2026 жылғы III тоқсанда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы іс-қимыл және олардың алдын алу
жөніндегі жұмыс
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде 2026 жылғы III тоқсанда Департаменттің 2026 жылдың II жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес профилактикалық және түсіндіру сипатындағы кешенді іс-шаралар жүргізілді.
Департамент қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет және қызметтік әдеп саласындағы заңнамасының талаптары тұрақты түрде түсіндіріліп отырды.
Негізгі назар: сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды сақтауға; мүдделер қақтығысының алдын алуға; қызметтік жағдайын жеке мақсатта пайдалануға жол бермеуге; Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауға; лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтар мен өзге де игіліктерді алуға жол бермеуге; қызметтік шешімдер қабылдау кезінде объективтілік пен бейтараптылықты қамтамасыз етуге; мүдделер қақтығысына немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына әкеп соғуы мүмкін жағдайлар туындаған кезде басшылыққа уақтылы хабарлауға аударылды.
2026 жылғы тамыз айында Департамент басшысы О.К. Каппасов қызметкерлермен қызметтік әдеп нормаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді және мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттарын сақтау мәселелері бойынша профилактикалық әңгіме жүргізді.
2026 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы А.А. Кусаинов Департамент қызметкерлерімен кеңес өткізді.
Кеңес барысында: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу; мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау; қызметтік әдеп нормаларын сақтау; мүдделер қақтығысының алдын алу; сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібі; мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына қойылатын белгіленген талаптарды сақтау мәселелері қаралды.
Лауазымдық міндеттерді орындау кезінде заңдылық, адалдық және бейтараптылық қағидаттарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
2026 жылғы III тоқсанда бос тұрған әкімшілік мемлекеттік лауазымға конкурс өткізу кезінде конкурстық іріктеудің заңнамада белгіленген тәртібі сақталды. Конкурс конкурстық рәсімдердің ашықтығы мен белгіленген тәртібін қамтамасыз ететін «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы өткізілді.
Жаңа қызметкердің тағайындалуына байланысты жеке профилактикалық әңгіме жүргізілді. Қызметкерге мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптары, Әдеп кодексінің нормалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдар, сондай-ақ мүдделер қақтығысының алдын алу жөніндегі талаптар түсіндірілді.
Профилактикалық жұмыс шеңберінде Департамент қызметкерлері құмар ойындарға қатысудан ерікті түрде бас тарту туралы өтініштер рәсімдеп, жеке мүдделері туралы декларацияларды толтырды.
Аталған іс-шаралар ықтимал мүдделер қақтығысын анықтауға және қызметтік шешімдер қабылдаудың объективтілігіне әсер етуі мүмкін жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес білім беру сапасын сыртқы бағалау және бақылау бөлімінің басшысы Ж.Ж. Қабдрахманова мемлекеттік бақылау іс-шараларына тартылатын сарапшылармен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Сарапшыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары мен қызметтік әдеп нормалары, сондай-ақ өз міндеттерін объективті және бейтарап орындау қажеттігі түсіндіріледі.
Мемлекеттік аттестаттау, біліктілік талаптарының сақталуын тексеру және мемлекеттік бақылаудың басқа да іс-шараларының нәтижелеріне әсер етуі мүмкін мүдделер қақтығысына және өзге де жағдайларға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Мемлекеттік бақылау және лицензиялау алдындағы бақылау іс-шараларының нәтижелері тиісті анықтамалармен ресімделеді.
Лицензиялау және апостиль қою бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ақпараттық жүйелер, оның ішінде «Е-лицензиялау» порталы арқылы көрсетіледі, бұл көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметшілермен тікелей байланысын барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Лицензиялау мәселелері бойынша құжаттарды қараудың объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен лицензиялық комиссия жұмыс істейді.
Лицензияға қосымшаларды беру туралы шешімдер ұсынылған құжаттар мен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері негізінде қабылданады.
Департаментте мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік рәсімдердің сақталуына мониторинг жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін факторлар анықталған жағдайда тиісті рәсімдерді жетілдіру және олардың ашықтығын арттыру жөнінде шаралар қабылданады.
Департамент қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ресми интернет-ресурста нормативтік құқықтық актілер, Департаменттің қызметі және өткізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы ақпарат орналастырылады.
Білім беру ұйымдарымен, педагогтер және ата-аналар қауымдастығымен, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалармен заңнама талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жүзеге асырылады.
2026 жылғы III тоқсанда профилактикалық және түсіндіру сипатындағы, оның ішінде мынадай кешенді іс-шаралар жүргізілді:
- Департамент басшысының қызметкерлермен профилактикалық әңгіме жүргізуі;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысының қатысуымен қызметкерлермен кеңес өткізу;
3.Жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметшімен жеке профилактикалық әңгіме жүргізу;
- Кызметкерлердің құмар ойындарға қатысудан ерікті түрде бас тартуын рәсімдеу;
- Кызметкерлердің жеке мүдделері туралы декларацияларды толтыруы;
- Мемлекеттік бақылау іс-шараларына тартылатын сарапшылармен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- Ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету және лицензиялау мен апостиль қою кезінде белгіленген рәсімдердің сақталуын қамтамасыз ету.
Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, қызметтік әдеп талаптарын, сондай-ақ лауазымдық міндеттерін орындау кезінде объективтілік пен бейтараптылық қағидаттарын сақтауы қамтамасыз етілді.
2026 жылғы III тоқсанда Департаменттің мемлекеттік қызметшілері тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.