ЖОБА
Солтүстік Қазақстан облысыАйыртау ауданының аумағында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікпен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін,
сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 25) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 48-бабына сәйкес, әлеуметтік көмек көрсету және спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері бекітілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Аудан әкімі М. Меңдібаев