«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2016 жылғы
7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасының, астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ережеде:
1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салықтардың және бюджетке басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету;
2) этил спиртінің, алкоголь өнімінің және темекі бұйымдарының өндірісі мен айналымы;
3) мұнай өнімдерінің және биоотынның айналымы;
4) кеден ісі;
5) оңалту және банкроттық (қазыналық кәсіпорындарды, мекемелерді, банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару;
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Департаменттің құзыретіне кіретін өзге де салаларда мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілетті аумақтық органы болып табылады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Департаментке Департаменттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Департаментке Қазақстан Республикасының заңдарымен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекет бюджетіне жіберіледі.».
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, қоршаған ортаны қорғау;
2) сақталуын бақылау мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден, салық және өзге де заңнамаларының, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кеден заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету;
3) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігін қорғау және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу;
5) ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуді жеделдету және оңайлату үшін жағдайлар жасау;
6) биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы, темекі бұйымдарының, этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;
7) халықаралық іскерлік операцияларда және халықаралық іскерлік операциялармен байланысты мәмілелерде бақылауды жүзеге асыру;
8) мәмілелерге қатысушылардың халықаралық іскерлік операцияларда және халықаралық іскерлік операциялармен байланысты мәмілелерде трансферттік бағаларды қолдануын болғызбауға бағытталған қағидалардың ашық жүйесін құру;
9) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
10) жүргізілетін валюталық операциялардың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкестігін айқындау;
11) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету;
12) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
- Департаменттің құқықтары:
1) салық салу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, соның ішінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен ақпарат алмасуға;
2) салық төлеушіден (салық агентінен):
салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің (бұдан әрі – бюджетке төленетін төлемдер) дұрыс есептелуін және уақтылы төленуін (ұстап қалу мен аударуды), әлеуметтік төлемдердің есептелуінің, ұсталуының және аударылуының толықтығы мен уақтылығын растайтын құжаттарды ұсынуды;
салық төлеуші (салық агенті) жасаған салық нысандары, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қаржылық есептілігі, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан оның еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін қоса алғанда, егер мұндай тұлға үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен міндетті аудит жүргізу белгіленген болса, аудиторлық есепті қоса бере отырып, резидент-салық төлеушінің (салық агентінің) шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша жазбаша түсініктемелер беруді талап етуге;
3) уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясынан, қаржы және төлем ұйымдарынан, коллекторлық агенттіктерден, екінші деңгейдегі банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, сондай-ақ өзге де тұлғалардан Қазақстан Республикасының Салық кодексінде (бұдан әрі – Салық кодексі) айқындалған тәртіппен және мақсаттарда мәліметтерді сұратуға және (немесе) алуға;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және шет мемлекеттердің органдарынан, декларанттардан, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардан және тексерілетін тұлғалардан қажетті ақпаратты, сондай-ақ кеден ісі саласына жататын құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;
5) жеке тұлғаның салықтық есептілігінде көрсетілген кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің анықтығы, салықтық міндеттемелердің толық орындалу фактісі бөлігінде жеке тұлғаға тексеру жүргізуге;
6) салықтық тексерулерге және бақылаудың өзге де нысандарына, сондай-ақ кедендік бақылау жүргізу кезінде білімнің әртүрлі саласындағы мамандарды тартуға;
7) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын реттеу мәселелері бойынша өзге де мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасы мен өзге де мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары қатарынан консультанттар мен сарапшыларды тартуға;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттандыруды, бейне және аудиожазбаны, кино және фототүсірілімді, сондай-ақ Салық кодексінде белгіленген жағдайларда үшінші тұлғаларға сауалнама жүргізуге;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес цифрлық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын пайдалануға;
10) соттарға мәмілелерді жарамсыз деп тану, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы талап қоюды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретке және міндеттерге сәйкес өзге де талап арыздарды беру;
11) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес салық төлеушіні банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салықтық және кедендік мәдениетті арттыру үшін оқу және баспа қызметін жүзеге асыруға;
13) салықтық және кедендік мәдениетті арттыру және салықтық және кедендік тәртіпті нығайту бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасы мен ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы мәселелері бойынша қоғамды ақпараттандыру арқылы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге;
14) мемлекеттік кірістер органының ақпараттық (цифрлық) жүйесінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы Салық кодексіне сәйкес қабылданатын шешімдерді куәландыруға;
15) салықтық әкімшілендіру кезінде мемлекеттік кірістер органының ақпараттық (цифрлық) жүйелерінде биометриялық сәйкестендіру құралын қолдануға;
16) Салық кодексінде көзделген іс-шараларды жүргізу арқылы салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемелерді орындауы үшін жағдайлар жасауға;
17) салықтық әкімшілендіруді жетілдіру мақсатында салықтық әкімшілендірудің және салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерді орындауының өзгеше тәртібін, оның ішінде салық агенті функцияларын жүктей отырып пилоттық жобаны іске асыруға;
18) көлік құралдарын тоқтатады, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының рұқсатынсыз ЕАЭО кедендік аумағынан шығып кеткен су және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтаруға;
19) кедендік бақылау аймақтарында және кедендік бақылау аймақтарынан тыс жерлерде көлік құралдарын тоқтатуды жүзеге асыруға;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден ісі саласында құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды ұстайды және мемлекеттік кірістер органының немесе Қазақстан Республикасының өзге де органдарының қызметтік үй-жайларына жеткізуге;
21) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (бұдан әрі – Кеден кодексі) айқындалған тәртіппен автомобиль көлігі құралдарын және ондағы тауарларды ұстауды, осындай ұсталған автомобиль көлігі құралдарын және тауарларды тасуды (тасымалдауды) жүзеге асыруға, сондай-ақ автомобиль көлігі құралдарын және ондағы тауарларды сақтау орнына жеткізуді алып жүруге;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органына жүктелген функцияларды орындау үшін арнайы құралдарды қоса алғанда, тауарларды сатып алуға;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес физикалық күш пен арнайы құралдарды қолдануға;
24) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды және істерді қарайды, әкімшілік ұстауды жүргізуге, сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (бұдан әрі – ӘҚБтК) көзделген басқа да шараларды қолдануға;
25) құқық қорғау органдарынан және (немесе) уәкілетті органнан қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықтимал қатысы туралы ақпарат алынған кезде ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақшаны және (немесе) ақша құралдарын ұстауды (тоқтатуды) жүзеге асыруға;
26) уәкілетті органға жүктелген міндеттерді шешу үшін Кеден кодексінің 54-тарауында көзделмеген сараптамаларды жүргізуге;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеуді жүзеге асыру;
28) көшпелі кедендік тексерулер жүргізу кезінде алып қою актісін жасай отырып, тексерілетін тұлғадан құжаттарды немесе олардың көшірмелерін алуға;
29) тауарларды иеліктен шығаруға не осы тауарларға өзге тәсілмен билік етуге бағытталған әрекеттердің жолын кесу үшін көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тауарларға тыйым салуға немесе оларды алып қоюға;
30) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда құжаттар мен тауарлар тұрған (сақталатын) үй-жайларды, қоймаларды, архивтерді және өзге де орындарды мөрлеп бекітуге;
31) тексерілетін тұлғадан, оның өкілдерінен тексеруге жататын мәселелер шеңберінде оның қызметі мен мүлкіне қатысты қажетті құжаттарды (олардың көшірмелерін), өзге де ақпаратты, соның ішінде электрондық түрде талап етуге және алуға;
32) тексерілетін тұлғадан бухгалтерлік есепті автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету деректерін және (немесе) тексерілетін тауарларға қатысты бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің деректері бар ақпараттық (цифрлық) жүйені қарауға рұқсат беруді және (немесе) электрондық жеткізгіште және (немесе) қағаз жеткізгіште ұсынуды талап етуге;
33) Қазақстан Республикасында және шет мемлекеттерде салық және кеден заңнамасын қолдану практикасын талдауға және қорытындылауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасын және ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
34) кредиторлар жиналысына оңалтуды басқарушы, банкроттықты басқарушы кандидатураларды тағайындаудан дәлелді бас тарту не оңалтуды басқарушыны, банкроттықты басқарушыны тіркеуден шығару туралы хабарлама жолдауға;
35) құзыреті шегінде темекі өнімін өндірушілерге темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салуды жолдауға;
36) ӘҚБтК-ге сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып қоюға немесе алуды жүргізуге;
37) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді көтермелеуге, тәртіптік жазалар қолдануға, қызметкерлерді материалдық жауаптылыққа тартуға;
38) Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрес бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысуға;
39) Департаменттің лауазымды адамдарын даярлауды, қайта даярлауды және кәсіптік біліктілігін арттыруды жүргізуге;
40) валюталық операциялар бойынша есептілікті ұсыну тәртібін айқындауға, валюталық операцияларды жүргізумен байланысты құжаттарды және (немесе) ақпаратты сұратуға, анықталған бұзушылықтарды, оларды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы талаптар қоюға және Қазақстан Республикасындағы барлық резиденттер мен бейрезиденттердің орындауы үшін міндетті болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да шараларды қабылдауға;
41) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардан өткізілетін тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;
42) Мемлекеттік шекарада жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің экономикалық және өзге де мүдделерін қорғау бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге;
43) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаменттің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге, талап қоюды беруге;
44) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөнінде түсіндірулерді жүзеге асыру және түсіндірмелер беру;
45) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру құқығы бар.»;
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
«14-1. Департаменттің міндеттері:
1) салық төлеушінің (салық агентінің), декларанттардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың құқықтарын сақтауға;
2) өз өкілеттіктері шегінде декларанттар мен кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға олардың құқықтарын іске асыруда жәрдем көрсетуге;
3) қызметтік әдепті сақтауға;
4) өз құзыреті шегінде мемлекеттің мүдделерін қорғауға;
5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасын сақтау үшін ЕАЭО-ның кедендік шекарасын қорғауды қамтамасыз етуге;
6) өз құзыреті шегінде Кеден кодексінде белгіленген мерзімдерде шешімдер қабылдауға және декларанттар мен кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың ЕАЭО және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген шарттарды сақтау және міндеттерді орындау бойынша олардың қызметіне бақылауды жүзеге асыруға;
7) өз құзыреті шегінде Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде шешімдер қабылдауға;
8) ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететін жағдайлар жасау арқылы сыртқы сауданың дамуына жәрдемдесуге;
9) ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыруға;
10) кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, антидемпингке қарсы, өтемақы баждарын толық өндіріп алынуды және бюджетке уақтылы аударуды қамтамасыз етуге;
11) бюджетке белгіленген мерзімде төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың сомаларын, сондай-ақ өсімпұлдарды, пайыздарды өндіріп алуға;
12) қолданыстағы салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы, ЕАЭО кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының ережелері туралы ақпарат ұсынуға;
13) өз құзыреті шегінде салық төлеушіге (салық агентіне) ол ұсынған мәліметтер мен құжаттар шегінде оның салықтық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсіндірулерді жүзеге асыру және түсіндірмелер беру;
14) кеден ісі саласында өтеусіз ақпарат және консультация беруді жүзеге асыруға;
15) талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу фактісін растайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету;
16) мемлекеттік кірістер органының және (немесе) мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) өтініштерді, арыздар мен шағымдарды, оның ішінде салық төлеушінің (салық агентінің) және сыртқы экономикалық қызметке қатысушының салықтық және кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылығын, мемлекеттік кірістер органының салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне келіп түскен жазбаша қарсылығы бойынша сұрау салуын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау;
17) субъектілердің этил спиртінің, алкоголь өнімінің және темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымы, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері мен биоотын айналымы саласында қолданылатын технологиялық процесс, сақтау және өткізу нормаларын, қағидалары мен нұсқаулықтарын, техникалық регламенттер мен стандарттарды сақтауын тексеруге;
18) этил спирті өндірісінің технологиялық желілері мен алкоголь өнімдерін құю желілерінің тиісті спирт өлшегіш аппараттармен және есепке алуды бақылау аспаптарымен жарақтандырылуын және олардың жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыруға;
19) этил спиртін, арақтарды және ликер-арақ бұйымдарын өндірудің ең төменгі көлемін өндіру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талапты сақтау үшін олардың іс жүзінде өндірілу көлемдерін тексеруге;
20) салықтық бақылау барысында анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау фактісі бойынша ӘҚБтК-де көзделген шараларды қабылдауға;
21) мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс жүргізуі Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының құзыретіне жатқызылған қылмыстық және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтаған кезде, мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде осындай құқық бұзушылықтар бойынша бар материалдарды Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына беруі;
22) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл бойынша өзге де шаралар қабылдайтын уәкілетті мемлекеттік органға, активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына мемлекеттік кірістер органының ақпараттық (цифрлық) жүйесіне қолжетімділік беру;
23) масс-медиада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты орналастыруға және жариялауға;
24) салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға және салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегін мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алуға;
25) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық есептілікті және салықтық өтінішті электрондық құжат нысанында, оның ішінде веб-қосымша арқылы ұсыну үшін қажетті салықтық есептілік нысандарының, салықтық өтініштердің бланкілерін және (немесе) бағдарламалық қамтамасыз етуді тегін ұсыну;
26) бейрезидент-салық төлеушіге, салық агентіне бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтамалар ұсынуға;
27) салық төлеушіге (салық агентіне) веб-қосымша арқылы салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың барлық немесе жекелеген түрлері бойынша бюджетпен есеп айырысу жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірмелер және олар бойынша берешектің жоқтығы (бар екендігі) туралы мәліметтер ұсынуға;
28) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша субъектілерге тексеру жүргізуге;
29) акцизделетін тауарларды өндіруді және импорттауды жүзеге асыратын ұйымдарда акциздік бекеттердің қызметіне бақылауды жүзеге асыруға;
30) салықтық құпияны және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;
31) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынылатын жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес электрондық нысанда ақпарат алмасу кезінде өздеріне мәлім болған коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтауға;
32) салық төлеушілердің, салық салу объектілерінің және (немесе) салық салумен байланысты объектілердің есебін, есептелген, жазылған және төленген салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, есептелген, ұсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, есептелген және төленген әлеуметтік аударымдардың есебін жүргізуге;
33) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарына және олардың отбасы мүшелеріне қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуге;
34) өз құзыреті шегінде құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және анықтау бойынша жұмыс жүргізуге;
35) ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететін жағдайлар жасау арқылы сыртқы сауданың дамуына жәрдемдесуге;
36) ӘҚБтК-де белгіленген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартуға;
37) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды ӘҚБтК-де көзделген тәртіппен қайта қарауға;
38) кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалуы туралы ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыруға;
39) ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Қазақстан Республикасының басқа да тиісті мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, ЕАЭО-ның кедендік шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
40) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жәрдем көрсетуге;
41) теңгерімдегі өткізу пункттерін, инженерлік-техникалық құрылыстарды, бөгеттерді, коммуникацияларды күтіп-ұстауды жүзеге асыруға, сондай-ақ пайдаланылатын жабдықтың пайдаланылуын және сақталуын қамтамасыз етуге;
42) кеден ісі саласында келіп түсетін сұрау салулар мен ұсыныстарды ескере отырып, өтініштерді уақтылы, объективті және жан-жақты қарауды және жауаптар ұсынуды немесе тиісті іс-қимылдарды жасауды қамтамасыз етуге;
43) ЕАЭО және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыруға;
44) мемлекет меншігіне айналдырылған тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарына берілгенге дейін осындай тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
45) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;
46) салықтық және кедендік әкімшілендірудің бизнес-процестерін жаңғыртуға және реинжинирингтеуге қатысуға;
47) Кеден кодексіне сәйкес мобильді топтар құруға;
48) автомобиль көлік құралын тоқтатқан кезде Кеден кодексінде көзделген тәртіппен кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдана отырып, кедендік бақылау жүргізуге;
49) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көлемдерi бойынша ұсыныстар енгізу;
50) Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру қағидаларында белгіленген тәртіппен жұмылдыру дайындығын жоспарлауға және ұйымдастыруға қатысу, жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың жұмылдыру дайындығына бағалау жүргізу;
51) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты ұсынуға;
52) әскери міндеттілерді бекітіп қою бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүргізуге;
53) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету;
54) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, ұйымдарды соғыс жағдайы режиміне көшіру жөніндегі шаралар кешенін ұйымдастыру және жүргізу;
55) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жұмылдыру жоспарларын әзірлеуге және бекітуге;
56) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізуге қатысуға;
57) салықтық тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін салық төлеушінің белгіленген жұмыс режимін сақтауға;
58) салықтық тексеру жүргізу кезінде тексерілетін тұлғаға немесе оның өкілдеріне нұсқаманы, сондай-ақ өздерінің қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын көрсетуге;
59) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Функциялары:
1) кедендік операцияларды жасау және кедендік бақылауды, оның ішінде өзара әкімшілік көмек көрсету шеңберінде жүргізу;
2) кедендік төлемдер мен салықтарды, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын өндіріп алу, олардың дұрыс есептелуін және уақтылы төленуін бақылау, есепке жатқызу (қайтару) және оларды мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша шаралар қабылдау;
3) ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік-тарифтік реттеу шараларының, тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын қамтамасыз ету;
4) тұлғалар тауарларды ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізген кезде олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету және ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдету үшін жағдайлар жасау;
5) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің валютасын, бағалы қағаздарын және (немесе) валюталық құндылықтарын, жол чектерін ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізуге бақылауды жүзеге асыру кезінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің халықаралық шартына сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу;
7) ЕАЭО кедендік аумағында зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың қорғалуын қамтамасыз ету;
8) кедендік статистиканы жүргізу;
9) Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді жетілдіруге және іске асыруға қатысу;
10) ЕАЭО-ның бірыңғай сауда саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
11) кедендік декларациялауды, кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операцияларды жүргізуді оңайлатуға ықпал ететін жағдайлар жасау;
12) тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу бойынша шаралар қабылдау;
13) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету және кеден ісі саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу;
14) мемлекеттік кірістер органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;
15) өткізу пункттерінде және тауарларды ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізетін өзге де орындарда радиациялық бақылау жүргізу;
16) ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау жүргізу;
17) автомобиль, теңіз өткізу пункттерінде және тауарларды ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізетін өзге де орындарда, оның ішінде тауарларды жеткізу орындарында, кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау кезінде көліктік бақылау жүргізу;
18) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің кеден органдарымен және өзге де органдарымен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасасу;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асыру;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тауарларды сыныптауды жүзеге асыру;
21) мемлекеттік кірістер органдарының кадрларын, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау саласында даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру және жүргізу;
22) салықтық әкімшілендіруді, салықтық бақылауды, бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыру;
23) есеп жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда, жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналым, шығындар, шығыстар) негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді айқындау;
24) салықтық берешекті және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша жұмысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
25) нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзырет шегінде салықтық және салықтық емес түсімдерді есепке жатқызуды және/немесе қайтаруды жүзеге асыру;
26) акцизделетін тауарларды өндірушілердің, акцизделетін тауарлардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың, борышкердің мүлкін (активтерін) өткізу кезіндегі банкроттықты басқарушылар мен оңалтуды басқарушылардың акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау, Қазақстан Республикасының аумағына акцизделетін тауарларды өткізу тәртібін сақтауы бөлігінде, сондай-ақ акциздік бекеттер орнату арқылы бақылауды жүзеге асыру;
27) кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру;
28) ӘҚБтК-мен мемлекеттік кірістер органының қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және қарау;
29) кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды, оның ішінде ЕАЭО және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы тұрақты негізде уақтылы ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
30) үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың әкетілуіне жол бермеуді бақылауды жүзеге асыру;
31) әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдау;
32) ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарларды сыныптаудың дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру,
33) тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы шешім қабылдау және түсіндірме беру, тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы шешімді жариялауды қамтамасыз ету;
34) белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді қабылдау;
35) оның негізінде кедендік төлемдер мен салықтардан босату ұсынылатын, ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен айқындалған құжаттарды қарау;
36) кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтар, арнайы, демпингке қарсы өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеуді бақылауды жүзеге асыру;
37) тауарлар мен көлік құралдарының ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілуін кедендік бақылауды жүзеге асыру;
38) Сауда рәсімдерін жеңілдету туралы келісімнің шеңберінде Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерден транзиттік операциялар бойынша сұрау салулар мен ұсыныстардың қарауын үйлестіру (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қазандағы Заңмен ратификацияланған 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне қосымша) (бұдан әрі – СРЖК);
39) СРЖК шеңберінде Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерінің кеден органдарының сұрау салулары бойынша ақпаратты ұсыну;
40) тәуекелдерді бағалау және басқару бойынша қызметті жүзеге асыру;
41) мүдделі тұлғаларға ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларын қолдану мәселесі бойынша және мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша өтеусіз негізде консультация беру;
42) тәуекелдерді басқару жүйесін және салықтық тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану;
43) кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын толық өндіріп алуды және уақтылы аударуды қамтамасыз ету;
44) Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді жетілдіруге және іске асыруға қатысу;
45) ЕАЭО кеден шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Мемлекеттік шекарада көлік құралдарын, оның ішінде тауарлардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын көлік құралдарын тоқтату;
46) тасымалдаушыдан немесе ЕАЭО кеден шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар өткізуді жүзеге асыратын тұлғадан өткізілетін тауарларға қатысты қажетті ақпаратты, сондай-ақ құжаттар мен мәліметтерді сұрату және алу;
47) ЕАЭО кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
48) құзыреті шегінде тауарларды таңбалауды және қадағалауды жүзеге асыру;
49) өз құзыреті шегінде таңбалауға және қадағалануға жататын, оның ішінде ЕАЭО мүше мемлекеттермен өзара саудадағы тауарлар айналымына мониторингті жүзеге асыру;
50) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру және жұмыс істеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
51) өз құзыреті шегінде трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша ақпарат және түсіндірмелер беру;
52) «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының заңында көзделген жағдайларда трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулер жүргізу;
53) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
54) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз ету;
55) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз ету;
56) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарау;
57) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдану;
58) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына беру;
59) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізу;
60) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз ету;
61) этил спиртінің, алкоголь өнімінің және темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыру;
62) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы, темекі өнімдерін өндіру саласындағы Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтау бойынша бақылау жүзеге асыру;
63) алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін сату кезінде ең төменгі бағалардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
64) алкоголь өнімін сақтауға, көтерме және бөлшек саудада өткізуге лицензия беру;
65) темекі бұйымдарын өндіру және олардың айналымы көлемдерінің теңгерімін бақылауды, есепке алу мен талдауды жүргізу;
66) этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруді және олардың айналымын бақылауды жүзеге асыру;
67) этил спиртi, алкоголь өнiмдерi, темекi бұйымдары өндiрісін және олардың айналымын, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнiң және биоотынның жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi мен айналымын бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
68) мұнай өнімдерінің және биоотынның айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
69) мұнай өнімдерінің айналымына камералдық бақылауды жүзеге асыру;
70) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
71) биоотын айналымына камералдық бақылауды жүзеге асыру;
72) «Оңалту және банкроттық туралы» (бұдан әрі – Оңалту және банкроттық туралы заң) және «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» (бұдан әрі – Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы, сондай-ақ қаржы басқарушысы етіп тағайындау;
73) Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы заңға сәйкес қаржы басқарушысына сыйақы төлеу туралы өтінішхат беру;
74) Оңалту және банкроттық туралы және Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы заңдарға сәйкес интернет-ресурста кредиторлар талаптарының тізілімін орналастыру;
75) табиғи монополия субъектiлерi немесе тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын немесе республика экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер, оның ішінде акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған, сондай-ақ оларға қатысты осындай тәртіп Оңалту және банкроттық туралы заңда көзделген мемлекеттiң бастамасы бойынша банкрот деп танылған ұйымдар банкрот болған кезде мүліктік массаны өткiзудiң ерекше шарттары мен тәртiбiн және мүліктік масса объектiлерiн сатып алушыларға қосымша талаптарды белгiлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
76) оңалтуды басқарушының оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы, уақытша басқарушының борышкердің қаржылық жай-күйі туралы мәліметтерді жинаудың және банкроттық рәсімнің жүзеге асырылу барысы туралы, банкроттық басқарушының банкроттық рәсімнің жүргізілу барысы туралы ағымдағы ақпараттарын қарау;
77) Мемлекеттік шекара арқылы өнімді өткізуді бақылау;
78) халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасының құқықтардың жүзеге асырылуын және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық шарттардың басқа қатысушыларының өз міндеттемелерін орындауын қадағалау;
79) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану бойынша шаралар қабылдау;
80) оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыны шеттету;
81) борышкердің мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізу тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
82) Оңалту және банкроттық туралы заңның 7-бабына сәйкес мән-жайлар кезінде жасалған мәмілелерді анықтау бойынша шаралар қабылдау;
83) оңалту рәсімдері мен банкроттық рәсімдердің өткізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
84) санацияға қатысушыдан растайтын құжаттарды сұратуды жүзеге асыру;
85) Оңалту және банкроттық туралы заңда көзделген жағдайда банкроттың мүлкін уақытша басқарушының сатуына келісу;
86) Оңалту және банкроттық туралы және Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы заңдарға сәйкес уақытша әкімшінің, оңалту, уақытша, банкроттық және қаржы басқарушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау;
87) Оңалту және банкроттық туралы және Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы заңдарға сәйкес мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан және олардың лауазымды адамдарынан борышкерлер туралы сұрау салуды жүзеге асыру және ақпарат алу;
88) Оңалту және банкроттық туралы заңға сәйкес уақытша және банкроттықты басқарушыларға банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпаратты ұсыну;
89) Оңалту және банкроттық туралы заңға сәйкес қаржы басқарушысына борышкердің қаржылық жағдайы, оның мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпаратты беру;
90) Оңалту және банкроттық туралы заңға сәйкес бұзушылықтар анықталған жағдайда уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың шешімдері мен әрекеттерін (әрекетсіздігін) сотта даулау;
91) өз құзыреті шегінде оңалту және банкроттық рәсімдердің жүргізілуі, өткізілуі және тоқтатылуы бойынша түсіндірулер мен түсіндірмелер беру;
92) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдармен электрондық тәсілмен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
93) Оңалту және банкроттық туралы заңға сәйкес:
кредиторлар жиналысын өткізу туралы ақпараттық хабарламаны;
банкроттық туралы iс қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды;
борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы хабарландыруды;
оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды;
қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізілімін, сондай-ақ талаптары танылмаған кредиторлардың тізбесін,
банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды;
борышкерге қатысты берешекті қайта құру рәсімін қолдану туралы хабарландыруды;
әкімшінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғалардың тізімін интернет-ресурсқа орналастыру;
94) Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы заңына сәйкес интернет-ресурста орналастыру:
өздеріне қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі қолданылған, тоқтатылған және аяқталған азаматтардың тізімін;
өздеріне қатысты соттардың тиісті ұйғарымдары мен шешімдері заңды күшіне енген азаматтардың тізімін;
төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттығы рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы қазақ және орыс тілдеріндегі хабарландыруды орналастыру;
95) Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы заңға сәйкес «Цифрлық үкімет» веб-порталында орналастыру:
өздеріне қатысты сот арқылы банкроттығы рәсімі қолданылған, тоқтатылған және аяқталған азаматтардың тізімін;
өздеріне қатысты соттардың тиісті ұйғарымдары мен шешімдері заңды күшіне енген азаматтардың тізімін;
96) Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы заңға сәйкес хабарламаны рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алып тастаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде борышкер мен кредиторға қаржы басқарушысының осындай тізілімнен алып тасталғаны туралы және жаңа қаржы басқарушысының тағайындалуы туралы ақпарат жібереді;
97) Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы заңға сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттығы рәсімдерінде қаржы басқарушысының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
98) Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы заңға сәйкес кредитордың арызы бойынша борышкерді әдейі банкроттық тұрғысынан тексеру жүргізу;
99) Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы заңның 35-бабының
1-тармағында көзделген жағдайларда төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттығы рәсімін тоқтату туралы сотқа өтінішхат жолдау;
100) Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы заңға сәйкес банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алу фактісі анықталған жағдайда кредиторларға банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг нәтижелерін жіберу;
101) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және валюталық бақылау агенттерімен бірлесіп резиденттердің (шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) репатриациялау талабын орындауын бақылау мақсатында экспорт немесе импорт жөніндегі жекелеген валюталық шарттар шеңберінде ақша қозғалысын және міндеттемелердің өзге де орындалуын мониторингтеуді жүзеге асыру;
102) тексерілетін резиденттің экспорт немесе импорт бойынша ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындауына валюталық бақылау жүргізу кезінде «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 20-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген тексеруді жүргізу және (немесе) бақылаудың өзге де нысанын жүзеге асыру;
103) тексерілетін резиденттің экспорт немесе импорт бойынша ұлттық және (немесе) шетел валютаны репатриациялау талабын орындауына валюталық бақылау жүргізу кезінде Валюталық бақылау туралы заңының 20-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген тексеруді жүргізу және (немесе) бақылаудың өзге де нысанын жүзеге асыру;
104) мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;
105) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шараларын қабылдау;
106) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.»;