Суды жеке есепке алу аспаптарын орнату мәселелері бойынша түсіндірме жүргізілді

    Шымкент қаласының әкімдігі

    Суды жеке есепке алу аспаптарын орнату мәселелері бойынша түсіндірмежүргізілді.

    Тұрғындардан суды жеке есепке алу аспаптарын (ЖЕА) орнату және пайдалану мәселелері бойынша келіп түсіп жатқан сұрақтарға байланысты төмендегіні түсіндіреміз.

    Қазақстан Республикасында энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту және цифрландыру жөніндегі мемлекеттік саясат жүзеге асырылуда.

    «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында коммуналдық ресурстарды есепке алудың заманауи жүйелеріне кезең-кезеңімен көшу көзделген. Сумен жабдықтау саласында 2029 жылға қарай есепке алу нүктелерінің 100 пайызын деректерді қашықтан беру мүмкіндігі бар есепке алу аспаптарымен қамтамасыз ету міндеті қойылған.

    Сондай-ақ коммуналдық ресурстарды есепке алудың бірыңғай цифрлық жүйесі – Smart Turmys жүйесін дамыту қарастырылған.

    Осылайша, көрсеткіштерді автоматты түрде беру мүмкіндігі бар есепке алу аспаптарына көшу – жекелеген сумен жабдықтау кәсіпорнының бастамасы емес, коммуналдық саланы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның бір бөлігі.

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 3 наурыздағы №77 бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 8 тамыздағы №295 бұйрықпен бекітілген «Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде суды есепке алу аспаптары мен жүйелерін таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларына» енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 2026 жылғы 27 наурыздан бастап күшіне енді.

    Аталған талаптарға сәйкес, есепке алу аспабын алғаш рет орнату немесе ауыстыру кезінде белгіленген техникалық талаптарға сәйкес келетін және деректерді автоматты түрде беру мүмкіндігін қарастыратын жабдықты пайдалану қажет.

    Бұл есепке алу аспаптарын алдағы уақытта цифрлық есепке алу жүйесіне интеграциялау және көрсеткіштерді қолмен беруден автоматтандырылған деректер алмасуға көшу үшін қажет.

    Жобаның іске асырылуы туралы

    Ұлттық жобаны іске асыру аясында «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС деректерді қашықтан беру мүмкіндігі бар 150 000 интеллектуалды есепке алу аспабын орнату жобасын әзірледі.

    Қазіргі уақытта жоба бойынша төрт уәкілетті органның шешімі алынды. Конкурстық рәсімдерді өткізуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.

    Келесі кезеңде конкурс өткізіліп, жобаны жүзеге асыратын мердігер ұйым анықталады.

    Жобаны қаржыландыру үшін қарыз қаражатының көзі табылса және конкурстық рәсімдер аяқталған жағдайда, жобаны 2027–2029 жылдар аралығында кезең-кезеңімен іске асыру жоспарланып отыр.

    Қаржыландыру мәселесі

    Бұл ретте келесі жайттарды атап өткен жөн.

    Ұлттық жоба аясында есепке алу аспаптары орнатылған жағдайда, оларды сатып алу және орнату шығындарын тарифтік сметаларға енгізу қажет болады.

    Сонымен қатар, табиғи монополиялар туралы қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес, қызмет көрсетуші есепке алу аспаптарын орнатуға міндетті, ал тұтынушы есепке алу аспаптарын сатып алу және орнатуға жұмсалған шығындарды өтеуге міндетті.

    Осыған байланысты нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу қажет.

    Қазіргі уақытта бұл мәселе тиісті министрліктер тарапынан қарастырылуда.

    Осыған орай, қазіргі уақытта аталған жоба аясында пәтерлердегі су есептегіш құралдары тегін орнатылып жатыр деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

    Жобаны іске асырудың келесі кезеңдері, есепке алу аспаптарын орнату шарттары мен мерзімдері туралы тиісті шешімдер қабылданғаннан кейін қосымша ақпарат берілетін болады

    Жүктеу
    3fc6861d1f132f20533f22c0ecfda4dced171527d440562484fd8d8f35e42892_original.350944.jpeg
    JPEG · 343 КБ
    Жүктеу
    750d14341358dc9861afc396b2d2ba10566a024c82603b0f624c4e8d84303a52_original.366182.docx
    DOCX · 358 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» Шымкент қаласының 2026 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша есебінің талдамалық анықтамасы

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» Шымкент қаласының 2026 жылдың3-тоқсанның қорытындысы бойынша есебінің талдамалық анықтамасы Шымкент қаласы...

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Бірыңғай есеп беру күнін өткізудің қорытындысы туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ЕСЕБІ

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шымкент қаласында сұйытылған мұнай газын жеткізуге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия отырысы ХАТТАМАСЫ

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шымкент қаласы бойынша 2026 жылдың IV тоқсанына сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Білім саласының негізгі көрсеткштері

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының «2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында атқарылған жұмыстары туралы есебі

    ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУЫ Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында белсенді жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 783 бірлікті (17 – ірі, 49 – орта және 717 – шағын кәсіпорындар) құрады, оның іш...

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының 2026 жылдың 8 айында атқарған жұмыстары туралы

    Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасына бекітілген штаттық құрылымға сәйкес 24мемлекеттік қызметкер бірлігі қарастырылған (1 басқарма орынбасары бос орын). Басқарма тарапынан 9 мемлекеттік қызмет көрсеті...

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шымкент қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы ақпараты

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне 13-қосымша Нысан Шымкент қаласы әкімдігінің2026 жылғы30 қыркүйектегіжағдай бойыншақабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы ақпараты №р/с Құқықтық актінің ата...

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды: