Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары

    Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі КММ

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары

    2026 жылғы 20 шілдеде экономика және қаржы бөлімінде мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді . Спикер бас маман А. Ю. Дмитриенко осы мәселенің негізгі тұстарын айтып берді . Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама Мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықты, ашықтықты және адалдықты қамтамасыз етуге бағытталған. Әрбір мемлекеттік қызметші заңнаманың талаптарын сақтауға, мүдделер қақтығысының алдын алуға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне әкеп соғуы мүмкін іс- әрекеттерге жол бермеуге міндетті.

    Мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеттері:

    заңдылық, адалдық және бейтараптық қағидаттарын сақтау; қызметтік жағдайды жеке мүддесі үшін пайдаланбау;

    мүдделер қақтығысының туындағаны туралы уақтылы хабарлау; қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты сыйлықтарды, сыйақыларды және өзге де пайданы қабылдамау;

    белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы басшылыққа немесе уәкілетті органдарға хабарлау.

    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікзаңнамаға сәйкес тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық шараларды қамтиды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті болып табылады және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға, мемлекеттік қызметтің заңдылығы мен тиімділігін нығайтуға ықпал етеді .

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Түсіндірме әңгіме: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі құралдары»

    Түсіндірмеәңгіме: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі құралдары» 2026 жылғы 16 шілдеде экономика және қаржы бөлімінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі құралдары» тақырыбында әңгіме өтті. Әңгіме...

    Қаулы

    «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 114 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    НҚА жобасы

    Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

    Жоба Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбе...

    НҚА

    Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    Жоба Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақста...