Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

    Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі КММ

    Жоба

    Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

    Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
    2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялансын және енгізу үшін жіберуді;

    2) осы қаулыны Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет – ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етілсін.

    1. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысы

    Ғабит Мүсірепов атындағы

    аудан әкімі Р. Аңбаев

    Келісілді

    Солтүстік Қазақстан облысы

    Ғабит Мүсірепов атындағы

    ауданы мәслихатының төрағасы

    ____________С. Баумағанбетов

    2026 жылғы_______________

    Солтүстік Қазақстан облысы

    Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2026 жылғы

    « __» _____________ № _____ қаулысына қосымша

    Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

    1. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мамандарының лауазымдары:

    1) үйде қызмет көрсету ұйымының (үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері; қызметтерді алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымдар) басшысы;

    2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

    3) біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі бірінші, екінші санатты және санаты жоқ маман - әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

    4) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ маман - арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

    5) біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ маман - қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

    6) біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ маман - психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

    1. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:

    1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

    2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинет меңгерушісі (басшысы);

    3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);

    4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік қойылым бөлімі меңгерушісі (басшысы);

    5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас қор сақтаушысы;

    6) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - барлық атаудағы әдістемешілері (негізгі қызметтердің);

    7) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - библиограф;

    8) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - кітапханашы;

    9) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - қор сақтаушы;

    10) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

    11) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман;

    12) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - музыкалық жетекші;

    13) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

    14) біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман - хореограф;

    15) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - кинооператор;

    16) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - аккомпаниатор;

    17) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - хормейстер;

    18) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - барлық атаудағы әртіс;

    19) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - ұжым (үйірме) басшысы;

    20) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - вокалдан репетитор;

    21) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - кинорежиссер.

    Жүктеу
    cc002a54a8719f195d69e05b992e0a3a_original.21200.docx
    DOCX · 21 КБ
    Жүктеу
    65db4cb41121e3b4bf8f24b946975fc4_original.29012.docx
    DOCX · 28 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Пресс – релиз

    Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихаттың«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 35-2 «2026 жылы СолтүстікҚазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауылдықелді мекендеріне...

    Ақпарат

    Тәркіленген алкоголь өнімдерін есепке алу, сақтау және жою.

    Тәркіленген алкоголь өнімдерін есепке алу, сақтау және жою. Экономика және қаржы бөлімі 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағал...

    Ақпарат

    Ауданның қаңтар-маусым айының 2026 жылғы Әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

    Ауданның қаңтар-маусым айының2026 жылғыӘлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері Атауы Көлемі 2025 жылғы қаңтар-маусым (2025 жылғы қолданыстағы бағамен) Көлемі 2026 жылғы қаңтар-маусым НКИ, % Ескерту Өнеркәс...

    Ақпарат

    Ауданның қаңтар-мамыр айының 2026 жылғы Әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

    Ауданның қаңтар-мамыр айының2026 жылғыӘлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері Атауы Көлемі 2025 жылғы қаңтар-мамыр (2025 жылғы қолданыстағы бағамен) Көлемі 2026 жылғы қаңтар-свсыр айлары НКИ, % Ескерту Өне...

    Ақпарат

    Мемлекеттік рәміздер: пайдаланудың жаңа қағидалары

    Мемлекеттік рәміздер: пайдаланудың жаңа қағидалары Ұжымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және Мемлекеттік Әнұранын пайдалану қағидаларына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыст...

    Ақпарат

    Конституция — құқықтық мемлекеттің негізі

    Конституция — құқықтық мемлекеттің негізі Ұжымда жаңа Конституцияның негізгі ережелері мен оған енгізілген өзгерістерге арналған түсіндіру кездесуі өткізілді. Қатысушыларға конституциялық нормалардың маңызы, олардың азам...

    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары 2026 жылғы 20 шілдеде экономика және қаржы бөлімінде мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша түсінд...

    Ақпарат

    Түсіндірме әңгіме: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі құралдары»

    Түсіндірмеәңгіме: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі құралдары» 2026 жылғы 16 шілдеде экономика және қаржы бөлімінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі құралдары» тақырыбында әңгіме өтті. Әңгіме...