Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарламалар

    ·

    2026 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексіне салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға және салық төлеушілер мен мемлекеттік кірістер органдары арасындағы өзара іс-қимылдың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған өзгерістер күшіне енді. Бақылаудың негізгі құралдарының бірі ретінде салықтық есептілік деректері мен салық төлеушінің нақты қызметі арасындағы сәйкессіздіктерді анықтауға мүмкіндік беретін камералдық бақылау сақталып отыр.

    Сәйкессіздіктер туралы хабарламаның жаңа нысаны бекітілді, ол анықталған сәйкес келмеушіліктерге жедел әрекет етуге — оларды жоюға немесе түсіндірмелер ұсынуға мүмкіндік береді.

    Қазақстан Республикасының 2026 жылғы Салық кодексінің 137-бабы камералдық бақылауды жүргізудің құқықтық негіздері мен тәртібін белгілейді. Камералдық бақылау салықтық есептілік тапсырылғаннан кейін талап қою мерзімі ішінде жүзеге асырылады және салық төлеушінің деректерін салық органдарындағы ақпаратпен салыстыруға бағытталған.

    Хабарламаны алғаннан кейін салық төлеуші анықталған бұзушылықтарды жоюға немесе заңнаманың бұзылмағанын растайтын негізделген түсіндірмелер ұсынуға құқылы. Хабарламаны орындау мерзімі — тапсырылған күннен бастап 30 жұмыс күні. Құжат көлденең мониторингке қатысушыларды қоспағанда, барлық салық төлеушілерге жіберіледі және Қазақстан Республикасының аумағында интернет-платформалар арқылы қызметін жүзеге асыратын шетелдік компанияларға да қолданылады.

    Хабарламаны орындау бірнеше тәсілмен мүмкін:

    • келісілген жағдайда — қосымша салықтық есептілік нысанын ұсыну, берешек пен өсімпұлды төлеу, деректерді мобильді қосымшаларда көрсету (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін) немесе тиісті салық режиміне көшу үшін қажетті әрекеттерді орындау;

    • келіспеген жағдайда — растайтын құжаттармен бірге жазбаша түсіндірмелер ұсыну;

    • ішінара келісілген жағдайда — сәйкессіздіктердің бір бөлігін жою және қалған бөлігі бойынша түсіндірмелер беру.

    Хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау мемлекеттік кірістер органдары тарапынан әкімшілік шаралардың қолданылуына әкеп соғады, оның ішінде банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтату, сондай-ақ онлайн-платформалар арқылы қызмет жүргізетін шетелдік компаниялардың интернет-ресурстарға қол жеткізуін шектеу.

    Хабарламаның жаңа нысанын енгізу камералдық бақылау үдерісін анағұрлым ашық етеді және салық төлеушілерге анықталған сәйкессіздіктерге икемді түрде әрекет етуге мүмкіндік береді. Заңнаманы сақтаудың негізгі шарты — хабарламаны уақтылы орындау және деректерді цифрлық құралдарды пайдалана отырып дұрыс көрсету болып қала береді.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026ж. 06 ай мемлекеттік бюджетке нақты түскен салықтар мен түсімдер

    БК Кодтары Салықтың (төлемнің) атауы МБ РБ ЖБ Факт Факт Факт 101110 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен – заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы 47 306...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы аудандар бөлігінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша ұлттық қорына салықтар мен төлемдердің түсімі

    қаңтар қаңтар-ақпан қаңтар-наурыз қаңтар-сәуір қаңтар-мамыр қаңтар-маусым қаңтар-шілде қаңтар-тамыз қаңтар-қырқүйек қаңтар-қазан қаңтар-қараша қаңтар-желтоқсан Катонқарағай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ұлттық қорына салықтар мен төлемдер түрінде салықтар мен төлемдердің түсуі

    қаңтар қаңтар-ақпан қаңтар-наурыз қаңтар-сәуір қаңтар-мамыр қаңтар-маусым қаңтар-шілде қаңтар-тамыз қаңтар-қырқүйек қаңтар-қазан қаңтар-қараша қаңтар-желтоқсан Салықтық түсімдер Занды тұлға-мұнай секторы ұйым...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылы мемлекеттік бюджетке Шығыс Қазақстан облысы бойынша аудандар бөлінісінде түскен салықтар мен түсімдер төлемдері

    қаңтар қаңтар-ақпан қаңтар-наурыз қаңтар-сәуір қаңтар-мамыр қаңтар-маусым қаңтар-шілде қаңтар-тамыз қаңтар-қырқүйек қаңтар-қазан қаңтар-қараша қаңтар-желтоқсан Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департам...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қаржы басқарушылардың тізімі/Қаржы басқарушысы ретінде тағайындауға жататын тұлғалар тізімі

    Қаржы басқарушысы ретінде тағайындауға жататын тұлғалар тізімі № р/с Өңір Қаржы басқарушысының аты, тегі, әкесінің аты (бар болған кезде) Қаржы басқарушысының жеке сәйкестендіру нөмірі Қаржы басқарушысы қызметінің баста...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026-Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсіміндегі кредиторлар талаптарының тізілімі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026-Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсіміндегі кредиторлар талаптарының тізілімі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026-Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсіміндегі кредиторлар талаптарының тізілімі

    Жарияланды: