2026 жылғы 4 қазанға тағайындалған Шортанды ауданы Бектау ауылдық округі әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына және Шортанды, Жолымбет кенті әкімдерінің заңда белгіленген өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

    Шортанды ауданының әкімдігі

    Шортанды аудандық аумақтық

    сайлау комиссиясының

    2026 жылғы 26 тамыздағы

    № 41/45 қаулысымен бекітілген

    2026 жылғы 4 қазанға тағайындалған Шортанды ауданы Бектау ауылдық округі әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына жәнеШортанды, Жолымбет кенті әкімдерінің заңда белгіленген өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуынабайланысты сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

    1. Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау (бұдан әрі-әкімдер).

    Аудандық сайлау комиссиясы

    Өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын

    2026 жылғы 26 тамыз

    (113-1-б. 1-т. (1-тт), 2-т

    Әкімнің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған, оның шекаралары өзгертілген күннен бастап екі ай ішінде.

    2026 жылғы 26 тамыз

    (113-1-б. 1-т. 2) т, 3-т)

    2. Сайлау округі, оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Аудандық сайлау комиссиясы

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

    2026 жылғы 5 қыркүйектен кешіктірмей

    (22-б, 2-т.)

    3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Аудандық сайлау комиссиясы

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

    2026 жылғы 5 қыркүйектен кешіктірмей

    (13-б. 4-т.)

    4. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Аудандық сайлау комиссиясы

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

    2026 жылғы 10 қыркүйектен кешіктірмей

    (17-б. 2-т.)

    5. Сайлау учаскесінің шекарасы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Аудан әкімі

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

    2026 жылғы 10 қыркүйектен кешіктірмей

    (23-б. 5-т.)

    6. Әкім болуға кандидатты ұсыну

    Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар-өз мүшелері арасынан,азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсү ниеті туралы тиісті сайлау округінің аумақтық сайлау комиссиясына өтініш беру арқылы, сондай-ақ егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге екеуден аз кандидат ұсынылса, жоғары тұрған әкім жүргізеді.

    Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін жиырма бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады

    2026 жылдың 27 тамызында басталып, 2026 жылдың 8 қыркүйегінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

    (113-3-б.)

    7. Әкім болуға кандидатты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

    Аудандық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп

    (4-б., 113-2)

    8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

    Аудандық сайлау комиссиясы

    Әкімдікке кандидаттың көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

    (14-б. 8-1 тт.) т., 31-б.)

    9. Әкім болуға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

    Аудандық сайлау комиссиясы

    Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

    (113-4-б.)

    10. Әкім болуға кандидатты қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

    Құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерін тарта отырып аудандық сайлау комиссиясы

    Тиісті аумақтық сайлау комиссиясына қол қою парақтарын тапсырғаннан кейін үш күн мерзімде.

    (113-4-б. 8-т.,9-т.)

    11. Жергілікті аткарушы органның шотына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде ( әр ұсынылған кандидатқа 85 000 теңге) сайлау жарнасын енгізуі

    Әкімге кандидатттар,

    саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

    Кандидат тіркелгенге дейін

    (113-5-б. 2-т.)

    12. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда тұрғылықты жері бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну (2026 жылғы 1 маусымға).

    Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

    Кандидат тіркелгенге дейін

    (113-5-б. 3-т.)

    13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

    Мемлекеттік кіріс органдары

    Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

    (113-5-б. 3-т.)

    14. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

    Аудандық сайлау комиссиясы

    Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

    2026 жылдың 27 тамызынан басталып, 2026 жылдың 13 қыркүйегінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

    (113-5-б. 14-т.)

    15. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Аудандық сайлау комиссиясы

    Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

    (113-5-б. 9-т.)

    16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

    Жергiлiктi атқарушы орган және аумақтық

    сайлау комиссиясы

    Үгіт басталғанға дейін

    2026 жылғы 13 қыркүйекке дейін

    (28-б. 6-т.)

    17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

    Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады

    2026 жылдың 13 қыркүйегінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2026 жылдың 3 қазанында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

    (27-б. 2-т.)

    18. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Жергiлiктi атқарушы орган және аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

    (28-б. 4-т.)

    19. Сайлау учаскелері бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

    Аудан әкімі

    Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

    2026 жылғы 13 қыркүйекке дейін

    (24-б. 5-т.)

    20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімімен танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    2026 жылғы 18 қыркүйектен бастап дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

    (26-б. 1-т.)

    21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 23 қыркүйекке дейін

    (18-б. (5-тт), 38-б. 2-т.)

    22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу

    Аудандық сайлау комиссиясы

    Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

    2026 жылғы 1 қазаннан ерте емес және 2026 жылғы 3 қазанға дейін

    (37-б. 3-т.)

    23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын

    2026 жылғы 4 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

    (40-б. 1-т.)

    24. Дауыс беруді өткізу

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

    (38-б. 1-т.)

    25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-дебасталады

    (18-б. (8-тт), 43-б.)

    26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

    (43-б. 8-т.)

    27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы тиісті аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

    (113-8-б. 1-т.)

    28. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу

    Аудандық сайлау комиссиясы

    Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

    2026 жылғы 7 қазаннан кешіктірмей

    (113-10-б. 1-т.)

    29. Әкімді сайлау қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

    Аудандық сайлау комиссиясы

    Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

    2026 жылғы 10 қазаннан кешіктірмей

    (44-б. 4-т (3-тт.)

    30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлікті беру

    Аудандық сайлау комиссиясы

    Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

    Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

    2026 жылғы 10 қазаннан кешіктірмей

    (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

    Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

    Жүктеу
    39530d98cff717a2eb5d7e94b24c4624_original.46324.docx
    DOCX · 45 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026 жылға арналған Шортанды ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы

    «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8, 9 тармақтарына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республи...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Ақмола облысы Шортанды ауданы Бектау ауылдық округі, сондай-ақ Шортанды және Жолымбет кенттері әкімі болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама

    2026 жылғы 8 қырқүйекке сағат 18.00-де Шортанды ауданы Шортанды кенті, Жолымбет кенті және Бектау ауылдық округі әкімі болуға кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Барлығы 12 кандидат ұсынылды, оның ішінде 12 (100 %) - өз...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шортанды ауданының аумағындағы сайлау учаскелері

    Шортанды ауданы әкімінің2026 жылғы «___» _________№ _____ шешімінеқосымша Шортанды ауданы әкімінің2021 жылғы 21 мамырдағы№ 7 шешімінеқосымша Шортанды ауданының аумағындағы сайлау учаскелері № 692 сайлау учаскесі Орнал...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Үгіт материалдары үшін баспа алаңын беру шарттары және төлем мөлшері туралы

    Хабарлама Үгіт материалдары үшін баспа алаңын беру шарттары және төлем мөлшері туралы 2026 жылғы 4 қазанда Шортанды ауданы Бектауауылокругі, Жолымбет және Шортанды кентіәкімдерініңсайлауыныңтағайындалуына байланысты, Шор...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сайлау жарнасын енгізуге арналған деректемелер

    АҚМОЛА ОБЛЫСЫ АППАРАТ АКИМА ШОРТАНДЫ АУДАНЫШОРТАНДИНСКОГО РАЙОНА ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ 021600, Шортанды кенті, Абылай хан к., 20 021600, п. Шортанды, ул. Абылай хана, 20 тел.: 8 (71631) 2 12 13, факс: 8...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-бабының 2-тармағына және Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 26 тамыздағы № 41/45 «Шортанды ауданының...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шортанды ауданы Новоселовка ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы ХАБАРЛАМА

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6 тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына және «Шортанды ауданы Новоселовка ауылдық...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хаттама

    Жер комиссиясы отырысының № 22 ХАТТАМАСЫ

    Жер комиссиясы отырысының № 22 ХАТТАМАСЫ Протокол № 22 заседания земельной комиссии 2026 ж 26 тамыз Басталуы сағат 16: 00 -де аяқталуы сағат 16:40-да 26 тамыз 2026 г. Начало16:00часовокончание 16:40 часов Керимбаев Айб...

    Шортанды ауданының әкімдігіЖарияланды: