Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының 2026 жылдың 8 айында атқарған жұмыстары туралы

    Шымкент қаласының әкімдігі

    Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасына бекітілген штаттық құрылымға сәйкес 24 мемлекеттік қызметкер бірлігі қарастырылған (1 басқарма орынбасары бос орын).

    Басқарма тарапынан 9 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

    1. Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу;
    2. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру.
    3. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру.
    4. Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру.
    5. Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну.
    6. Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу.
    7. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру.
    8. Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу (1-этап).
    9. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру (қорытынды).

    Басқарма тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 2025 жылы жалпы 45 864 өтінім түскен, оның ішінде 38 155 мемлекетік қызмет көрсетілген, 7 709 мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған, 2026 жылдың 8 айында жалпы 29483 өтінім түссе, оның ішінде 22168 қызмет көрсетілген, 7315 қызмет бас тартылған.

    Арыз-шағымдар.

    2025 жылы басқармаға жеке және заңды тұлғалардан және мемлекеттік ұйымдардан жалпы 11 746 хаттар орындалған, «е-Өтініш» арқылы 4 433 хат, «Құжат айналым» жүйесі арқылы 4 099 хат.

    Шығыс хаттар саны– 3 214.

    2026 жылы 8 айда басқармаға жеке және заңды тұлғалардан және мемлекеттік ұйымдардан жалпы 12 757 хаттар орындалған, «е-Өтініш» арқылы 6463 хат, «Құжат айналым» жүйесі арқылы кіріс 3602 хат.

    Шығыс хаттар саны– 2692.

    Құқықтық қамтамасыз ету жұмыстары.

    2025 жылы Шымкент қаласы бойынша соттарда Қала әкімінің және Басқарманың атынан жауапкер ретінде 70 іске қатысты. Оның ішінде мемлекеттік органның пайдасына 58 іс, екінші тараптың пайдасына 8 іс, бітімгершілік татуласу (медиация) 4 іс, сот өндірісінде қаралып жатқан 18 іс.

    2026 жылы 8 айда қала бойынша соттарда 69 іске қатысты, мемлекеттік органның пайдасына 49 іс, екінші тараптың пайдасына 6 іс, бітімгершілік татуласу (медиация) 1 іс, қаралып жатқан 13 іс.

    Басқармасымен (әрі қарай - Басқарма) жобалық кеңседе бекітілген 3 индикатор, яғни бюджет, тұрғын үйлерді есепке алу және I-komek жүйесі бойынша тиісті жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылуда.

    I-komek жүйесі бойынша тұрғындардан 32 арыз шағымдар түсіп жауап берілген.

    2025 жылға қала аумағында 1 370 450 шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау жоспары бекітілді, 1 382 000 мың ш.м. есепке алынды.

    2026 жылы қала аумағында 1 408 000 шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау жоспары бекітілді, 8 айда 708 892 мың ш.м. есепке алынды.

    Басқармаға 2025 жылы жергілікті бюджет есебінен басқарманы күтіп ұстау және жұмысын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 208,6 млн. теңге қарастырылып толық игерілді.

    Басқармаға 2026 жылы жергілікті бюджет есебінен басқарманы күтіп ұстау және жұмысын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 302 млн. теңге қарастырылып мерзімінде иегерілуде.

    Шымкент қаласының Бас жоспары ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 қазандағы №916 қаулысымен бекітілген.

    Бас жоспарда қаланың 2035 жылға дейінгі ұзақ мерзімді перспективаларымен бірге, халық саны 1,2 млн. адамнан 1,9 млн. адамға өсуі көзделген.

    Қала аумағындағы заңсыз құрылыстар бойынша Басқармамен жыл басынан бүгінгі таңға дейін 2025 жылы құрылыс нысандарына мониторинг жүргізіліп, 545 құрылыс нысанына тиісті шара қабылдау үшін Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына жолданды. (2024 жылы 312 құрылыс нысанына тиісті шара қабылдау үшін жолданған.

    2026 жылы құрылыс нысандарына мониторинг жүргізіліп, 286 құрылыс нысанына тиісті шара қабылдау үшін Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына жолданды.

    Басқармамен 2025 жылы жарнама нысандарынан 1млд.46 млн. астам теңге бюджет қазынасына өндіруге жолданды.

    2026 жылы 8 айда 1 млд. 244 млн. теңге бюджет қазынасына өндіруге жолданды.

    Жоспар.

    Шымкент қаласы мәслихатының 27.06.2019 жылғы №51/429-6с шешімімен «Қала аумағындағы сыртқы көрнекі жарнаманы үй жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте жалпы ортаға пайдаланатын автомобиль жолдарының орналастыру тәртібімен шарттары туралы қағидасы» бекітілген болатын.

    ҚР «Жарнама туралы» заңына бірнеше өзгерістер енгізілуіне байланысты аталған шешімді жойып, қайта қабылдау туралы шешім жобасы әзірленіп, қайта бекітілуге ұсынылуда.

    Бұл өз кезегінде қала аумағының көше бойларында және көше бойларынан тыс жерлерде орналастын жарнама нысандарын реттеу тәртібіне оң өзгерістер енгізілетін болады.

    Сонымен қатар, қала аумағындағы жарнама нысандарынан түсетін салықтар қаланың республикалық мәртебесіне ие болуына байланысты қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдерді 2 млрд. теңгеге дейін ұлғ

    Жүктеу
    41a3f1c3511618be88ea7bf1e200357e378b248286121aeefa97fa1195031467_original.36346.docx
    DOCX · 35 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» Шымкент қаласының 2026 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша есебінің талдамалық анықтамасы

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» Шымкент қаласының 2026 жылдың3-тоқсанның қорытындысы бойынша есебінің талдамалық анықтамасы Шымкент қаласы...

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Бірыңғай есеп беру күнін өткізудің қорытындысы туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ЕСЕБІ

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шымкент қаласында сұйытылған мұнай газын жеткізуге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия отырысы ХАТТАМАСЫ

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шымкент қаласы бойынша 2026 жылдың IV тоқсанына сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Білім саласының негізгі көрсеткштері

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының «2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында атқарылған жұмыстары туралы есебі

    ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУЫ Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында белсенді жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 783 бірлікті (17 – ірі, 49 – орта және 717 – шағын кәсіпорындар) құрады, оның іш...

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Суды жеке есепке алу аспаптарын орнату мәселелері бойынша түсіндірме жүргізілді

    Суды жеке есепке алу аспаптарын орнату мәселелері бойынша түсіндірмежүргізілді. Тұрғындардан суды жеке есепке алу аспаптарын (ЖЕА) орнату және пайдалану мәселелері бойынша келіп түсіп жатқан сұрақтарға байланысты төменде...

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шымкент қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы ақпараты

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне 13-қосымша Нысан Шымкент қаласы әкімдігінің2026 жылғы30 қыркүйектегіжағдай бойыншақабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы ақпараты №р/с Құқықтық актінің ата...

    Шымкент қаласының әкімдігіЖарияланды: