Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының цифрлық инфрақұрылымында деректер витринасын қалыптастыру, жүргізу және жаңарту, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға деректер витринасына қол жеткізуді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының74-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалыныңцифрлықинфрақұрылымында деректер витринасын қалыптастыру, жүргізу және жаңарту, сондай-ақ уәкілетті органға деректер витринасына қол жеткізуді ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді Заң департаментіне ұсынсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының,
Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымы филиалының цифрлық
инфрақұрылымында деректер витринасын қалыптастыру,
жүргізу және жаңарту, сондай-ақ қаржы нарығы
мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау
жөніндегі уәкілетті органға деректер витринасына
қол жеткізуді ұсыну қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын
реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының
20__ жылғы «___» __________
№ ___қаулысымен бекітілді
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының цифрлық инфрақұрылымында деректер витринасын қалыптастыру, жүргізу және жаңарту, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға деректер витринасына қол жеткізуді ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалыныңцифрлықинфрақұрылымында деректер витринасын қалыптастыру, жүргізу және жаңарту, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) деректер витринасына қол жеткізуді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 74-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалыныңцифрлықинфрақұрылымында деректер витринасын қалыптастыру, жүргізу және жаңарту, сондай-ақ қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалдарының орнықтылығын талдау және тәуекелдерді ерте анықтау мақсатында уәкілетті органға деректер витринасына қол жеткізуді ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда қолданылатын ұғымдар мен терминдер Заңда көрсетілген мағыналарда қолданылады.
Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар да қолданылады:
1) сандық және логикалық көрсеткіштерді валидациялау – деректер типтерінің тұтастығын, ішкі бірізділігін, дұрыстығын және деректер витринасына берілетін жолдардың белгіленген логикалық қағидаларына сәйкестігін автоматты түрде тексеру процесі;
2) витриналық деректер пакеті – бұл негізгі дерекқорға тікелей жүгінбей талдау, есептілік немесе бақылау үшін ақпаратқа қауіпсіз қол жеткізуді қамтамасыз ететін, уәкілетті органға беру үшін деректер витринасында орналастырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының ішкі қоймасынан алынған деректердің құрылымдалған жиынтығы.
3) сертификатталған ұйым – цифрлық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес келетін, уәкілетті орган не сақтандыру ұйымы тартатын ұйым;
4) сақтандыру ұйымы – уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы;
5) Техникалық ерекше нұсқама – уәкілетті орган бекіткен, деректер витринасының құрамы, құрылымы, деректер типтері, жаңартылу кезеңділігі және валидацияның бизнес-қағидаларын айқындайтын құжат.
3. Деректер витринасы реттеушілік есептілікті ұсынудың қолданыстағы арналарын алмастырмайды және қайталамайды, бірақ сақтандыру ұйымы деректер витринасында қалыптастырылатын мәліметтер тізбесі бойынша қосымша жедел арна және (немесе) кеңейтілген егжей-тегжейлі арна ретінде пайдаланылады (осы Қағидаларға № 2 қосымша).
Деректер витринасына сақтандыру ұйымы витриналық деректер пакеттерін ұсынады.
4.Әрбір витриналық деректер пакеті үшін уәкілетті орган нұсқасы мен қолданысқа енгізілген күні көрсетілген жеке Техникалық ерекше нұсқаманы (осы Қағидаларға №1 қосымша) бекітеді.
2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалыныңцифрлықинфрақұрылымында деректер витринасын қалыптастыру тәртібі
5. Деректер витринасын сақтандыру ұйымының есепке алу, операциялық және талдау жүйелеріндегі деректер негізінде қалыптастырады және оған біріктірілген және егжей-тегжейлі мәліметтер кіреді.
Деректер витриналары сақтандыру ұйымының негізгі дерекқорына тікелей жүгінбей-ақ мақсатты және талдамалық есептерді қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
6. Витриналық деректер пакетін сақтандыру ұйымының осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Техникалық ерекше нұсқамаға (1-қосымша) сәйкес қалыптастырады.
Деректердің сапасына қойылатын талаптар әрбір витриналық пакет үшін Техникалық ерекше нұсқамада белгіленеді және оларға жолдардың міндетті түрде толтырылуы, рұқсат етілген мәндер, кестеаралық тұтастықты және логикалық үйлесімділікті тексеру, ауытқулардың шекті мәндері, қателер хаттамасының форматы және оларды жою мерзімдері кіреді.
7. Техникалық ерекше нұсқаманы уәкілетті орган сақтандыру ұйымдарымен келісуді Техникалық ерекше нұсқама жобасы жіберілген күннен бастап кемінде 10 (он) жұмыс күні мерзімінде жүзеге асырады.
8.Витриналық пакеттің көрсеткіштерін біріктіру және оларды есептеу әдіснамасын уәкілетті орган айқындайды және оны сақтандыру ұйымдары біркелкі қолданады.
9.Деректердің витриналық пакеттерін ұсыну мерзімдері Техникалық ерекше нұсқамада белгіленеді.
10.Техникалық ерекше нұсқамаға енгізілген әрбір көрсеткіш үшін уәкілетті органның деректерге қол жеткізуін, оларды алуды және Техникалық ерекше нұсқаманың талаптарына сәйкес жаңартуды қамтамасыз ететін тиісті машинамен оқылатын сәйкестендіруші жазылады.
11.Деректердің қосымша витриналық пакеттері қажет болған жағдайда уәкілетті орган жаңа Техникалық ерекше нұсқаманы жасайды, ол сақтандыру ұйымдарына ресми хатпен енгізілген күнін (жаңа витринаны қалыптастыруға арналған мерзімдерді) және деректер нысанын ұсыну мерзімдерін (жаңарту кезеңділігін) көрсете отырып жіберіледі.
12.Витриналық деректер пакетіне жауапты бөлімшенің басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
13.Сақтандыру ұйымдары деректердің белгіленген форматтар мен талаптарға сәйкестігін тексерудің автоматтандырылған құралдары арқылы деректердің сапасын бақылауды жүзеге асырады.
14.Сақтандыру ұйымдары уәкілетті органға ақпараттың құпиялылығы мен тұтастығын қамтамасыз ететін қорғалған байланыс арналары бойынша деректер витриналарына қол жеткізуді ұсынады.
Сақтандыру ұйымы сертификатталған ұйымға деректер витринасына қол жеткізуді ұсынуға құқылы.
3-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының цифрлық инфрақұрылымы деректерінің витринасын жүргізу тәртібі
15.Сақтандыру ұйымының уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес деректер витриналарын қалыптастыру, сақтау, өңдеу және беру үшін қажетті технологиялық инфрақұрылымды құруды, дамытуды және сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
16.Деректер витринасының технологиялық инфрақұрылымы мыналарды қамтамасыз етеді:
1)бірізді бағдарламалық интерфейс (API) арқылы уәкілетті органға «тек оқу үшін» режимінде қол жеткізуді ұсыну мүмкіндігімен сақтандыру ұйымдарының ішкі ақпараттық жүйелері негізінде деректер витриналарын автоматтандырылған қалыптастыру;
2) ішкі жүйелерден деректерді қолмен енгізуді қажет етпестен автоматты түрде алу;
3) сандық және логикалық өзара байланысты тексеру,міндетті жолдардың толтырылуын бақылау және қателер болған жағдайда сақтандыру ұйымдарын ескертуді қалыптастыру;
4)белгіленген кезеңділікке (тәулік, апта сайын, ай сайын және т.б.) сәйкес деректерді үнемі жаңарту;
5)сұрау салу күнінің алдындағы кемінде 5 жыл кезеңіндегі ағымдағы, сол сияқты тарихи көрсеткіштерді қамтитын құрылымдалған деректерді ұсыну;
6)уәкілетті орган бекітетін техникалық ерекше нұсқамаларға сәйкес
API-интерфейстер немесе басқа да техникалық шешімдер арқылы деректер витринасына қол жеткізуді ұсыну;
7)уәкілетті органның сұрау салуы бойынша белгіленген мерзімдерде машинамен оқылатын форматта деректер витринасын ұсыну мүмкіндігі;
8)деректерді рұқсатсыз кіруден, бұрмалаудан, жоғалтудан және ақпараттық қауіпсіздіктің өзге де қатерлерінен қорғау.
17.Сақтандыру ұйымдары деректер витринасының мәселелерін жүргізуді, сапасын бақылауды және уәкілетті органмен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін жауапты құрылымдық бөлімшені және уәкілетті қызметкерлерді (деректер иесін және техникалық әкімшіні) тағайындайды.
4-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалыныңцифрлықинфрақұрылымында деректер витринасын жаңарту тәртібі
18.Деректер витринасын жаңарту Техникалық ерекше нұсқамадабелгіленген мерзімділікпен автоматты түрде жүзеге асырылады. Жаңарту мерзімділігі, деректерді ұсыну форматы, сондай-ақ жаңартудың техникалық өлшемдері (деректерді берудің автоматтандырылған режимін қоса алғанда, егер ол бар болса) тиісті көрсеткіштер бойынша Техникалық ерекше нұсқамада белгіленеді .
19.Жаңарту процесінде іркіліс болған жағдайда сақтандыру ұйымы:
1) оқыс оқиғаны электрондық аудит журналында тіркейді;
2) уәкілетті органды бір жұмыс күні ішінде электрондық пошта арқылы хабардар етеді;
3) іркіліс себептерін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жояды .
20.Әрбіржаңарту кезінде мыналар автоматты түрде тексеріледі :
1)форматтардың толық болуы;
2)деректердің өзектілігі;
3)деректердің тұтастығы .
21.Жаңарту нәтижелері, соның ішінде уақыт белгілері лог-файлдарда сақталады және уәкілетті орган тарапынан ішінара тексеру үшін қарау режимінде қолжетімді болады.
5-тарау.Уәкілетті органға деректер витринасына қол жеткізуді ұсыну тәртібі
22.Уәкілетті орган Заңның 43-бабының 35) тармағына сәйкес бақылау және қадағалау функцияларын іске асыру кезінде сақтандыру ұйымының деректер витринасындағы көрсеткіштерді сұратады, алады және пайдаланады.
23.Осы Қағидалардың талаптарын орындау үшін деректер витринасына рұқсат беру Техникалық ерекше нұсқамаға сәйкес әзірленген, қажеттілігіне қарай толықтырылуы және өзектендірілуі мүмкін API арқылы жүзеге асырылады.
24.APIмашинамен оқылатын форматтарда деректерді автоматтандырылған алмасуды қамтамасыз етеді, қажетті ақпаратты, соның ішінде біріктірілген және егжей-тегжейлі көрсеткіштерді, сондай-ақ талдамалық есептеулердің нәтижелерін алу мүмкіндігін береді.
25.API мынадай функционалдық мүмкіндіктерді қолдайды:
1)Нақты уақыт режимінде деректерді сұрату және белгіленген регламенттерге сәйкес жаңартылған ақпаратты алу;
2)Техникалық ерекше нұсқамада айқындалған өлшемдер бойынша деректерді сүзгіден өткізу, сұрыптау және агрегаттау;
3)Алушылардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды қамтамасыз ететін машинамен оқылатын форматтарда деректерді алу ;
26.Сақтандыру ұйымы регламенттелген сақтау мерзімі шегінде деректер витриналарының үздіксіз қолжетімділігін, сондай-ақ ондағы ақпараттың өзекті, толық және сенімді болуын қамтамасыз етеді.
27.Сақтандыру ұйымы уәкілетті органның деректер витринасына қауіпсіз қашықтан қол жеткізуі үшін мыналарды қамтамасыз етеді:
1)уәкілетті орган ұсынатын шифрлау кілттерінің көмегімен уәкілетті органға VPN арнасы бойынша қосылу ;
2)деректер витринасының API-ға жүгінген кезде – сақтандыру ұйымы уәкілетті органға беретін токен және криптографиялық кілт бойынша екі факторлы аутентификациялау .
28.APIқол жеткізу аутентификациялау және авторизациялау құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады, бұл деректерді беру қауіпсіздігіне және қол жеткізу құқықтарын шектеуге кепілдік береді .
29.Қолжетімділікті ұсынудан заңсыз бас тарту, мерзімдерді, форматтарды немесе деректер сапасына қойылатын талаптарды бұзу қадағалау талаптарын бұзу ретінде қарастырылады және уәкілетті орган тарапынан тиісті қадағалап мән беру шараларын қолдануға алып келеді.
1-қосымша
Деректер витринасының техникалық ерекше нұсқамасының шаблоны
1. Жалпы мәліметтер
1.1. Деректер витринасының атауы
1.2. Ерекше нұсқаманың нұсқасы
1.3. Қолданысқа енгізілген күні
1.4. Деректер нысанын ұсыну мерзімдері
1.5. Қатысушылар шеңбері (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары)
1.6. Байланысатын тұлғалар: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы тарапынан (деректер мен техникалық байланысқа жауапты тұлға) және уәкілетті орган тарапынан.
2. Деректердің құрамы мен құрылымы
2.1. Витринаның тақырыптық блоктарының тізбесі (мысалы: сақтандыру портфелі, сақтандыру резервтері, шығындылық көрсеткіштері және т.б.).
2.2. Әрбір блок үшін – қысқаша сипатымен жолақтар кестесі:
- жолақтың атауы;
- мағынасы (нені көрсетеді);
- деректер типі және форматы (дата, сан, жол және т.б.);
- толтыру міндеттілігі;
- сақтандыру ұйымының ішіндегі қалыптастыру көзі (жүйе/модуль).
2.3. Біріктірілген көрсеткіштер немесе есептеулер пайдаланылған жағдайда – формулаларды, кіріс жолақтары мен дөңгелектеу қағидаларын қарапайым және бірмәнді сипаттай отырып, есептеу әдіснамасы көрсетіледі.
3. Сәйкестендірушілер және анықтамалықтар
3.1. Міндетті сәйкестендірушілер тізбесі (шарт, клиент, өнім), олардың бірегейлігі мен өзгермейтіндігіне қойылатын талаптар.
3.2. Рұқсат етілетін мәндерді көрсете отырып, қолданылатын анықтамалықтар мен кодтар тізімі (сала, мәртебе және т.б.).
4. Жаңарту және ұсыну мерзімдері
4.1. Әрбір блок бойынша жаңарту кезеңділігі (күн сайын/ай сайын және т.б.).
4.2. Есепті күннен кейінгі берудің соңғы мерзімдері (мысалы: жедел деректер – Т+1 жұмыс күніне дейін, толыққанды деректер – Т+2 жұмыс күніне дейін).
4.3. Бұрын берілген деректерді түзету тәртібі: түзетуге қашан рұқсат етіледі және түзету қалай жіберіледі.
5. Деректер сапасын тексеру
5.1. Деректерді берудің алдында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы тарапындағы бақылаудың базалық қағидалары: міндетті жолақтардың толықтығы, рұқсат етілген мәндер, негізгі көрсеткіштердің логикалық үйлесімділігі.
5.2. Қателер туралы хабарлама форматы және оларды белгіленген мерзімде жою тәртібі.
2-қосымша
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының деректер витринасында қалыптастырылатын мәліметтер тізбесі
№ |
Мәліметтер тобы |
Ақпараттың толыққанды тізбесі |
1 |
Сақтандыру өнімдері мен сақтандыру шарттары бойынша ақпарат |
- «жалпы сақтандыру» саласы бойынша қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша ақпарат; - «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша ақпарат; - залалдар бойынша ақпарат; - сақтандыру төлемдерінің статистикасы бойынша ақпарат; - қолданыстағы зейнетақы аннуитеті және аннуитеттік сақтандырудың өзге де түрлерінің қолданыстағы шарттары бойынша ақпарат; - ЖОМС шеңберінде жасалған қолданыстағы аннуитет шарттары бойынша ақпарат; - соңғы 12 (он екі) айда күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша ақпарат; - болжанатын төлемдердің құны бойынша ақпарат; - ЖОМС шарттары бойынша, оның ішінде сақтандыру пулы бойынша, зейнетақы алдындағы аннуитет шарттары бойынша, регрестік талаптар бойынша ақпарат; - сақтандырудың жүктелген түрлері бойынша ақпарат (сақтандырудың әрбір түрі бойынша: жасалған және қолданыстағы шарттардың саны, сақтандыру сыйлықақылары мен төлемдерінің көлемі); - жасалған, қолданыстағы және тоқтатылған сақтандыру шарттары бойынша деректер (шарттардың саны, сақтандыру сыйлықақылары, сақтандыру төлемдері); - тұрғын үйді сақтандыру бойынша деректер; - сақтандыру ұйымы өнім беруші ретінде қатысқан жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары туралы мәліметтер; - мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуы бойынша ақпарат; - орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындарды тізбекті баспалдақ әдісі бойынша инфляцияға түзетусіз есептеу бойынша ақпарат; -орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындарды тізбекті баспалдақ әдісі бойынша инфляцияға түзетумен есептеу бойынша ақпарат; - Борнхбюттер-Фергюсон әдісімен орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резервін есептеу бойынша ақпарат; - КҚИ АҚЖМС шарттары бойынша ақпарат; - кешенді сақтандыру шарттары бойынша ақпарат. |
2 |
Сақтандыру төлемдері мен сақтандыру жағдайлары бойынша ақпарат |
- есепті кезеңде орын алған сақтандыру жағдайлары туралы мәліметтер; - Еурохаттама бойынша ақпарат; - сақтандыру төлемін толық төлемеуге және (немесе) уақтылы төлемеуге байланысты сот шешімдері туралы мәліметтер; - клиенттердің жолданымдары және шағымдарды қарау бөлігінде нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындау бойынша ақпарат. |
3 |
Бірыңғай сақтандыру дерекқоры (БСДҚ) бойынша ақпарат |
- БСДҚ-мен салыстырып тексеру шеңберінде ұсынылатын деректер (ай сайынғы негізде); - БСДҚ-мен деректерді салыстырып тексеру нәтижелері, оның ішінде: oшарттардың саны; oсақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің көлемі; oсақтандыру төлемдерінің саны; oанықталған алшақтықтар бойынша түсініктемелер; - БСДҚ-да сұратылатын мәліметтергеұқсас мәліметтер: oЕурохаттама бойынша деректер (шарттар саны, сақтандыру сыйлықақылары, сақтандыру төлемдері және өзге де көрсеткіштер); oбелгілі бір күнге уақытша кіру бойынша статистика; oбелгілі бір күнге шетелдік көлік құралдары бойынша статистика. |
4 |
Қаржылық ақпарат |
- жалпы және әкімшілік шығыстардың (ЖӘШ) барлық баптарын ашып көрсету; - өзге де активтерді ашып көрсету; - басшы қызметкерлердің пайдасына төленген және тоқтатыла тұрған сыйақыларды ашып көрсету; - акционерлерге төленген дивидендтер туралы ақпарат; - кассалық операциялар туралы ақпарат. |
5 |
Ұйымдастырушылық ақпарат және цифрлық инфрақұрылым бойынша мәліметтер |
- штат кестесі; - филиалдардыашу, жабу және қайта тіркеу, мекенжайларды өзгерту, тіркеу деректерінің басқа да өзгерістерін қоса алғанда, филиалдардың құрылымы мен қызметіндегі өзгерістер туралы мәліметтер; - ресми сайттардан, мобильді қосымшалардан, ішкі сақтай орындары мен өзге де ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты қоса алғанда,есепті кезеңде орын алған тәуекелді оқиғалар туралы мәліметтер. |
6 |
Басқа да ақпарат |
- Агенттер тізілімі |