Железин ауданы әкімдігінің «Железин ауданында коммуналдық қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» қаулысының жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі «Коммуналдық қызметтер тізбесін және коммуналдық қызметтер көрсетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 249 бұйрығымен бекітілген.
Железин ауданы әкімдігі қаулысының жобасы Железин ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастырылған.