Бизнес субъектілерін тарату бойынша

    ·

    Мемлекеттік кірістер органдарында камералдық мониторинг шеңберінде рәсімдерді жеңілдету және процестерді цифрландыру жұмыстары жалғасуда. Кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тоқтату кезінде салық төлеушілер үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылуда.

    Жаңа Салық кодексінің нормаларын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы №654 «Салық төлеушілердің таратылуы, қайта ұйымдастырылуы және қызметін тоқтатуы кезінде салық міндеттемесін орындаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығы қабылданды.

    Қазіргі уақытта бизнес субъектілерінің жекелеген санаттарының қызметін тоқтату рәсімі жеңілдетілген форматта және негізінен электрондық түрде жүзеге асырылады. Енді құжаттарды тапсыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына жеке жүгіну, маманның қабылдауын күту немесе қағаз түріндегі құжаттарды ұсыну талап етілмейді. Қызметті тоқтату туралы өтініш салық төлеушінің кабинеті арқылы қашықтан беріледі. Өтініш түскеннен кейін камералдық бақылау жүргізіледі, бұл ретте салық төлеуші мен мемлекеттік кірістер органдары арасындағы өзара іс-қимыл да электрондық форматта жүзеге асырылады.

    Оң өзгерістердің бірі — мемлекеттік кірістер басқармасы маманының салық төлеушінің орналасқан жеріне бару қажеттілігінің болмауы. Бұл бизнес уақытын үнемдеуге және әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамада арнайы норма көзделгенін атап өткен жөн. Оған сәйкес, тарату шарттарына сәйкес келетін микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерін тарату кезінде, қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш берілген жағдайда, 2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін ұсынылған және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдеріне қатысты салық есептілігі бойынша камералдық бақылау жүргізілмейді.

    Аталған норма мынадай жағдайларды білдіреді, егер микро немесе шағын кәсіпкерлік субъектісі:

    • қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш берген болса;

    • тарату шарттарына сәйкес келсе;

    • қызметін тоқтатуға кедергілері болмаса,

    • онда мұндай өтінішті қарау кезінде 2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін ұсынылған, егер ол 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдеріне қатысты болса, салық есептілігі бойынша камералдық бақылау жүргізілмейді.

    Камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды электрондық түрде қалыптастырылып, жолданады. Салық төлеуші қорытындыны мемлекеттік кірістер органдарына бармай-ақ, салық төлеушінің кабинеті арқылы алып, таныса алады. Мұндай формат ақпаратты жедел алуды, рәсімдердің ашықтығын және кәсіпкерлер үшін қолайлылықты қамтамасыз етеді.

    2026 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысы бойынша 170-тен астам заңды тұлғаға қызметін тоқтату туралы өтініш негізінде жеңілдетілген камералдық бақылау жүргізілді.

    Электрондық форматқа көшу қызметті тоқтату процесін жеделдетуге, қағаз құжат айналымын қысқартуға және мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Камералдық мониторинг процестерін одан әрі жетілдіру және автоматтандыру жұмыстары тұрақты негізде жалғасуда.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026ж. 06 ай мемлекеттік бюджетке нақты түскен салықтар мен түсімдер

    БК Кодтары Салықтың (төлемнің) атауы МБ РБ ЖБ Факт Факт Факт 101110 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен – заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы 47 306...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы аудандар бөлігінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша ұлттық қорына салықтар мен төлемдердің түсімі

    қаңтар қаңтар-ақпан қаңтар-наурыз қаңтар-сәуір қаңтар-мамыр қаңтар-маусым қаңтар-шілде қаңтар-тамыз қаңтар-қырқүйек қаңтар-қазан қаңтар-қараша қаңтар-желтоқсан Катонқарағай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ұлттық қорына салықтар мен төлемдер түрінде салықтар мен төлемдердің түсуі

    қаңтар қаңтар-ақпан қаңтар-наурыз қаңтар-сәуір қаңтар-мамыр қаңтар-маусым қаңтар-шілде қаңтар-тамыз қаңтар-қырқүйек қаңтар-қазан қаңтар-қараша қаңтар-желтоқсан Салықтық түсімдер Занды тұлға-мұнай секторы ұйым...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылы мемлекеттік бюджетке Шығыс Қазақстан облысы бойынша аудандар бөлінісінде түскен салықтар мен түсімдер төлемдері

    қаңтар қаңтар-ақпан қаңтар-наурыз қаңтар-сәуір қаңтар-мамыр қаңтар-маусым қаңтар-шілде қаңтар-тамыз қаңтар-қырқүйек қаңтар-қазан қаңтар-қараша қаңтар-желтоқсан Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департам...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қаржы басқарушылардың тізімі/Қаржы басқарушысы ретінде тағайындауға жататын тұлғалар тізімі

    Қаржы басқарушысы ретінде тағайындауға жататын тұлғалар тізімі № р/с Өңір Қаржы басқарушысының аты, тегі, әкесінің аты (бар болған кезде) Қаржы басқарушысының жеке сәйкестендіру нөмірі Қаржы басқарушысы қызметінің баста...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026-Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсіміндегі кредиторлар талаптарының тізілімі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026-Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсіміндегі кредиторлар талаптарының тізілімі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026-Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсіміндегі кредиторлар талаптарының тізілімі

    Жарияланды: