Бақылау іс-шаралары

    Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті

    Бақылау іс-шаралары

    Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау шаралары:
    – келусіз профилактикалық бақылау нысанында жүргізілетін білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау;
    – білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ) және мониторингтер.
    2026 жылғы III тоқсанда мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша 21 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау жүргізілді: «Балдырған-2013» ЖШС; «Ақжайық Д» ЖШС; «Жансая 2018» ЖШС; «Ailana Group» ЖШС; «Baldirgan-2022» ЖШС; «Береке-2019» ЖШС; «Амина» ЖК (бөбекжай-балабақша); «Развивайка» ЖК (балабақша); «Raikhan-Ana» ЖШС; «Әнел» ЖШС; «ЭКВИЖН» ЖШС; «Зангар и Ко» ЖШС; «Максат» бөбекжай-балабақшасы» ЖШС; «Бөбекжай Әмина» ЖШС; «Алтын сақа – 2» ЖШС, Жалтыркөл ауылының «Алтын-сақа» жекеменшік бөбекжай-балабақшасы; «Дос и Ка» ЖШС; Жібек жолы ауылының «Болашак» бөбекжай-балабақшасы; «Әдемім» ЖШС; «Дана» жекеменшік бөбекжай-балабақшасы; Ақмола облысының білім басқармасы Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы «Ерейментау қаласының «Жұлдызай» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК; Ақмола облысының білім басқармасы Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы «Бозайғыр ауылының «Бөбек» балабақшасы» МКҚК.
    Барлық білім беру ұйымдары аттестаттаудан бірінші ретте өтпеді және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес келмеді. Себептері: біліктілікті арттыру курстарынан өту мерзімдерінің сақталмауы; әртүрлі жастағы мектепке дейінгі топтардағы ұйымдастырылған қызметтің сәйкес келмеуі; балаларды топтарға жинақтау кезінде жас кезеңділігінің бұзылуы; жұмыс оқу жоспарлары мен ұйымдастырылған қызметтің МЖМБС талаптарына сәйкес келмеуі; тәрбиеленушілердің дамуы мониторингінің бастапқы және қорытынды нәтижелерінің болмауы.
    Аттестаттаудан өтпеген мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қайта мемлекеттік аттестаттауға жатады. Профилактикалық бақылау және КВТ жүргізілген жоқ.
    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №294 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылғы 26 желтоқсандағы №155 бұйрығына сәйкес 2026 жылы 6 білім бөлімінде жоспарлы тексерулер жүргізілді: 2–5 маусымда – Косшы қаласы бойынша білім бөлімі; 15–19 маусымда – Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі; 7–10 шілдеде – Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі; 13–17 шілдеде – Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі; 3–7 тамызда – Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі; 10–14 тамызда – Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі.
    Жоспарлы тексеру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» Заңының 59-1-бабына, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға және білім беру саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізілді.
    Тексеру барысында білім беру саласындағы заңнама талаптарының сақталуы, білім беру процесін ұйымдастыру тәртібі, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақтылығы, оларды көрсету тәртібі және білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы зерделенді. Ақмола облысының білім басқармасы Косшы қаласы бойынша білім бөлімі

    Жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша білім беру саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтары анықталды.
    2024, 2025 және 2026 жылдарға мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №55 «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес талап етілетін құжаттар, сондай-ақ 66-тармақтың 13) тармақшасында көзделген өртке қарсы қауіпсіздік жүйелерін айқындайтын құжаттар ұсынылмаған.
    Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру үшін жаңа модификациядағы 2 STEM кабинеті жетіспейді.
    Ұлттық білім беру деректер базасына сәйкес «Косшы қаласының IT мектеп-лицейі» КММ-де 168 педагог жұмыс істейді, оның 46-сы біліктілікті арттыру курстарынан 3 жылдан астам уақыт бұрын өткен, ал 122 педагог курстардан өтпеген.
    «Айдархан» («Альфия») балабақшасында медицина қызметкерінің бос лауазымы сақталуда, медициналық қызмет көрсету мен балалардың денсаулығын қорғау жұмысы тұрақты жүргізілмейді. Ақмола облысының білім басқармасы Целиноград ауданы бойынша білім бөлім. Жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша білім беру саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтары анықталды.
    2024 жылға қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде Өрт қауіпсіздігі қағидаларында талап етілетін құжаттар болмаған.
    Қосымша білім беру ұйымы ұсынған білім беру бағдарламасына түсіндірме жазбада білім алушылардың жас санаттары туралы ақпарат болмаған. 2025 және 2026 жылдарға балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысына қатысты құжаттар Ақмола облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінде болғандықтан, оларды қарау және белгіленген талаптарға сәйкестігін растау мүмкін болмады.
    Робототехника – 1, физика – 1, химия – 1, биология – 1 жаңа модификациядағы кабинеттерінің жетіспеушілігі анықталды.
    Мектепке дейінгі ұйымдардың 25 педагогі белгіленген мерзімде біліктілікті арттыру курстарынан өтпеген.
    «Родина ауылының балалар өнер мектебі» КММ және «Жас Шабыт» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК тиісті хабарлама берместен білім беру қызметін жүзеге асырған.
    «Family group KZ» ЖШС «Ақбота» және «Еркетай» балабақшаларында, «Асыл тұмар» ЖШС «Асыл тұмар» балабақшасында медицина қызметкерлерінің бос лауазымдары сақталуда, медициналық қызмет көрсету мен балалардың денсаулығын қорғау жұмысы тұрақты жүргізілмейді. Ақмола облысының білім басқармасы Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі

    Жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша білім беру саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтары анықталды.
    Шортанды кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі мен Степное ауылының жалпы білім беретін мектебінде робототехника кабинеттерінің жеткіліксіздігі анықталды.
    Белгіленген мерзімде біліктілікті арттыру курстарынан өтпегендер: мектепке дейінгі ұйымдарда – 10 педагог; орта білім беру ұйымдарында – 35 педагог; қосымша білім беру ұйымдарында – 2 педагог.
    Научный кентінің балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы, балалар музыка мектебі және Жолымбет кентінің балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы тиісті хабарлама берместен білім беру қызметін жүзеге асырған.
    Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін білім беру ұйымдарының ғимараттары мен үй-жайларының қолжетімділігі толық қамтамасыз етілмеген: пандустар, пандус тұтқалары, Брайль қарпіндегі ақпараттық белгілер, тактильді жолақтар және мнемосхемалар болмаған.
    Пандустар 2 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымда орнатылмаған: «Ай-Дана10» ЖШС «Ай-Дана» балабақшасы, Новоселовка ауылы; «Алтын сақа-2» ЖШС «Балапан» балабақшасы, Бектау ауылы.
    Пандус тұтқалары да осы 2 ұйымда орнатылмаған.
    35 ұйымның 35-інде Брайль қарпіндегі ақпараттық белгілер орнатылмаған.
    Мнемосхемалар 4 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымда орнатылмаған: «Ай-Дана10» ЖШС «Ай-Дана»; «Тимакс» ЖШС «Радуга»; «Азденбаев Ж.Т.» ЖК «Амина»; «Алтын сақа-2» ЖШС «Балапан».
    Тактильді жолақтар 10 жекеменшік және мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымда орнатылмаған. Жекеменшік ұйымдар: «Ай-Дана10» ЖШС «Ай-Дана»; «Азденбаев Ж.Т.» ЖК «Амина»; «Алтын сақа-2» ЖШС «Балапан». Мемлекеттік ұйымдар: Шортанды кентінің «Ақбота» және «Балдәурен» балабақшалары; Бозайғыр ауылының «Бөбек» балабақшасы; Жолымбет кентінің «Ботакөз» бөбекжай-балабақшасы; Петровка ауылының «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы; Дамса ауылының «Балауса» балабақшасы; Новокубанка ауылының «Гүлдер» балабақшасы.
    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде 22 жағдайда комиссия құрамында жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, білім беруді басқару органдарының және өңірлік кәсіпкерлер палатасының тең өкілдігі қамтамасыз етілмеген, комиссия мүшелерінің тақ санын сақтау талабы орындалмаған және өрт қауіпсіздігіне қатысты құжаттар ұсынылмаған.
    Қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде 2 жағдайда комиссия құрамында аталған органдардың тең өкілдігі қамтамасыз етілмеген.
    Қосымша орындарды бөлу кезінде конкурс туралы хабарландырулар ресми интернет-ресурста орналастырылмаған, талаптар толық сақталмаған, конкурстық рәсімдердің ашықтығы, құжаттарды бағалау және комиссияның объективтілігі қамтамасыз етілмеген, өртке қарсы қауіпсіздік жүйелеріне қатысты міндетті құжат ұсынылмаған.
    Мектептер жанындағы «Арай», «Қуаныш», «Арман», «Қызғалдақ», «Бал ара», «Балапан» шағын орталықтарында, сондай-ақ Новоселовка ауылындағы «Ай-Дана» балабақшасында медицина қызметкерлерінің бос лауазымдары сақталуда және медициналық қызмет көрсету жұмысы тұрақты жүргізілмейді. Ақмола облысының білім басқармасы Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі. Жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша білім беру саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтары анықталды.
    Ғимараттар ішінде электр сымдарының, кабельдердің және жерге тұйықтау құрылғыларының оқшаулау кедергісіне міндетті мерзімдік сынақтар мен аспаптық өлшеулер жүргізілмеген.
    Дәліздерде қорғаныш плафондары жоқ электр жарықтандырғыштары пайдаланылуда. Төтенше жағдай немесе өрт кезінде адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялау жоспарлары әзірленбеген және ілінбеген. «101» және «112» жедел шақыру телефондары көрсетілген арнайы ақпараттық белгілер орнатылмаған.
    2025 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі құжаттар ұсынылмаған (құжаттар прокуратураға берілген).
    2026 жылға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру құжаттары комиссиямен тексерілген, ескертулер хаттамаға енгізілген, алайда шешімнің қабылданғанын растайтын басшы қол қойған хаттама ұсынылмаған.
    Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алу және олардың орта білім алғанға дейін оқытылуы бойынша жұмыс жүргізілмеген.
    Білім беру ұйымдарындағы педагогикалық және психологиялық қолдау қызметінің жұмысы, әдістемелік жұмыс, сондай-ақ психологиялық диагностика, консультациялар мен тренингтер өткізуге ата-аналардың немесе заңды өкілдердің келісімін алу белгіленген қағидаларға сәйкес келмейді. Педагогтердің біліктілікті арттыру курстарынан өтуін және курстан кейінгі сүйемелдеуді ұйымдастыру бойынша жүйелі жоспарлау қамтамасыз етілмеген.
    Педагогтерді аттестаттау және біліктілік санаттарын беру (растау) жұмысы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмейді.
    Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау және босату, сондай-ақ бос лауазымдарға конкурс өткізу тәртібі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес жүзеге асырылмайды. Ақмола облысының білім басқармасы Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі.

    Жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша білім беру саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтары анықталды.
    2024 және 2025 жылдар бойынша мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру, олармен білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету және оларды пайдалануды бақылау жөніндегі құжаттар ұсынылмаған.
    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде 16 жағдайда комиссия құрамында жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, білім беруді басқару органдарының және өңірлік кәсіпкерлер палатасының тең өкілдігі қамтамасыз етілмеген, комиссия мүшелерінің тақ санын сақтау талабы орындалмаған және өрт қауіпсіздігі жөніндегі құжаттар ұсынылмаған.
    Қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде 1 ұйым бойынша конкурс туралы хабарландыру ресми интернет-ресурста орналастырылмаған, талаптар толық сақталмаған, конкурстық рәсімдердің ашықтығы, құжаттардың сәйкестігін бағалау және комиссия қызметінің объективтілігі қамтамасыз етілмеген.
    Өртке қарсы қауіпсіздік жүйелеріне, 4 сағат және одан да көп уақыт болған кезде қосымша білім беру ұйымдарында балалардың тамақтануын ұйымдастыруға, сондай-ақ құжаттар ұсынылған күннен кемінде бір ай бұрынғы жағдай бойынша мемлекеттік кірістер органдарына берешектің бар-жоғына қатысты міндетті құжаттар ұсынылмаған.
    Тассуат ауылының негізгі орта мектебінде Брайль қарпіндегі ақпараттық тақтайшалар, мнемосхемалар және мекеме атауы көрсетілген тақтайша жоқ.
    Мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы толық қамтамасыз етілмеген: Державинск қаласының Николай Островский атындағы мектебінде 1 биология кабинеті жоқ; Тасты-Талды ауылының мектебінде 1 робототехника кабинеті жоқ; Уәлиханов ауылының мектебінде интерактивті панельдер жеткіліксіз.
    «Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының Ұлттық платформасында бірқатар педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) туралы бұйрықтар жүктелмеген.
    Үш жылда бір рет өткізілетін міндетті аттестаттаудан өтпеген бірінші басшылар: Мұқанова Асель Боранбаевна, Даулетбекова Светлана Шариповна, Ахметова Гульнар Кажмұхамбетова, Рамазанова Жанар Хабидуллаевна, Құмарова Салтанат Саменовна.
    Педагогтерді жұмысқа қабылдау жөніндегі конкурстық комиссияның құрамы нормативтік құқықтық актіге сәйкес келмеген. Бос лауазымдар туралы хабарландырулар білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында орналастырылмай, тек «Enbek.kz» электрондық еңбек биржасында тіркелген.
    Бос педагогикалық лауазымдар: бастауыш сынып мұғалімі – 3; ағылшын тілі мұғалімі – 1; орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі – 3; математика мұғалімі – 3; физика мұғалімі – 1; химия мұғалімі – 1; тарих мұғалімі – 1; география мұғалімі – 1; педагог-психолог – 3; оқу жұмысы жөніндегі директор орынбасары – 1.
    Білім бөлімі аудан бойынша педагогтердің қозғалысына тоқсан сайын мониторинг жүргізбейді және педагог кадрлар тапшылығын бақыламайды.
    Бірқатар мемлекеттік ұйымдарда бірінші басшы міндетін атқарушылар белгіленген мерзімнен ұзақ өкілеттік атқаруда: Ақпан Үкібаев атындағы мектеп – Алдашев Амирхан Қожаниязұлы (2025 жылғы 9 қазаннан); Абай атындағы мектеп – Макагонова Наталья Владимировна (2025 жылғы 25 тамыздан); Үшқарасу ауылының негізгі орта мектебі – Калшабекова Мухитжан Керимкулович (2025 жылғы 1 сәуірден); Бирсуат ауылының мектебі – Кайкина Анара Айтпаевна (2024 жылғы 2 қыркүйектен); Тасөткел ауылының негізгі орта мектебі – Чинасилова Асель Муратовна (2025 жылғы 31 қаңтардан); Державинск қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы – Айтпаева Бибігүл Ерікқызы (2025 жылғы 29 тамыздан); Державинск қаласының балалар музыка мектебі – Ерекешева Салтанат Ибрашевна (2023 жылғы 30 наурыздан).
    Білім бөлімі бос немесе уақытша бос лауазымдар пайда болған кезде облыс білім басқармасына конкурс өткізу туралы өтініштерді белгіленген мерзімдерді бұза отырып жолдайды (Пятигорское, Тасөткел, Гастелло, Құмсуат ауылдарының мектептері, Ақпан Үкібаев атындағы Державинск қаласының мектебі, Пригородное ауылының Абай атындағы мектебі).
    Аудан педагогтері мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде біліктілікті арттыру курстарынан өтпейді: Гастелло ауылы – 3; Шойындыкөл – 4; Кең – 1; Костычево ауылының Октябрьдің 50 жылдығы атындағы мектебі – 1; Державинск қаласының Надежда Крупская атындағы №1 мектеп-гимназиясы – 2; Николай Островский атындағы мектеп – 2; Тасты-Талды – 4; Үшқарасу – 1; Пригородное ауылының Абай атындағы мектебі – 2; Пятигорское – 3; Уәлиханов – 1; Тассуат – 2. Ақмола облысының білім басқармасы Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі

    Жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша білім беру саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтары анықталды.
    Қатаң есептілік бланкілерін сақтау, есепке алу және беру бойынша жұмыс жүргізілгенімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №519 бұйрығы талаптары толық сақталмаған.
    Атап айтқанда, білім беру ұйымының өтінішінсіз аттестат бланкісін беру фактісі анықталған, бүлінген бланкілерді есептен шығару актілері жасалмаған және бланкілерді қабылдау, сақтау, есептен шығару жөніндегі комиссия құру туралы бұйрық ұсынылмаған.
    Аттестат бланкілерінің қозғалысы мен қалдықтарының тиісті есебі жүргізілмейді, пайдаланылмаған бланкілердің нақты қалдығын анықтау және тіркеу қамтамасыз етілмеген.
    Мектепке дейінгі ұйымдардың құжаттарын зерделеу кезінде №381 бұйрықпен бекітілген қағидалардың 13 және 14-тармақтарының талаптары толық сақталмаған. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жағдайлар жасалғанын растайтын құжаттар ұсынылмаған.
    Аршалы ауданындағы білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруге жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізілгенімен, қолжетімді және кедергісіз білім беру ортасын қамтамасыз ету талаптары толық орындалмаған.
    29 жалпы білім беретін мектептің 28-інде пандус бар, 1 мектепте жоқ; 5 мектепте пандус тұтқалары жоқ; 11 мектепте Брайль қарпіндегі белгілер жоқ; 12 мектепте мнемосхемалар жоқ; 9 мектепте тактильді жолақтар жоқ.
    9 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымның 1-інде пандус, 3-інде пандус тұтқалары, 7-інде Брайль белгілері, 8-інде мнемосхемалар, 4-інде тактильді жолақтар жоқ.
    Робототехника, STEM, физика, химия және биология кабинеттеріне қажеттілік 13 мектепте анықталды: Арнасай – 156 оқушы; Сары-Оба №1 – 66; Ақбұлақ – 128; Анар станциясы – 153; Қостомар – 153; Михайловка – 138; Жібек Жолы – 498; Константиновка – 130; Жалтыркөл – 306; Елтай – 198; Сарыоба №2 – 107; Бұлақсай ауылының Абай атындағы мектебі – 98; Түрген – 105. Жалпы контингент – 2 286 оқушы.
    Бұл білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нормативтік талаптарға сәйкес қамтамасыз ету қажеттігін көрсетеді. Анықталған қажеттіліктердің қамтамасыз етілмеуі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығымен бекітілген жарақтандыру нормаларының сақталмағанын көрсетеді.
    «Ұстаз 2025» ақпараттық базасын зерделеу кезінде педагогтерді аттестаттау талаптарының сақталмағаны анықталды. Бірқатар педагогтердің сабақтарды бақылау парақтары бір күнмен даталанған және платформадағы балдар мен аттестаттау комиссиясы бекіткен балдар арасында елеулі айырмашылықтар бар.
    Морошан Юрий Юрьевич – 31 және 88 балл; Жанабаева Наталья Анатольевна – 28 және 56; Бурячовская Любовь Николаевна – 22 және 50; Аманжол Райхан Елемесовна – 20 және 108; Торткарина Гульбагира Сайлаубековна – 28 және 108; Абильхайырова Сандугаш Болатбаевна – 24 және 115, сондай-ақ 31 және 131; Байманова Гульсина Сабырбековна – 28 және 118 балл.
    Осыған байланысты бағалау нәтижелерінің объективтілігі, сабақтарды бақылау нәтижелерін рәсімдеу және платформа деректерінің аттестаттау комиссиясы шешімдеріне сәйкестігі талаптары сақталмаған. Көрсетілген фактілер педагогтерді аттестаттау және біліктілік санаттарын беру тәртібінің бұзылғанын көрсетеді.
    Білім беру ұйымдарындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес қызметінде нормативтік құқықтық актілер талаптарының толық сақталмағаны анықталды.
    Аршалы ауданында педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және курстан кейінгі сүйемелдеу талаптары сақталмаған. Курстан өткен педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету және кәсіби дамуына мониторинг жүргізу жұмысы жүйесіз ұйымдастырылған.
    Жаратылыстану-математикалық бағыт және алғашқы әскери даярлық бойынша жарыстардың ұйымдастырылуы мен өткізілуі тиісті құжаттармен толық расталмаған. Жарыстарды өткізу туралы бұйрықтар мен ережелер, мектептік және аудандық кезеңдердің қорытынды есептері, балдар көрсетілген хаттамалар, өтінімдер, хаттамалардың түпнұсқалары, білім алушылардың конкурстық жұмыстары және облыстық деңгейдегі бұйрықтар ұсынылмаған.

    Жоспардан тыс тексерулер

    2026 жылғы III тоқсанда білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізілген жоқ.
    Негіздеме: есепті кезеңде білім беру ұйымдарынан өтініштер мен шағымдар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, сондай-ақ заңнама талаптарының бұзылғанын растайтын негізделген деректер тіркелмегендіктен, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жоспардан тыс тексеру іс-шаралары тағайындалмады.

    Ұқсас материалдар

    Басқа

    Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл

    Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті өз өкілеттіктерін іске асыру шеңберінде білім беру сапасын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасын с...

    Басқа

    Ақпараттық-түсіндіру жұмысы, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер

    Ақпараттық-түсіндіру жұмысы, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер Департамент педагогикалық қоғамдастық пен облыс арасында білім беру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізеді.Департ...

    Басқа

    Мониторинг жұмысы

    Мониторинг жұмысы Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру ұйымдарының 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.Мониторингтің мақсаты – ұйымдардың оқу проце...

    Басқа

    Азаматтардың өтініштерімен жұмыс және жеке қабылдау қорытындылары

    Азаматтардың өтініштерімен жұмыс және жеке қабылдау қорытындылары Есепті кезеңде Департаментке 101 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралды.33 өтініш Департаменттің құзыретіне...

    Басқа

    Азаматтарды қабылдау

    Басқа

    Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті өңірдегі білім беру ұйымдарының жаңа 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізді.

    Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті өңірдегі білім беру ұйымдарының жаңа 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізді. Мониторингтің негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарының оқу пр...

    Басқа

    Ақмола облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылғы 3-тоқсандағы қызметі туралы есеп Мемлекеттік қызметтер көрсету

    Ақмола облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылғы 3-тоқсандағы қызметі туралы есеп Мемлекеттік қызметтер көрсету «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіпт...

    Басқа

    Лицензиялау

    «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға арналған білім беру және сауықтыру қызметі саласындағы білім беру қызме...