Әдеп уәкілінің 2026 жылдың III-тоқсаны бойынша есебі

    Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті

    Әдеп уәкілінің 2026 жылдыңIII-тоқсаны бойынша есебі

    Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде (бұдан әрі – Департамент) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын орындау, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіледі.

    Департаменттің штат кестесіне сәйкес 9 мемлекеттік қызметші лауазымы көзделген. Есепті кезеңде штат саны 9 мемлекеттік қызметшіні құрады.

    Есепті кезеңде Департаменттің және оның мемлекеттік қызметшілерінің қызметіне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде сын сипатындағы жарияланымдар тіркелген жоқ. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзуына қатысты шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.

    Департаментте ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстардың заңнамада белгіленген талаптарды бұза отырып, бірлесіп қызмет атқару фактілері анықталған жоқ.

    Мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзу, қызметтік міндеттерді орындау барысында әдеп қағидаларын сақтамау, мүдделер қақтығысына жол беру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін фактілер тіркелген жоқ. Есепті кезеңде қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту фактілері болған жоқ.

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы міндетін атқарушының 2017 жылғы 4 тамыздағы № 156 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес Департаменттің мемлекеттік қызметшілері арасында анонимді сауалнама жүргізілді.

    Сауалнаманың негізгі мақсаты – ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды зерделеу, қызметтік әдеп нормаларының сақталу деңгейін бағалау, мемлекеттік қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастың жай-күйін анықтау және ықтимал проблемалық мәселелерді ерте кезеңде айқындау.

    Анонимді сауалнама жүргізумен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын сақтау деңгейін арттыруға және ұжымдағы қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстар тұрақты негізде жүзеге асырылады.

    Департаменттің кеңестерінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын орындау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, мүдделер қақтығысына жол бермеу және қызметтік тәртіпті сақтау мәселелері тұрақты түрде қаралады.

    Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптары түсіндіріліп, қызметтік міндеттерді орындау кезінде заңдылық, адалдық, әділдік, ашықтық, әдептілік және жауапкершілік қағидаттарын сақтау қажеттігі жеткізілді.

    Әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсетіледі. Атап айтқанда, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметке байланысты шектеулер мен тыйымдарды орындау, мүдделер қақтығысын болдырмау және қызметтік қарым-қатынастарды дұрыс қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

    2026 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдары, мәслихаттары және аумақтық департаменттерінің әдеп жөніндегі уәкілдеріне арналған семинар өткізілді.

    Семинар барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Н.Т.Батырқұлов, Ақмола облысы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі А.Б.Жанадилова сөз сөйлеп, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі мен мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне тоқталды.

    Іс-шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Кабдрахманова қатысты.

    Семинар аясында ІІМ Басқару академиясының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, құқықтану доценті Б.А.Кулмуханбетова «Адам ресурстарын басқару» тақырыбында баяндама жасап, адам ресурстарын тиімді басқару және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін дамыту мәселелерін қамтыды. Сондай-ақ «Esbol Qory» қоғамдық қорының сарапшысы М.А.Жумабаев «Мемлекеттік құрылымдарда лудоманияның алдын алу жүйесін қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасап, лудоманияның алдын алу, профилактикалық шараларды ұйымдастыру және мемлекеттік органдарда тиісті алдын алу жүйесін қалыптастыру мәселелерін таныстырды.

    Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, еркін пікір алмасу ұйымдастырылды.

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермеу, сыйлықтар мен өзге де материалдық игіліктерге қатысты белгіленген шектеулерді сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің өзара сыйластық және кәсіби қарым-қатынас мәдениетін арттыру, қызметтік жанжалдардың алдын алу бағытында тиісті шаралар қабылдануда.

    2026 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы А.А.Кусаиновтың жетекшілігімен Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлерімен кеңес өткізді.

    Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері қаралды.

    Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңдылық пен адалдық қағидаттарын ұстануы, мүдделер қақтығысына жол бермеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дер кезінде анықтау және олардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.

    Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттарын сақтау, қызметтік әдепті нығайту және мемлекеттік қызметке деген қоғамның сенімін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Кеңес қорытындысы бойынша қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және қызметтік әдеп талаптарын сақтау бағытында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, қызметтік әдеп талаптары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық материалдар Департаменттің ресми интернет-ресурсында, Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында, сондай-ақ Telegram чатында тұрақты түрде жарияланады.

    Жалпы, есепті кезеңде Департаментте мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру бойынша тиісті жұмыстар жүйелі түрде жүргізілді.

    Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша қызметтік әдеп нормаларын бұзу, мүдделер қақтығысына жол беру, жақын туыстардың заңнама талаптарын бұза отырып бірлесіп қызмет атқаруы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасау фактілері анықталған жоқ.

    Ұқсас материалдар

    Басқа

    Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл

    Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті өз өкілеттіктерін іске асыру шеңберінде білім беру сапасын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасын с...

    Басқа

    Ақпараттық-түсіндіру жұмысы, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер

    Ақпараттық-түсіндіру жұмысы, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер Департамент педагогикалық қоғамдастық пен облыс арасында білім беру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізеді.Департ...

    Басқа

    Мониторинг жұмысы

    Мониторинг жұмысы Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру ұйымдарының 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.Мониторингтің мақсаты – ұйымдардың оқу проце...

    Басқа

    Азаматтардың өтініштерімен жұмыс және жеке қабылдау қорытындылары

    Азаматтардың өтініштерімен жұмыс және жеке қабылдау қорытындылары Есепті кезеңде Департаментке 101 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралды.33 өтініш Департаменттің құзыретіне...

    Басқа

    Бақылау іс-шаралары

    Бақылау іс-шаралары Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау шаралары:– келусіз профилактикалық бақылау нысанында жүргізілетін білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау;– білім алушылардың білім жетістіктерінің мони...

    Басқа

    Азаматтарды қабылдау

    Басқа

    Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті өңірдегі білім беру ұйымдарының жаңа 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізді.

    Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті өңірдегі білім беру ұйымдарының жаңа 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізді. Мониторингтің негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарының оқу пр...

    Басқа

    Ақмола облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылғы 3-тоқсандағы қызметі туралы есеп Мемлекеттік қызметтер көрсету

    Ақмола облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылғы 3-тоқсандағы қызметі туралы есеп Мемлекеттік қызметтер көрсету «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіпт...