Жеке тұлғалардың мүлік салығы
Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілері Салық кодексінің 599 бабына сәйкес салық салу объетісі бар жеке тұлғалар.
Қазақстан Республикасының аумағындағы:
1) өздеріне меншік құқығында тиесілі тұрғынжайлар, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, орынтұрақ орындары және өзге де құрылыстар, құрылысжайлар, үй-жайлар;
2) жеке тұлғаларға меншік құқығында тиесілі жер учаскелері жеке тұлғаларға мүлік салығын салу объектісі болып табылады.
Мемлекеттік корпорация салықтық кезеңнен кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жеке тұлғалар үшін тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық салу объектілерінің құнын белгіленген тәртіппен айқындайды.
Мүлік салығын төлеушілер-салық салынаты мүлікке иелік ететін жеке тұлғалар.
Егер салық салынатын мүлік бірнеше тұлғаның бірлескен меншігінде болса, онда бұл тұлғалардың әрқайсысы олардың жалпы үлесін ескере отырып, салық төлеуші болып саналады. Мысалы, егер мүлік екі тұлғаға тиесілі болса және әрқайсысының 50 пайыз үлесі болса, салық әрбір иесі үшін бөлек, 50 пайыз мөлшерлеме бойынша есептеледі.
Егер салық салынатын мүлік бірлескен меншікте болса, салық төлеуші олардың арасында келісім бойынша салық салынатын мүліктің меншік иелерінің бірі бола алады.
Салық кодексінің 603-бабының 1-тармағына сәйкес, салық органдары салықтарды жыл сайын есепті салық кезеңінен кейіегі 1 шілдеден кешіктірмей есептейді. Қазіргі уақытта 2025 жылға арналған салық сомалары есептелді, ал салық төлеушілер Kaspi және Halyk мобильды қосымшалары арқылы алдағы мүлік салығы бойынша төлемдер туралы push-хабарламалар алды.
1 қазаннан кейін салық органдары салық берешегін өндіріп алуды мәжбүрлеп жүзеге асыра бастайды. Бұл салық берешегі туралы хабарламалар жіберілетін білдіреді. Бұл хабарламаларды жеткізілгеннен кейін 30 жұмыс күн ішінде орындамау берешектерді өндіріп алу туралы салық бұйрықтарының шығарылуына әкеледі. 5 жұмыс күні ішінде орындамау жеке сот орындаушыларына бұйрықтардың шағарылуына әкеледі.