ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. бұйрығы № 326 (01.09.2026 ж., Әділет министрлігінде тіркелген 02.09.2026 ж., № 39803).
Кімге және не тыйым салынады?
2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) ЕАЭО ЕАЭБ ТН ВЭД 0808 10 тауарлық субпозициясында жіктейтін алмаларды үшінші елдерден және ЕАЭО мүше мемлекеттерінен көліктің барлық түрлерімен Қазақстанға әкелуге тыйым салынады.
Ерекшеліктер (неге тыйым салынбайды):
1.Транзит: ҚР өңірі арқылы алмаларды транзитпен тасымалдау (соның ішінде ЕАЭО елдері арасында), егер соңғы межелі орны Қазақстан болмаса.
2.Бұйрыққа дейін жөнелтілгендер: Бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін жөнелту елінде экспорттық кедендік рәсімге орналастырылған алмалар (экспорттық декларация, көлік құжаттары немесе транзиттік декларация болған кезде).
3.Нақты кіргізілгендер: Бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін ҚР аумағына нақты әкелінген (соның ішінде уақытша сақтаудағы) алмалар (растаушы құжаттар болған кезде).
Күшіне ену мерзімі:
Бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі ( 2026 жылғы 3 қыркүйектен бастап).