«Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 45 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 131 қаулысы

    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

    «Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 45 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

    1.«Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 45 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32831 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартында:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «20___жылғы «__» ________№ ______________

    зейнетақы аннуитетінің үлгілік шарты

    Сақтандыру ұйымы немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы

    _______________________________________________________________

    (сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-

    _______________________________________________________________

    сақтандыру ұйымы филиалының толық атауы және орналасқан жері)

    бұдан әрі «Сақтандырушы» деп аталады, Жарғы (Ереже), қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган «өмірді сақтандыру» саласы бойынша «Зейнетақы аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берген

    20___жылғы «____» ___________ №______ лицензия және Сақтандырушы бекіткен «Зейнетақы аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша сақтандыру қағидалары негізінде іс-әрекет жасайтын

    _______________________________________________________________

    (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)), арқылы бір жағынан, және

    Жеке тұлға (Жеке тұлғалар)

    _______________________________________________________________

    (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)),

    _______________________________________________________________

    туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат,

    _______________________________________________________________,

    (сериясы, нөмірі)

    _______________________________________________________________

    _____ жылы «_____»_______________________________________берген,

    (берілген күні)(кім берген)

    _______________________________________________________________

    (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)),

    _______________________________________________________________

    туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат,

    _______________________________________________________________,

    (сериясы, нөмірі)

    _____ жылы «_____»_______________________________________ берген,

    (берілген күні)(кім берген)

    бұдан әрі «Сақтанушы» немесе «Сақтанушылар» (екінші сақтанушы болған кезде) деп аталады, екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталады, төмендегілер туралы осы Зейнетақы аннуитеті шартын (бұдан әрі – Шарт) жасады:»;

    1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Сақтанушы (Сақтанушылар) Шартқа сәйкес Сақтандырушыға сақтандыру сыйлықақысы сомасын беруге міндеттенеді, ал Сақтандырушы сақтандырылушының (сақтандырылушылардың) пайдасына сақтандыру төлемдерін өмір бойы жүзеге асыруға міндеттенеді.

    Сақтанушы (Сақтанушылар) бір мезгілде Шарт бойынша сақтандырылған (сақтандырылғандар) болып табылады.

    2. Сақтанушының (Сақтанушылардың) сақтандыру сыйлықақысының мөлшері ___________ (цифрлармен және жазумен) теңгені құрайды және ___________ (цифрлармен және жазумен) теңге мөлшерінде басқа сақтандыру ұйымынан сатып алу сомасынан және ____________ теңгеден (цифрлармен және жазумен) (екінші сақтанушы болған кезде), ____________ теңге (цифрлармен және жазумен) мөлшерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жинақталған зейнетақы жинақтарынан және ___________ теңгеден (цифрлармен және жазумен) (екінші сақтанушы болған кезде), ___________ (цифрлармен және жазумен) теңге мөлшерінде Сақтанушының жеке қаражатынан және __________ теңгеден (цифрлармен және жазумен) тұрады.»;

    5-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады;

    8-тармақ алып тасталсын;

    10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «10. Сақтанушы (Сақтанушылар) және (немесе) сақтандырылушы (сақтандырылушылар) қайтыс болған жағдайда, Сақтандырушы отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға ________ (цифрлармен және жазумен) теңге мөлшерінде, бірақ әрбір Сақтанушыға (екінші сақтанушы болған жағдайда) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тиісті қаржы жылына арналған айлық есептік көрсеткіштің кемінде 35 еселенген мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлем түріндегі сақтандыру төлемін (төлемдерін) жүзеге асырады.

    11. Сақтанушы (Сақтанушылар) және (немесе) сақтандырылушы (сақтандырылушылар) қайтыс болған жағдайда Шартта көрсетілген тұлға (тұлғалар), ал ол болмаған кезде Сақтанушының (Сақтанушылардың) және (немесе) сақтандырылушының (сақтандырылушылардың) мұрагерлері Шартта көзделген көлемде кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін, егер Сақтанушы (Сақтанушылар) және (немесе) сақтандырылушы (сақтандырылушылар) оларды толық көлемде алмаған не тірі кезінде алмаған жағдайда алушының таңдауы бойынша бір реттік немесе ай сайын алуға құқылы.

    Біржолғы төлемді таңдау кезінде оның мөлшері индекстеу мөлшерлемесін және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеу кезінде қолданылған кірістіліктің тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемесін ескере отырып айқындалады.

    12. Сақтанушы (Сақтанушылар) және (немесе) сақтандырылған (сақтандырылғандар) Шарт бойынша бірінші ай сайынғы сақтандыру төлемін алғанға дейін қайтыс болған жағдайда, Шартта көрсетілген тұлға (тұлғалар), ал ол болмаған кезде Сақтанушының (Сақтанушылардың)және (немесе) сақтандырылушының (сақтандырылушылардың) мұрагерлері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3190 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын ретеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі № 274 қаулысымен бекітілген Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беру және сатып алу сомасын есептеу қағидаларын, сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі мен шарттары қағидаларына (бұдан әрі – № 274 Қағидалар) сәйкес есептелген, Сақтанушы (Сақтанушылар) және (немесе) сақтандырылушы (сақтандырылушылар) қайтыс болған кезде жинақтау кезеңіне сәйкес келетін сатып алу сомасын бір рет алады.»;

    13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «13. Сақтанушы (Сақтанушылар) және (немесе) сақтандырылушы (сақтандырылушылар) қайтыс болған жағдайда кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін және (немесе) сатып алу сомасын алуға (Сақтанушының (Сақтанушылардың) қалауы бойынша толтырылады) мынадай тұлға (Тұлғалар):

    ______________________________________

    _____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),

    _____________________________________________ (тұрғылықты мекенжайы),

    ___________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі),

    __________________________________ жеке басты куәландыратын құжат) (бірнеше алушылар болған кезде деректер әрбір алушы бойынша жеке көрсетіледі) болып табылады).»;

    15 және 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;

    «15. Сақтанушы (Сақтанушылар):

    1) сақтандырушымен шарт жасасу немесе қолданыстағы шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сақтандыру сыйлықақысының жетіспейтін бөлігін төлеу үшін өз қаражатын тарту кезінде өз қаражатын бір мезгілде толық көлемде енгізуге;

    2) Сақтандырушы олар бойынша ай сайынғы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыратын дербес деректер және (немесе) банктік деректемелер өзгерген кезде бұл туралы Сақтандырушыға осындай өзгерту болған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде хабарлауға міндетті. Сақтандырушыға банктік деректемелердің өзгергені туралы хабарламау Сақтандырушыны дұрыс банктік деректемелер бергенге дейін ай сайынғы сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан босатады.

    16. Сақтандырушы:

    1) Сақтанушыны (Сақтандырушыларды) сақтандыру төлемдері мөлшерінің есебімен таныстыруға;

    2) Шартты Кодексте және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен ресімдеуге;

    3) сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жаңа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу туралы мәліметтер алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сатып алу сомасын жаңа сақтандыру ұйымына аударуға;

    4) Шартта көзделген сақтандыру төлемдері уақтылы жүзеге асырылмаған кезде Сақтанушыға (Сақтанушыларға) немесе сақтандырылушыға (сақтандырылушыларға) мерзімін өткізіп алған әр күн үшін төленбей қалған соманың 1,5 (бір жарым) пайызы мөлшерінде, бірақ төленбеген соманың 50 (елу) пайызынан аспайтын мөлшерде өсімпұл төлеуге;

    5) Сақтандырушының шотына сақтандыру сыйлықақысы сомасы аударылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Шарт бойынша оның түскені туралы Сақтанушыға аударылған зейнетақы жинақтарының сомаларын көрсете отырып, жазбаша немесе Шарт тараптарының келісімінде айқындалған өзге тәсілмен хабарлауға;

    6) Сақтанушы (Сақтанушылар) және (немесе) сақтандырылушы (сақтандырылушылар) қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға Шарттың 10-тармағында белгіленген мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы түрінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға;

    7) шарттың талаптарын сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту бөлігінде өзгерту және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақшаны қайтару туралы өтінішті алған кезден бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде Шарттың 26-тармағында көзделген мөлшерде қайтаруға жататын ақша сомасын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға міндетті.»;

    23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «23. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісіммен ресімделеді және оған Тараптар қол қояды.

    Шартқа сақтандырылушы болып табылмайтын пайда алушыны ауыстыру туралы өзгерістер енгізген кезде, Сақтанушының (Сақтанушылардың), пайда алушының жеке деректерін өзгертумен мерзімді сақтандыру төлемдері Кодекстің 225-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады.»;

    7-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

    «7-тарау. Тараптардың деректемелері және қолдары

    САҚТАНДЫРУШЫ

    _______________________

    (Сақтандырушының, филиалдың

    атауы, заңды мекенжайы, телефоны, факсы, E-mail)

    _______________________

    банк деректемелері (банктің атауы, ағымдағы шоттың №)

    _______________________

    Сақтандырушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

    Күні _______________________

    САҚТАНУШЫ (САҚТАНУШЫЛАР)

    __________________________

    ___________________________

    (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты мекенжайы, телефоны, E-mail)

    __________________________

    жеке сәйкестендіру нөмірі

    ___________________________

    ___________________________

    (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты мекенжайы, телефоны, E-mail)

    ___________________________

    жеке сәйкестендіру нөмірі

    ___________________________

    банктік деректемелері (банктің атауы, ағымдағы шоттың №)

    ___________________________

    Сақтанушының қолы

    __________________________

    Сақтанушының қолы (екінші сақтанушы болған кезде)

    Күні _____________________________

    »;

    «Сақтандыру төлемдерінің кестесі» 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

    «Зейнетақы аннуитеті шартына қорытынды нысаны» 2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

    2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4.Осы қаулыалғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Лауазымы

    Аты-жөні

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

    Басқармасының

    2026жылғы «___» ______

    №_қаулысына
    1-қосымша

    Зейнетақы аннуитетінің үлгілік

    шартына 1-қосымша

    Сақтандыру төлемдерінің кестесі

    Бірінші сақтандырылушы үшін төлеу күні

    Бірінші сақтандырылушы үшін мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері (теңге)

    Бірінші сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда біржолғы сақтандыру төлемінің мөлшері (теңге)

    Бірінші сақтандырылушы үшін сатып алу сомасының мөлшері (теңге)

    Екінші сақтандырылушы үшін төлеу күні

    Екінші сақтандырылушы үшін (бар болса) мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері (теңге)

    Екінші сақтандырылушы (бар болса) қайтыс болған жағдайда біржолғы сақтандыру төлемінің мөлшері (теңге)

    Екінші сақтандырылушы үшін (бар болса) сатып алу сомасының мөлшері (теңге)

    2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша мерзімді сақтандыру төлемдері ай сайынғы немесе тоқсан сайынғы, немесе жартыжылдық, немесе жылдық негізде жүзеге асырылады.

    Жыл бойы тоқсан сайынғы немесе жартыжылдық, немесе жыл сайынғы негізде жүзеге асырылатын мерзімді төлемдер сомасы жыл ішінде ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын мерзімді сақтандыру төлемдері сомасының мәнінен кем болмайды.

    2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын жүзеге асырылады.

    Актуарий ____________________________________

    тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

    Басқармасының

    2026жылғы «___» ______

    №_қаулысына
    2-қосымша

    Зейнетақы аннуитетінің үлгілік

    шартына 2-қосымша

    Нысан

    20___ жылғы «___» ___________ № ___________ зейнетақы аннуитеті шартына қорытынды

    Сақтандырылушы туралы ақпарат

    Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Туған күні, жасы

    Жынысы

    Екінші сақтандырылушы туралы ақпарат (бар болса)

    Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Туған күні, жасы

    Жынысы

    Шарт бойынша ақпарат

    Зейнетақы аннуитеті шартын жасау негіздемесі

    Сақтандыру сыйлықақысының сомасы

    Бірінші Сақтанушы үшін сақтандыру төлемдерінің мөлшеріне қарай есептелген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері

    Екінші Сақтанушы үшін сақтандыру төлемдерінің мөлшеріне қарай есептелген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (екінші сақтанушы болған кезде)

    Басқа сақтандыру ұйымынан сатып алу сомасының мөлшері

    Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарының сомасы

    Екінші Сақтанушы үшін басқа сақтандыру ұйымынан сатып алу сомасының мөлшері (екінші сақтанушы болған кезде)

    Екінші Сақтанушы үшін (екінші сақтанушы болған кезде) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарының сомасы

    Бірінші аннуитент үшін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімі

    Екінші аннуитент үшін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімі

    Бірінші сақтандырылушы үшін кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімі (бар болса)

    20___ жылғы «____» ______________ бастап

    20___ жылғы «____» _____________ аралығы.

    Екінші сақтандырылушы үшін кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімі (бар болса)

    20___ жылғы «____» ______________ бастап

    20___ жылғы «____» _____________ аралығы.

    Кірістіліктің тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемесі

    Индекстеу мөлшерлемесінің мөлшері

    Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайыздарда)

    Сақтандыру төлемінің мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайыздарда)

    Кепілдік берілген сақтандыру төлемдері ескерілген ағымдағы құн факторы (бар болса)

    Кепілдік берілген сақтандыру төлемдері (бар болса) мен шығыстар ескерілген ағымдағы құн факторы

    Бірінші сақтандырылушы үшін бірінші мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері

    Екінші сақтандырылушы үшін (бар болса) бірінші мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері

    «Зейнетақы аннуитеті шартын жасау негіздемесі» жолында зейнетақы аннуитеті шартын жасауға негіз болған Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің нормасын (нормаларын) көрсету қажет.

    Актуарий ________________________________________________________

    тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Жүктеу
    Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 28 сентября 2026 года № 131 «О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 7 июня 2023 года № 45 «Об утверждении типового договора пенсионного аннуитета, установлении Методики расчета страховой премии и страховой выплаты из страховой организации по договору пенсионного аннуитета, допустимого уровня расходов страховой организации на ведение дела по заключаемым договорам пенсионного аннуитета, а также ставки индексации страховой выплаты»
    Постановление
    DOCX · 110 КБ
    Жүктеу
    Сравнительная таблица
    Сравнительная таблица
    DOCX · 48 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Қаулы жобасы

    «Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулысының жобасы

    ҚР ҚНРДАЖарияланды:
    Қаулы

    «Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесін, Өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптарды, Өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 34 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    «Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесін, Өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптарды, Өзге ақпарат аудитін...

    ҚР ҚНРДАЖарияланды:
    Агенттік қаулысы

    Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 69 қаулысымен бекітілген...

    ҚР ҚНРДАЖарияланды:
    Қаулы жобасы

    "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының цифрлық инфрақұрылымында деректер витринасын қалыптастыру, жүргізу және жаңарту, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға деректер витринасына қол жеткізуді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулысының жобасы

    Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының цифрлық инфрақұрылымында деректер витринасын қалыптастыру, жүргізу және жаңарту, сондай-ақ қарж...

    ҚР ҚНРДАЖарияланды:
    Агенттік қаулысы

    «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеуді жетілдіру және қор биржасының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 133 қаулысы

    ҚР ҚНРДАЖарияланды:
    Агенттік қаулысы

    «Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары, сондай-ақ сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасу тәртібі және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 44 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 130 қаулысы

    «Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары, сондай-ақ...

    ҚР ҚНРДАЖарияланды:
    Қаулы жобасы

    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің «Микрокредиттік және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы

    ҚР ҚНРДАЖарияланды:
    Үкімет Қаулысы

    «Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу және сату жүргізілетін халықаралық тауар биржаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 260 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы

    ҚР ҚНРДАЖарияланды: