2026 жылғы 8 қырқүйекке сағат 18.00-де Шортанды ауданы Шортанды кенті, Жолымбет кенті және Бектау ауылдық округі әкімі болуға кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Барлығы 12 кандидат ұсынылды, оның ішінде 12 (100 %) - өзін-өзі ұсынды.
Орташа бәсекелестік - 4 адам.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2026 жылғы 13 қыркүйекте сағат 18.00-де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.