2026 жылға арналған Шортанды ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы

    Шортанды ауданының әкімдігі

    «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8, 9 тармақтарына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабының 5-тармағына, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. 2026 жылға арналған Шортанды ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне:

    1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;

    2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:

    ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекенге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;

    ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.

    1. Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 02 желтоқсандағы № 8С-45/3 «2026 жылға арналған Шортанды ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешімінің күші жойылсын.
    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Шортанды аудандық мәслихатының төрайымы

    Г. Сәдуақасова

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Ақмола облысы Шортанды ауданы Бектау ауылдық округі, сондай-ақ Шортанды және Жолымбет кенттері әкімі болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама

    2026 жылғы 8 қырқүйекке сағат 18.00-де Шортанды ауданы Шортанды кенті, Жолымбет кенті және Бектау ауылдық округі әкімі болуға кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Барлығы 12 кандидат ұсынылды, оның ішінде 12 (100 %) - өз...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шортанды ауданының аумағындағы сайлау учаскелері

    Шортанды ауданы әкімінің2026 жылғы «___» _________№ _____ шешімінеқосымша Шортанды ауданы әкімінің2021 жылғы 21 мамырдағы№ 7 шешімінеқосымша Шортанды ауданының аумағындағы сайлау учаскелері № 692 сайлау учаскесі Орнал...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Үгіт материалдары үшін баспа алаңын беру шарттары және төлем мөлшері туралы

    Хабарлама Үгіт материалдары үшін баспа алаңын беру шарттары және төлем мөлшері туралы 2026 жылғы 4 қазанда Шортанды ауданы Бектауауылокругі, Жолымбет және Шортанды кентіәкімдерініңсайлауыныңтағайындалуына байланысты, Шор...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сайлау жарнасын енгізуге арналған деректемелер

    АҚМОЛА ОБЛЫСЫ АППАРАТ АКИМА ШОРТАНДЫ АУДАНЫШОРТАНДИНСКОГО РАЙОНА ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ 021600, Шортанды кенті, Абылай хан к., 20 021600, п. Шортанды, ул. Абылай хана, 20 тел.: 8 (71631) 2 12 13, факс: 8...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-бабының 2-тармағына және Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 26 тамыздағы № 41/45 «Шортанды ауданының...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шортанды ауданы Новоселовка ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы ХАБАРЛАМА

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6 тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына және «Шортанды ауданы Новоселовка ауылдық...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хаттама

    Жер комиссиясы отырысының № 22 ХАТТАМАСЫ

    Жер комиссиясы отырысының № 22 ХАТТАМАСЫ Протокол № 22 заседания земельной комиссии 2026 ж 26 тамыз Басталуы сағат 16: 00 -де аяқталуы сағат 16:40-да 26 тамыз 2026 г. Начало16:00часовокончание 16:40 часов Керимбаев Айб...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 4 қазанға тағайындалған Шортанды ауданы Бектау ауылдық округі әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына және Шортанды, Жолымбет кенті әкімдерінің заңда белгіленген өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

    Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 26 тамыздағы № 41/45 қаулысымен бекітілген 2026 жылғы 4 қазанға тағайындалған Шортанды ауданы Бектау ауылдық округі әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімі...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды: