Мемлекеттік рәміздер: пайдаланудың жаңа қағидалары
Ұжымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және Мемлекеттік Әнұранын пайдалану қағидаларына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қатысушыларға мемлекеттік рәміздерді орналастыруға және олардың мазмұнына қойылатын талаптар, оның ішінде Мемлекеттік Туды ғимараттарда, тұрғын үйлерде, қоғамдық және спорттық іс-шаралар өткізу кезінде пайдаланудың жаңа қағидалары түсіндірілді. Мемлекеттік Тудың бүлінуіне, оны тиісінше пайдаланбауға, сондай-ақ жарнамалық және тұрмыстық мақсаттарда қолдануға жол берілмейтініне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар Мемлекеттік Тудың бейнесін спортшылардың спорттық киімдері мен жабдықтарына орналастыруға рұқсат етілетіні атап өтілді. Жүргізілген жұмыс құқықтық сауаттылықты арттыруға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.

