Ресми статистикалық деректерге сәйкес, 2026 жылдың 2-тоқсанының қорытындысы бойынша(қаңтар–маусым)Шығыс Қазақстан облысының туристік саласында тұрақты өсім байқалады. Өңір орналастыру орындарының саны бойынша республикада екінші орынға ие болды. Олардың жалпы саны 447 бірлікті құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 64 бірлікке немесе 16,7%-ға артты(2025 жылғы 2-тоқсанда – 383 бірлік).
Сондай-ақ өңір нөмірлік қордың бір мезгілдегі сыйымдылығы бойынша республикада екінші орында. Аталған көрсеткіш 22 298 төсек-орынды құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 228 төсек-орынға немесе 5,8%-ға жоғары(2025 жылғы 2-тоқсанда – 21 070 төсек-орын).
Туристердің жалпы саны195,6 мың адамды құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18 915 туристке немесе 8,8%-ға төмен(2025 жылғы 2-тоқсанда – 214,5 мың турист).
Оның ішінде ішкі туристер саны 188,9 мың адамды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17 641 туристке немесе 8,8%-ға азайды(2025 жылғы 2-тоқсанда – 206,5 мың турист).
Шетелдік туристер саны6 696 адамды құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 274 туристке немесе 16%-ға төмендеді(2025 жылғы 2-тоқсанда – 7 970 турист).
Қаржылық көрсеткіштер бойынша да оң динамика байқалады. Көрсетілген қызметтер көлемі 5,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 млрд теңгеге немесе 23,8%-ға жоғары(2025 жылғы 2-тоқсанда – 4,2 млрд теңге).
Туризм саласына 2025 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 21,6 млрд теңгені құрап, 45%-ға өсті. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 9,5 млрд теңгені құрады.
Өңірдің 2029 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясына сәйкес туристік дестинацияларды дамыту 4 негізгі туристік кластерге шоғырландырылған:
1.Катонқарағай және Үлкен Нарын:сауықтыру және экотуризм(wellness-қонақүйлер, пантамен емдеу, апитерапия).
2.Глубокое ауданы, Алтай және Риддер:белсенді демалыс және тау-шаңғы туризмі.
3.Марқакөл және Зайсан:табиғи мұра және экологиялық туризм.
4.«Қала–Таулар–Көлдер»(Өскемен қаласы, Ұлан, Глубокое аудандары):демалыс күндері туризмі шеңберіндегі жыл бойы жұмыс істейтін дестинация.
2028 жылға дейін Өскемен қаласындағы «Hilton Garden Inn» қонақүйі және Катонқарағай ауданындағы «Wellness Resort» санаторийлік-сауықтыру кешені сияқты маңызды туристік нысандарды пайдалануға беру жоспарлануда.
Мемлекет басшысының туристік аймақтардың дайындық деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде облыс әкімдігімен Шығыс Қазақстан облысының туристификация картасы(2025 жылғы 30 қазандағы №273 қаулы)бекітілді.
Құжатта инфрақұрылым тарту үшін 23 басым аумақ айқындалған. Оның ішінде Бұқтырма су қоймасы мен Сібе көлдерінің жағалауларын және басқа да аумақтарды қамтитын 13 жаппай демалыс орны белгіленген.
2025 жылы туристік аумақтарға апаратын 160 км автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізілді. Рахман қайнарларына апаратын тау жолының құрылысы, сондай-ақ Қазақстандағы ең биік көпір салынатын Өзенов асуын айналып өтетін жол учаскесінің құрылысы аяқталуға жақын.
Үлкен Нарынға, Бұқтырма су қоймасына, Сібе көлдеріне және Марқакөл көліне апаратын 215 км автомобиль жолын жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Жаңғыртудан кейін 5 теміржол вокзалы пайдалануға берілді.
Санитариялық-гигиеналық жағдайды қамтамасыз етубағытында облыста 42 санитариялық-гигиеналық торап(бұдан әрі – СГТ)бар. Оның ішінде ағымдағы жылы негізгі туристік аумақтар мен маршруттарда 10 СГТ орнатылды.
Танымал туристік аймақтарда коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару ұйымдастырылған. Атап айтқанда, өткен жылы Алтай ауданындағы Жаңа Бұқтырма кентінде 8 қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау алаңындағы 45 контейнер жөнделіп, 50 жаңа контейнер сатып алынды.
Туристік аймақтарды ұялы байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Туристификация картасындағы 33 локацияның 30-ы 3G/4G мобильді интернетімен қамтамасыз етілген.
Шалғай аумақтарды интернетпен қамту мақсатында Starlink және OneWeb спутниктік терминалдарын пайдалану мәселесі пысықталуда. Кезең-кезеңімен қосу жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған.