Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі КММ
«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы ереженi бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасында, "Мемлекеттiк органдар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн ұйымдастырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2021 жылғы 1 қыркүйектегi № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. «Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде оның көшiрмесiн электрондық түрде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгiзу үшiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жолдауды қамтамасыз етсiн;
2) ресми жарияланғаннан кейiн осы қаулыны Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн;
3) жоғарыда көрсетiлген Ереженi заңнамада белгiленген тәртiппен әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмiнiң осы салаға жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Жаңалықтар
Құжаттар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары 2026 жылғы 20 шілдеде экономика және қаржы бөлімінде мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Спикер бас маман А. Ю. Дмитриенко осы мәселенің негізгі тұстарын айтып берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама Мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықты, ашықтықты және адалдықты қамтамасыз етуге бағытталған. Әрбір мемлекеттік қызметші заңнаманың талаптарын сақтауға, мүдделер қақтығысының алдын алуға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерге жол бермеуге міндетті. Мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеттері: заңдылық, адалдық және бейтараптық қағидаттарын сақтау; қызметтік жағдайды жеке мүддесі үшін пайдаланбау; мүдделер қақтығысының туындағаны туралы уақтылы хабарлау; қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты сыйлықтарды, сыйақыларды және өзге де пайданы қабылдамау; белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы басшылыққа немесе уәкілетті органдарға хабарлау. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікзаңнамаға сәйкес тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық шараларды қамтиды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті болып табылады және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға, мемлекеттік қызметтің заңдылығы мен тиімділігін нығайтуға ықпал етеді.
Түсіндірме әңгіме: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі құралдары»
Түсіндірмеәңгіме: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі құралдары» 2026 жылғы 16 шілдеде экономика және қаржы бөлімінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі құралдары» тақырыбында әңгіме өтті. Әңгімелесу барысында спикер бас маман А.Ю. Дмитриенко бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі құралдарын егжей-тегжейлі айтып берді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалар мен қатар өткір тұр. Сыбайлас жемқорлық-бұл үнемімұ қият зерделеуді, жүйелі көз қарасты, кешенді және жедел қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы. Еліміздегі сыбайлас жемқорлық тыңдеңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуал ғатеріс әсер етеді және еліміздің имиджін төменд етеді. Сыбайлас жемқорлық-қазіргі қоғамныңең қауіпті және жағымсыз құбылыстарының бірі. Біздің елімізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қатаң жаза қолданылатынын білу өте маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл құралдары екі негізгі бағытты қамтиды-бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Негізгі құралдарға Мемлекеттік сатып алу мониторингі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, басшылардың қарамағындағы сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігі, қоғамдық бақылау, НҚА сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру кіреді. Сыбайлас жемқорлық-терроризммен және елдің қорғаныс қабілетінің төмендеуімен қатар мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін маңызды қатерлердің бірі. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлінуі бекер емес. Мемлекеттегі сыбайлас жемқорлықты жою өмірдің барлық салаларына оң әсер етеді: Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және т. б. бұл ауруға қарсы тұру – елдің әрбір азаматының міндеті!
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 114 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Жоба Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялансын және енгізу үшін жіберуді; 2) осы қаулыны Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет – ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етілсін. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі Р. Аңбаев Келісілді Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының төрағасы ____________С. Баумағанбетов 2026 жылғы_______________ Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2026 жылғы « __» _____________ № _____ қаулысына қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мамандарының лауазымдары: 1) үйде қызмет көрсету ұйымының (үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері; қызметтерді алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымдар) басшысы; 2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі; 3) біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі бірінші, екінші санатты және санаты жоқ маман - әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант; 4) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ маман - арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер; 5) біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ маман - қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер; 6) біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ маман - психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары: 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры); 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинет меңгерушісі (басшысы); 3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы); 4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік қойылым бөлімі меңгерушісі (басшысы); 5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас қор сақтаушысы; 6) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - барлық атаудағы әдістемешілері (негізгі қызметтердің); 7) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - библиограф; 8) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - кітапханашы; 9) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - қор сақтаушы; 10) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі; 11) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман; 12) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - музыкалық жетекші; 13) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер); 14) біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман - хореограф; 15) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - кинооператор; 16) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - аккомпаниатор; 17) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - хормейстер; 18) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - барлық атаудағы әртіс; 19) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - ұжым (үйірме) басшысы; 20) біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - вокалдан репетитор; 21) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман - кинорежиссер.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Жоба Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі Р. Аңбаев Келісілді Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының төрағасы ____________С. Баумағанбетов 2026 жылғы_______________ Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2026 жылғы « _»____________ № ___ қаулысына қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметшілер болып табылатын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария салалары мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындығы аудан әкімдігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 320 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5754 болып тіркелген). «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындығы аудан әкімдігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 320 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындығы аудан әкімдігінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 119 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7388 болып тіркелген). «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындығы аудан әкімдігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 320 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындығы аудан әкімдігінің 2023 жылғы 05 маусымдағы № 108 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7526-15 болып тіркелген). «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындығы аудан әкімдігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 320 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындығы аудан әкімдігінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 273 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7639-15 болып тіркелген).