» ЖШС және «Энерготранс-3» ЖШС.
Бүгінгі таңда шағын өнеркәсіптік аймақтардың құрылысына 15,2 млрд теңге бөлініп, 2025 жылы 36,4 мың ш.м. құрылысы аяқталды.
Анықтама үшін:
1) «Orda NS Building» ЖШС бүгінгі таңда ШӨА бойынша 23 920 ш.м. құрылысы аяқталды. Жалпы құрылыс-монтаж жұмыстары 100%-ға аяқталған. 2025 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру актісі беріліп, 3 кәсіпкермен келісім-шарт түзілді.
2) «Standard Steel kz» ЖШС бүгінгі таңда ШӨА бойынша 12 509 ш.м. құрылысы жүргізілуде. Жалпы құрылыс-монтаж жұмыстары 100%-ға аяқталған. Қазіргі таңда, 6 кәсіпкермен келісім-шарт түзілді.
3) «Энерготранс-3» ЖШС бүгінгі таңда ШӨА бойынша 4 964 ш.м. құрылысы (қоршау конструкцияларын монтаждау жұмыстары жүргізілді, ғимаратты әйнектеу, ішкі әрлеу және ішкі инженерлік желілерді жүргізу жұмыстары басталды) жүргізілуде. Жалпы құрылыс-монтаж жұмыстары 70%-ға аяқталған.
Құрылыс жұмыстары 2026 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарлануда.
Шағын өнеркәсіптік аймақтардың іске асырылуының нәтижесінде
50-ден астам шағын кәсіпорындар ашылып, 300 адам жұмыспен қамтылады және бюджетке 500 млн теңге салық түсімдері күтілуде.
ҚАЖ мекемелерінде сотталғандарды жұмыспен қамту шаралары
Бүгінгі таңда, Шымкент қаласында сотталғандардың саны орта есеппен 1970, ал ақылы жұмысқа орналастырылғандардың саны – 1517, пайыздық көрсеткіш 77 % құрап отыр.
№ 53, 54, 78 мекемелерінде жалпы 18 шағын және орта бизнес субъектілері жалпы ауданы 4598,9 ш.м. өндіріс аймақтарында 1218 сотталғанды ақылы жұмыспен қамтып отыр.
Сондай-ақ, «BS» ЖШС және «Еңбек» РМК тарапынан
№ 53 мекемесінде 700 ш.м. ангар құру жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңға 100%-ға аяқталды. А.ж. ақпан айынан бастап жаңадан соғылған ангарға
ЖК «Нишанкулов Аброр» тоқылмалы жиһаз өндеу өндірісін ашып, 55 сотталғанды жұмыспен қамтыған.
Сонымен қатар, №54 мекемесінде РМК «Еңбек-Шымкент» 600 шаршы метрлік үй-жай (ангар) құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
№54 және №53 қауіпсіздігі орташа мекемесінің аумағын шағын индустриялық аймақ ретінде тану мәселесі Өңірлік Үйлестіру кеңесінің отырысына енгізіліп, Кеңес отырысының 22.12.2025 жылғы № 13 және 22.01.2026 жылғы № 1 хаттамаларына сәйкес оң қорытынды берілді және бүгінгі таңда әкімдіктің қаулысы бектілді.
ҚАЛАНЫҢ ЖАЛПЫ САУДА КӨЛЕМІ
2026 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша бөлшек сауда көлемі 908,2 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,6% өсті.
Көтерме сауданың көлемі 2 183 млрд теңгені немесе 38,9% артты.
Қаланың жалпы сауда көлемі 3 097 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 27,5% артты.
ҚР Сауда және интеграция министрлігі бекіткен сауда базарларын жаңғырту жөніндегі Жол картаға 4 базар («Авто-Нұр», «Орталық қырғы» базар, «Назым апа», «Жабық базары») енгізілген. Бүгінгі таңда «Назым апа», «Жабық базарын» жаңғырту жұмыстары аяқталған. «Авто-Нұр», «Орталық қырғы» базарларын жаңғырту жұмыстары 2026 жылдың желтоқсан айының соңына дейін аяқталады.