«Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары, сондай-ақ сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасу тәртібі және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 44 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1.«Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары, сондай-ақ сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасу тәртібі және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 44 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32835 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидаларында, сондай-ақ сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасу тәртібін және мерзімдерін осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4.Осы қаулыалғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы |
Аты-жөні |
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы «__»________ №__ қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Басқармасының
2023 жылғы «7»маусымдағы
№44 қаулысына қосымша
Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары, сондай-ақ сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасу
тәртібі және мерзімдері
Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары, сондай-ақ сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасу тәртібі және мерзімдері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 15-бабының 6) тармақшасына және 227-бабы 4-тармағының тармақшасына сәйкес әзірленді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қағидаларда Цифрлық кодексте көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) цифрлық жүйе – цифрлық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған цифрлық технологиялардың, қызмет көрсететін қызметкерлердің және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
2) «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» цифрлық жүйесі (бұдан әрі – «МОДБ» АЖ) – мүгедектікті белгілеу, еңбек ету қабілетінен айырылу, абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде куәландырудан өткен адамдар бойынша деректерді сақтау мен өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
3) сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі – CБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым) – «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) сәйкес сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым;
4) сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқор – сақтандыру ұйымы, сақтанушы, сақтандырылушы және пайда алушы туралы ақпараттың жиынтығы (оның ішінде цифрлық нысанда);
5) сақтанушы – Кодекстің 226-бабына сәйкес зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жеке тұлға;
6) сақтандырылушы – зейнетақы аннуитеті шартында айқындалған және зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес сақтандыру төлемдерін алушы болып табылатын жеке тұлға;
7) сақтандыру сыйлықақысы – басқа сақтандыру ұйымымен немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалымен зейнетақы аннуитеті шартын бұзу кезінде алынған, сақтанушының таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымына немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалына зейнетақы аннуитетін сатып алуға жіберген зейнетақы жинақтары және (немесе) сатып алу сомасы;
8) Жөнелтуші қор:
міндетті зейнетақы жарналары салымшысының (салымшыларының), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның (жеке тұлғалардың) және (немесе) зейнетақы төлемдерін алушының (алушылардың) зейнетақы жинақтары сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын немесе зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісім жасауына байланысты сақтандыру ұйымына аударылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры;
сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын немесе зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісім жасауға байланысты ерікті зейнетақы жарналары есебінен салымшының (салымшылардың) және (немесе) алушының (алушылардың) зейнетақы жинақтары аударылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры не ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры;
9) Алушы қор – Кодекстің 226-бабының 13-тармағына сәйкес сақтанушының (сақтанушылардың) өтінішіне байланысты қайтарылуға жататын ақша сомасы аударылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры;
10) өтініш беруші - міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы және (немесе) оған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға;
11) сақтандыру ұйымының ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша зейнетақы аннуитеті шартын жасау туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш) – сақтандыру сыйлықақысын есептеу және өтініш берушіні (өтініш берушілерді) және (немесе) зейнетақы төлемдерін алушыны (алушыларды) және (немесе) сақтанушыны (сақтанушыларды) (немесе) сақтандырылушыны (сақтандырылушыларды) идентификаттау үшін қажетті деректерді қамтитын құжат;
12) алушы – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушы;
13) жөнелтуші сақтандыру ұйымы – зейнетақы аннуитеті шартының бұзылуына байланысты сатып алу сомасы басқа сақтандыру ұйымына аударылатын сақтандыру ұйымы және (немесе) оған сақтандыру төлемдерінің мөлшерін ұлғайту немесе азайту бөлігінде өзгерістер енгізілуіне байланысты Алушы қорға қайтарылуға жататын ақша сомасы;
14) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган - әлеуметтік-еңбек саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
2. Зейнетақы аннуитеті шарты немесе зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісім Қағидалардың 4-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың негізінде жазбаша нысанда жасалады.
3. Зейнетақы аннуитеті шарты немесе зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісім өтініш берушінің (өтініш берушілердің) және (немесе) алушының (алушылардың) және (немесе) сақтанушының (сақтанушылардың) сақтандыру ұйымына жазбаша өтініші арқылы жасалады.
Зейнетақы аннуитеті шарты Жөнелтуші қор және (немесе) жөнелтуші сақтандыру ұйымы сақтандыру сыйлықақысының сомасын сақтандыру ұйымына толық көлемде аударған сәттен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
2-тарау. Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу тәртібі
4. Өтініш беруші (өтініш берушілер) және (немесе) алушы (алушылар) және (немесе) сақтанушы (сақтанушылар) зейнетақы аннуитеті шартын жасасу мақсатында сақтандыру ұйымына мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің (өтініш берушілердің) және (немесе) алушының (алушылардың) және (немесе) сақтанушының (сақтанушылардың) зейнетақы аннуитеті шартын жасасу, сақтандыру сыйлықақысын сақтандыру ұйымына аудару және оларды CБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйымға және (немесе) Жөнелтуші қорға және (немесе) жөнелтуші сақтандыру ұйымына беру үшін қажетті Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының цифрлық жүйелеріне жіберілетін сұрау салуларды жинауға, өңдеуге келісімі жазбаша түрде және (немесе) келісімнің алыну фактісін растауға мүмкіндік беретін цифрлық сервистер арқылы электрондық түрде (бұдан әрі – Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім) беріледі;
3) өтініш берушінің (өтініш берушілердің) және (немесе) алушының (алушылардың) және (немесе) сақтанушының (сақтанушылардың) жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (идентификаттау үшін);
4) өтініш берушінің (өтініш берушілердің) және (немесе) алушының (алушылардың) және (немесе) сақтанушының (сақтанушылардың) банктік деректемелері туралы мәліметтер;
5) өтініш беруші (өтініш берушілер) және (немесе) алушы (алушылар) және (немесе) сақтанушы (сақтанушылар) өтініш беруші және (немесе) алушы және (немесе) сақтанушы және (немесе) сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда зейнетақы аннуитеті шартында пайда алушы ретінде көрсетуге ниет білдірген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6) сақтандырылушының (сақтандырылушылардың) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) сақтандырылушыда (сақтандырылушыларда) мерзімсіз уақытқа (қайта куәландыру мерзімі жоқ) белгіленген бірінші, екінші немесе үшінші мүгедектіктің бар екені туралы мәліметтер.
5. Өтініш берушінің және (немесе) алушының және (немесе) сақтанушының өтінішпен жеке жүгінуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, өтініш беруші және (немесе) алушы және (немесе) сақтанушы жеке немесе заңды тұлғаға (бұдан әрі - сенім білдірілген тұлға) сақтандыру ұйымының атауын және өтініш берушінің және (немесе) алушының және (немесе) сақтанушының атынан өтінішке және зейнетақы аннуитеті шартына қол қою өкілеттіктерін көрсетіп, өтінішпен жүгінуге нотариат куәландырған сенімхат береді.
6. Сенім білдірілген тұлға өтініш берушінің және (немесе) алушының және (немесе) сақтанушының атынан өтініш беру мақсатында Қағидалардың 4-тармағының 1), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен қатар, сақтандыру ұйымына:
1) нотариат куәландырған сенімхатты;
2) өтініш берушінің және (немесе) алушының және (немесе) сақтанушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын (идентификаттау үшін) да ұсынады.
7. Сақтандыру ұйымы өтініш берушіге (өтініш берушілерге) және (немесе) алушыға (алушыларға) және (немесе) сақтанушыға (сақтанушыларға) немесе сенім білдірілген тұлғаға:
1) Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған;
2) өтініш беруші (өтініш берушілер) және (немесе) алушы (алушылар) және (немесе) сақтанушы (сақтанушылар) Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында, 221-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың санаттарына сәйкес келмеген;
3) Кодекстің 225-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген және зейнетақы аннуитеті шартын жасасу күні қолданыста болатын мөлшерден төмен емес төлемді қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған;
4) өтініш берушінің (өтініш берушілердің) және (немесе) алушының (алушылардың) және (немесе) сақтанушының (сақтанушылардың) немесе сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат жарамсыз болған;
5) сенім білдірілген тұлға сенімхатының қолданыс мерзімі аяқталған не сенім білдірілген тұлғаның сенімхаты Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген (сенім білдірілген тұлға арқылы өтініш жасаған кезде) жағдайларда зейнетақы аннуитеті шартын жасасу мүмкін еместігінің себептерін көрсете отырып, дәлелді жазбаша жауап береді.
8. Сақтандыру ұйымының интернет-ресурсын пайдалана отырып зейнетақы аннуитеті шартын жасау кезінде сақтандыру ұйымы:
1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21425 болып тіркелген «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 140 қаулысында көзделген кез келген тәсілмен өтініш берушіні (өтініш берушілерді) және (немесе) алушыны (алушыларды) және (немесе) сақтанушыны (сақтанушыларды) идентификаттауды;
2) өтініш берушінің (өтініш берушілердің) және (немесе) алушының(алушылардың) және (немесе) сақтанушының (сақтанушылардың) оның дербес деректерін жинауға, өңдеуге және оларды СБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйымға және (немесе) Жөнелтуші қорға және (немесе) жөнелтуші сақтандыру ұйымына беруге келісімін электрондық нысанда алуды;
3) өтініш берушіге (өтініш берушілерге) және (немесе) алушыға (алушыларға) және (немесе) сақтанушыға (сақтанушыларға) зейнетақы аннуитеті шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту туралы хабарламаны (Қағидалардың 7-тармағына сәйкес бас тарту себептерін көрсете отырып) электрондық хабар түрінде дереу жіберуді;
4) өтініш берушінің (өтініш берушілердің) және (немесе) алушының (алушылардың) және (немесе) сақтанушының (сақтанушылардың) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша ақпаратты сақтандыру ұйымының цифрлық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігін;
5) зейнетақы аннуитеті шартын өтініш беруші (өтініш берушілер) және (немесе) алушы (алушылар) және (немесе) сақтанушы (сақтанушылар) үшін тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, құжаттардың сканерленген көшірмелері қоса берілген цифрлық нысанда сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында сақтауды;
6) өтініш берушіге (өтініш берушілерге) және (немесе) алушыға (алушыларға) және (немесе) сақтанушыға (сақтанушыларға) сақтандыру ұйымына:
мәліметтерді өзгерту, оның ішінде қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісім жасасу;
Кодексте көзделген жағдайларда зейнетақы аннуитеті шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру төлемін алу үшін қажетті ақпаратты цифрлық нысанда жасау және жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
9. Сақтандыру ұйымы Қағидалардың 4-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген ақпаратты СБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым арқылы тексереді.
10. Өтініш беруші (өтініш берушілер) және (немесе) алушы (алушылар) және (немесе) сақтанушы (сақтанушылар) немесе сенім білдірілген өкіл ұсынған құжаттарға ескертулер болмаған кезде сақтандыру ұйымы:
1) өтініш берушіні (өтініш берушілерді) және (немесе) алушыны (алушыларды) және (немесе) сақтанушыны (сақтанушыларды) немесе сенім білдірілген тұлғаны сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдері мөлшерінің есептерімен таныстырады;
2) зейнетақы аннуитеті шартын немесе зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісім ресімдейді;
3) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін алады.
11. Қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген кезде, өтініш беруші (өтініш берушілер) және (немесе) алушы (алушылар) және (немесе) сақтанушы (сақтанушылар) немесе сенім білдірілген тұлға Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады, ал сақтандыру ұйымы Қағидалардың 7, 8 және 10-тармақтарында көрсетілген әрекеттерді жасайды.
3-тарау. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару тәртібі
12. Сақтандыру ұйымы жөнелтуші қорға СБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым арқылы зейнетақы жинақтарын аудару үшін қажетті мәліметтерді жібереді.
13. Сақтандыру ұйымы мен жөнелтуші қор арасында СБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым арқылы деректер алмасу тәртібі мен мерзімдері Қағидалардың 6-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
14. Зейнетақы жинақтарын жөнелтуші қордан сақтандыру ұйымына аудару үшін сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу туралы СБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйымнан алынған электрондық хабарлама негіз болып табылады.
15. СБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйымнан электрондық хабарлама алғаннан кейін жөнелтуші қор хабарламада қамтылған мәліметтерді 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексеруді жүзеге асырады.
16. Егер Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 221-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адам өтініш беруші және (немесе) алушы болып табылса, Жөнелтуші қор СБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым арқылы өтініш берушіде және (немесе) алушыда мерзімсіз (қайта куәландыру мерзімінсіз) белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің болуы туралы ақпаратты алады.
Егер Кодекстің 221-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлға өтініш беруші және (немесе) алушы болып табылса, жөнелтуші Қор өзінің цифрлық жүйесінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) ай төлеу фактісін тексереді.
17. Жөнелтуші қор мына жағдайларда зейнетақы жинақтарын аударудан бас тартады:
1) өтініш берушінің және (немесе) алушының жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтарының болмауы не өтініш берушінің және (немесе) алушының атына ашылған жеке зейнетақы шотының болмауы;
2) міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) ерікті зейнетақы жарналарын (болған кезде) есепке алу үшін өтініш берушінің және (немесе) алушының жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарын аудару туралы хабарлама келіп түскен күнге зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген зейнетақы жинақтарының сомасынан аз болуы;
3) егер өтініш беруші және (немесе) алушы Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 221-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлға болып табылса, өтініш берушіде және (немесе) алушыда мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің белгіленуі туралы мәліметтердің болмауы;
4) егер Кодекстің 221-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлға өтініш беруші және (немесе) алушы болып табылса, жиынтығында күнтізбелік 60 (алпыс) айдан аз зейнетақы жинақтарын аудару туралы хабарлама келіп түскен күнге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу.
18. Жөнелтуші қор СБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйымнан электронды хабарламаны алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – № 208 қағидалар) айқындалған тәртіпке, сондай-ақ төлем жүйелерінің операторы немесе операциялық орталығы бекіткен хабарламалар форматтарына сәйкес зейнетақы жинақтары сақтандыру ұйымына аударылатын жеке тұлғалар көрсетілген жиынтық төлем хабарламасын қалыптастырады және зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару үшін оны өзінің кастодиан банкіне жібереді.
19. Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары сомасы аударылған күні жеткіліксіз болған жағдайда, Жөнелтуші қор сақтандыру бойынша дерекқорларды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан алынған электрондық хабарлама болған кезде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарына қосымша ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын аударады.
20. Сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитеті шарты тараптарының келісімімен айқындалған жазбаша немесе өзге тәсілмен өтініш берушінің және (немесе) алушыны зейнетақы жинақтарының келіп түскені туралы олар сақтандыру ұйымының шотына есепке жатқызылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Сақтандыру ұйымының хабарламасында түскен зейнетақы жинақтарының сомасы көрсетіледі.
21. Жөнелтуші қордың кастодиан-банкі № 208 қағидалармен айқындалған форматтағы жиынтық төлем тапсырмасымен ресімделген төлем хабарламасын және төлем жүйелерінің операторы немесе операциялық орталығы бекіткен хабарламалар форматтарына сәйкес өтініш берушінің және (немесе) алушының қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы Жөнелтуші қордан келіп түскен хабарламаны алған кезде, оны Жөнелтуші қор бастамашылық еткен күні өтініш берушінің және (немесе) алушының міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген Экономика секторларының кодтарын және төлемдердің мақсаты кодтарын қолдану қағидаларына (бұдан әрі – № 203 қағидалар) сәйкес айқындалатын төлем мақсаты кодтарын көрсете отырып, сақтандыру ұйымына аударады.
22. Аударым жасалатын міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын сақтандыру қорына қайтару кезінде Жөнелтуші қор сақтандыру ұйымынан зейнетақы жинақтарын қайтару күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіні және (немесе) алушыны сақтандыру ұйымынан зейнетақы жинақтарын қайтару туралы жазбаша немесе өзге де тәсілмен хабардар етеді.
23. Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымынан қайтарған кезде Жөнелтуші қор сақтандыру сыйлықақысын қабылдайды.
Сақтандыру ұйымының жинақталған зейнетақы қаражатын қайтаруға арналған төлем тапсырмасын қалыптастыруы № 208 және № 203 Қағидаларда бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Сақтандыру ұйымы қайтару сомасын, сондай-ақ ол бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын Жөнелтуші Қорға қайтару жүзеге асырылатын төлем тапсырмасының нөмірі мен күнін көрсете отырып, № 208 қағидаларда және төлем жүйелерінің операторы немесе операциялық орталығы бекіткен хабарламалар форматтарында айқындалған тәртіппен жинақталған зейнетақы жинақтарын қайтаруға арналған жиынтық төлем тапсырмасын қалыптастырады.
4-тарау. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына сатып алу сомасын аудару тәртібі
24. Сақтанушы зейнетақы аннуитеті шартын бұзу және сатып алу сомасын жаңа сақтандыру ұйымына аудару мақсатында Қағидалардың 2-тарауына сәйкес жаңа зейнетақы аннуитеті шартын жасау кезінде қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шарты туралы мәліметтерді (шарттың нөмірі мен жасалған күні, сақтанушының ЖСН-і) ұсынады.
Жаңа сақтандыру ұйымы СБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым арқылы жаңа зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және сатып алу сомасын аудару үшін қажетті сақтанушының қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шарты туралы мәліметтерді алады.
25. Сақтанушының жеке өтініш жасау мүмкіндігі болмаған жағдайда сақтанушының өтінішімен жеке немесе заңды тұлғаға (бұдан әрі – сенім білдірілген тұлға) нотариалды куәландырылған сенімхат береді іс-әрекеттерді жасауға зейнетақы аннуитеті шартын бұзу және сақтандыру ұйымының атауын және сенімхатта сақтандыру ұйымының атауын және сақтанушының (сақтанушылардың) атынан өтінішке қол қою құқығын көрсете отырып, сатып алу сомасын аудару үшін қажет.
26. СБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйымнан жаңа сақтандыру ұйымымен немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті сақтандыру ұйымының филиалымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу туралы алынған электрондық хабарлама зейнетақы аннуитеті шартын бұзу және жөнелтуші сақтандыру ұйымы үшін сатып алу сомасын басқа сақтандыру ұйымына аудару үшін негіз болып табылады.
Хабарламада бұзылатын зейнетақы аннуитеті шартының нөмірі мен жасалған күні, сақтанушының ЖСН-і, жөнелтуші сақтандыру ұйымының бизнес-сәйкестендіру нөмірі және жаңа зейнетақы аннуитеті шартының нөмірі қамтылуға тиіс.
27. Зейнетақы аннуитеті шарты бұзылған кезде СБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым арқылы бір сақтандыру ұйымы мен басқа сақтандыру ұйымы арасында деректермен алмасу тәртібі мен мерзімдері Қағидалардың 6-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген келісіммен электрондық хабарламалардың құрамы мен форматтары, оларды алуды және өңдеуді растау тәртібі, техникалық іркілістер кезінде хабарламаларды қайта беру тәртібі, сондай-ақ олардың қайта орындалуын болдырмау мақсатында бұрын жіберілген хабарламаларды сәйкестендіру тәртібі айқындалады.
28. Жөнелтуші сақтандыру ұйымы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген келісімде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде сатып алу сомасын сақтандыру ұйымына аударуды жүзеге асыру туралы не бас тарту себептерін көрсете отырып, сатып алу сомасын сақтандыру ұйымына аударуды жүзеге асырудан бас тарту туралы СБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйымды хабардар етеді.
29. Жөнелтуші сақтандыру ұйымы сатып алу сомасын аударудан мынадай жағдайларда бас тартады:
1) хабарламада көрсетілген сатып алу сомасы зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген сатып алу сомасына сәйкес келмейді;
2) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сатып алу сомасын аудару туралы хабарлама осындай шарт жасалған күннен бастап 2 (екі) жылдан аз мерзімді құрайтын мерзімде келіп түст.
5-тарау. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сатып алу сомасын Жөнелтуші қорға аудару тәртібі
30. Кодекстің 226-бабының 13-тармағына сәйкес Алушы қорға қайтарылуға жататын ақша сомасын аудару мақсатында сақтанушы Жөнелтуші сақтандыру ұйымына келесі құжаттарды ұсынады:
1) Жөнелтуші сақтандыру ұйымының ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту және Алушы қорға ақшаны қайтару бөлігінде Шарт талаптарын өзгерту туралы өтініш (бұдан әрі - шарт талаптарын өзгерту туралы өтініш);
2) сақтанушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және оның түпнұсқасы (идентификаттау үшін)
31. Сақтанушының шарт талаптарын өзгерту туралы өтiнiшпен жеке жүгiнуi мүмкiн болмаған жағдайда сақтанушы сенімхатта Жөнелтуші сақтандыру ұйымының атауын және сақтанушының атынан шарт талаптарын өзгерту туралы өтінішке қол қою өкілеттігін көрсете отырып, шарт талаптарын өзгерту туралы өтінішпен жүгіну үшін сенім білдірілген тұлғаға нотариат куәландырған сенімхат береді.
32. Шарт талаптарын сақтандыру төлемдерінің сомасын азайту және Алушы қорға ақшаны қайтару бөлігінде өзгерту үшін Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген құжаттардан бөлек сенім білдірілген тұлға Алушы қорға мыналарды қосымша ұсынады:
1) нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы немесе егер сенімхатта бір мезгілде бірнеше ұйымда сенім білдірушінің мүдделерін білдіру құқығы болса, оның нотариат куәландырған көшірмесі;
2) сақтанушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
3) сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және оның түпнұсқасы (идентификаттау үшін).
33. Жөнелтуші сақтандыру ұйымы шарт талаптарын өзгерту туралы өтініште толтырылатын мәліметтерді көрсетудің дұрыстығын тексереді және сақтанушыға немесе сенім білдірілген тұлғаға Жөнелтуші сақтандыру ұйымының ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді, онда ұсынылған құжаттардың толық тізбесі және олардың қабылданған күні көрсетіледі.
34. Жөнелтуші сақтандыру ұйымы құжаттарды қабылдау кезінде сақтанушыға немесе сенім білдірілген тұлғаға шарт талаптарын өзгерту туралы өтінішті келесі жағдайларда қабылдау және орындаудың мүмкін болмауының себептері көрсетілген негізді жазбаша жауап ұсынады:
1) Қағидалардың 30 және 32-тармақтарында көзделген құжаттар топтамасының толық көлемде өткізілмеуі;
2) шарт талаптарын өзгерту туралы өтініш берілген күні сақтанушының немесе сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың жарамсыздығы;
3) сақтандыру төлемдерінің сомасын азайту және Жөнелтуші қорға ақшаны қайтару бөлігінде шарт талаптарын өзгерту туралы өтініш берілген күні сақтандыру төлемдерінің сомасын азайту және Жөнелтуші қорға ақшаны қайтару бөлігінде шарт талаптарын өзгерту үшін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сатып алу сомасының жеткіліксіздігі;
4) шарттың талаптарын өзгерту туралы өтініш осындай шарт жасалған күннен бастап 2 (екі) жылдан аз мерзімді құрайтын мерзімде келіп түсті.
35. Сақтандыру ұйымы-жөнелтуші сақтанушыға немесе сенім білдірілген тұлғаға сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту және мына жағдайларда Жөнелтуші қорға ақшаны қайтару бөлігінде шарт талаптарын өзгерту туралы оның өтінішін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде шарт талаптарын өзгерту туралы өтінішті орындаудың мүмкін еместігінің себептерін көрсете отырып, жазбаша нысанда уәжді жауап жібереді:
1) сақтанушының жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ЖСН, зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ЖСН сәйкес келмеген жағдайда;
2) сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту және шарттың талаптарын өзгерту туралы өтініш берілген күні Алушы қорға ақшаны қайтару бөлігінде шарттың талаптарын өзгерту үшін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сатып алу сомасы жеткіліксіз болғанда;
3) Қағидалардың 30 және (немесе) 32-тармақтарына сәйкес ұсынылған құжаттардың Кодекстің талаптарына сәйкес келмеуі;
4) шарттың талаптарын өзгерту туралы өтініш осындай шарт жасалған күннен бастап 2 (екі) жылдан аз мерзімді құрайтын мерзімде келіп түсті.
36. Жөнелтуші сақтандыру ұйымы шарттың талаптарын өзгерту туралы өтінішті алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде төлем жүйесі арқылы № 208 қағидаларда және хабарлар форматтарында айқындалған тәртіппен жиынтық төлем тапсырмасымен аударады, жеке тұлғаларды және № 203 қағидаларға сәйкес төлемдер белгілеу кодтарын көрсете отырып, төлем жүйелерінің операторы немесе операциялық орталығы бекіткен және оны ақша қаражатын Алушы қорға қайтару үшін өзінің кастодиан банкіне береді.
Шарттың талаптарын өзгерту туралы өтінішті қарау кезеңінде сатып алу сомасының өзгеруі Алушы қорға қайтарылуға тиіс ақша сомасын аударудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
37. Алушы қор Жөнелтуші сақтандыру ұйымынан қайтарылуға жататын ақша сомасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды Алушы қордың ішкі құжаттарында анықталған тәртіппен сақтанушының жеке зейнетақы шоттарына аударады.
6-тарау. Сақтандыру ұйымы, СБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым және Жөнелтуші қор арасында зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасу тәртібі мен мерзімдері
38. Жөнелтуші қор мен сақтандыру ұйымы арасында, бір сақтандыру ұйымы мен басқа сақтандыру ұйымы арасында Зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасу және бұзу, қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде ақпарат алмасу сақтандыру ұйымы мен СБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым арасында, Жөнелтуші қор мен СБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым арасында жасалған тиісті келісімдерде белгіленген тәртіппен, СБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым арқылы жүзеге асырылады.
39. Сақтандыру ұйымы мен СБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым арасында, СБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым мен Жөнелтуші қор арасында алмасуға жататын ақпарат Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген келісімдерде айқындалған мәліметтерді қамтиды, оның ішінде өтініш берушінің немесе алушының және (немесе) сақтанушының дербес деректерін, сақтандырылған тұлғаның дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімінің болуы.
40. Сақтандыру ұйымы өтініш берушімен (өтініш берушілермен) немесе алушымен (алушылармен) және (немесе) сақтанушымен (сақтанушылармен) зейнетақы аннуитеті шартын немесе зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісім жасаған/бұзған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген келісімде айқындалған тәртіппен өтініш берушімен (өтініш берушілермен) немесе алушымен (алушылармен) және (немесе) сақтанушымен (сақтанушылармен) жасалған/бұзылған зейнетақы аннуитеті шарты немесе зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісім туралы электрондық хабарламаны СБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйымға жібереді.
41. СБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйым Қағидалардың 40-тармағына сәйкес сақтандыру ұйымынан электрондық хабарламаны алған күні алынған мәліметтерді өңдеуді жүзеге асырады және Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген келісімде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде Жөнелтуші қорға және (немесе) сақтандыру ұйымына тиісті электрондық хабарламаны береді.
42. Жөнелтуші қор және (немесе) сақтандыру ұйымы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген келісімде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде СБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйымнан алынған электрондық хабарламаны өңдеуді жүзеге асырады.
Егер өтініш беруші (өтініш берушілер) немесе алушы (алушылар) Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 221-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлға болып табылса, Жіберуші қор «МОДБ» АЖ-дан өтініш берушіде (өтініш берушілерде) немесе алушыда (алушыларда) мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы белгіленген мүгедектіктің бар-жоғы туралы мәліметтерді сұратады.
Өтініш беруші (өтініш берушілер) немесе алушы (алушылар) Кодекстің 221-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлға болып табылса, Жөнелтуші қор Жөнелтуші қордың цифрлық жүйесінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының жиынтығында кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) ай төлену фактісін тексереді.
43. Жөнелтуші қор Қағидалардың 42-тармағының талаптарына сәйкес келетін, СБДҚ-ны қалыптастыру жөніндегі ұйымнан сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу туралы мәліметтерді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтініш берушінің (өтініш берушілердің) немесе алушының (алушылардың) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударады.
Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы аудару күніне жеткіліксіз болған кезде Жөнелтуші қор өтініш берушінің (өтініш берушілердің) немесе алушының (алушылардың) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын аударуға келісімі болған кезде және олар міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарына қосымша болған кезде, өтініш берушінің (өтініш берушілердің) немесе алушының (алушылардың) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын аударады.
44. Сақтандыру ұйымы Қағидалардың 42-тармағының талаптарына сәйкес келетін, СБДҚ-ны қалыптастыру жөніндегі ұйымнан сақтанушының (сақтандырушылардың) жаңа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасуы туралы мәліметтерді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сатып алу сомасын жаңа сақтандыру ұйымына аударады.
45. Жөнелтуші қор және (немесе) жөнелтуші сақтандыру ұйымы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген келісімде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде СБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйымды сақтандыру сыйлықақысын және (немесе) сатып алу сомасын сақтандыру ұйымына аударудың жүзеге асырылғаны туралы не сақтандыру сыйлықақысын сақтандыру ұйымына аударудан бас тартылғаны туралы, бас тарту себебін көрсете отырып, мынадай жағдайларда хабардар етеді:
1) СБДҚ қалыптастыру жөніндегі ұйымның электрондық хабарламасында көрсетілген өтініш берушінің (өтініш берушілердің) және (немесе) алушының (алушылардың) және (немесе) сақтанушының (сақтанушылардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ЖСН-і жөнелтуші қордың немесе сақтандыру ұйымының деректер базасында көрсетілген тегіне, атына, әкесінің атына (ол болған жағдайда), ЖСН-іне сәйкес келмеген жағдайда;
2) өтініш берушінің (өтініш берушілердің) және (немесе) алушының (алушылардың) Кодекстің 207-бабы 1-тармағында, 220-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында, 221-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдардың санаттарына сәйкес келмеуі;
3) егер әр сақтандырылушыға ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшері сақтандыру төлемдерінің кестесіне сәйкес Кодексте белгіленген және зейнетақы аннуитеті шартын жасасу күніне қолданылатын мөлшерден кем болса;
4) егер зейнетақы жинақтарын аудару күні өтініш берушінің (өтініш берушілердің) немесе алушының (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомасы міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) ерікті зейнетақы жарналарын (бар болса) есепке алу үшін зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген зейнетақы жинақтарының сомасынан кем болса;
5) зейнетақы аннуитеті шартын немесе зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісім жасасу күні өтініш берушінің (өтініш берушілердің) немесе алушының (алушылардың) және (немесе) сақтанушының (сақтандырушылардың) жеке басын куәландыратын құжаттың жарамсыздығы;
6) зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан адамның қайтыс болуы.
46. СБДҚ-ны қалыптастыру жөніндегі ұйым:
1) Жөнелтуші қор немесе сақтандыру ұйымы сақтандыру сыйлықақысының сомасын сақтандыру ұйымына аударған кезде СБДҚ-да зейнетақы аннуитеті шартының немесе зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісімнің мәртебесін «күшіне енбегеннен» «күшіне енгенге» өзгертеді;
2) Жөнелтуші қор немесе сақтандыру ұйымы сақтандыру сыйлықақысының сомасын сақтандыру ұйымына аударған кезде СБДҚ-да зейнетақы аннуитеті шартының немесе зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісімнің мәртебесін «күшіне енбегеннен» «сақтандыру сыйлықақысын аударудан бас тартуға» бас тарту себебін көрсете отырып өзгертеді;
3) осы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген келісімде айқындалған форматпен және мерзімдерде сақтандыру ұйымына өңделген мәліметтерді береді.
47. Сақтандыру ұйымы жазбаша түрде немесе зейнетақы аннуитеті шарты тараптарының келісімімен айқындалған өзге тәсілмен өтініш берушіге (өтініш берушілерге) немесе алушыға (алушыларға) 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
1) сақтандыру сыйлықақысын алған күннен бастап - сақтандыру сыйлықақысының сомасын көрсете отырып сақтандыру сыйлықақысының келіп түскені және зейнетақы аннуитеті шартының немесе зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісімнің күшіне енгені туралы;
2) Жөнелтуші қордың немесе сақтандыру ұйымының сақтандыру сыйлықақысын сақтандыру ұйымына аударудан бас тарту себебін көрсете отырып бас тарту туралы мәліметтерді СБДҚ-ны қалыптастыру жөніндегі ұйымнан алған күннен бастап хабарлайды.
7-тарау. Қорытынды ережелер
48. Өтініш берушінің (өтініш берушілердің) және (немесе) алушының (алушылардың) және (немесе) сақтанушының (сақтандырушылардың) зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) Жөнелтуші қордан (жөнелтуші сақтандыру ұйымынан) сақтандыру ұйымына аударуға байланысты шығыстар Жөнелтуші қордың (жөнелтуші сақтандыру ұйымының) өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Алушы қорға, сақтанушыға (сақтанушыларға) қайтарылуға жататын ақша сомасын Жөнелтуші сақтандыру ұйымынан Алушы қорға аударуға байланысты шығыстар Жөнелтуші сақтандыру ұйымының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
49. Егер құжаттың түпнұсқасымен бірге көшірмесінің дұрыстығын куәландыру, сенімхатты куәландыру бөлігінде нотариаттық іс-әрекеттер шет мемлекетте жүргізілген жағдайда, онда Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, оларды заңдастыру қажет.