«2026-2028 жылдарға арналған Айыртау
ауданының бюджетін бекіту туралы» Айыртау аудандық
мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 8-36-1 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- «2026-2028 жылдарға арналған Айыртау ауданының бюджетін бекіту туралы» Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 8-36-1 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Айыртау ауданының бюджетін осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 5 597 789,8 мың теңге:
салықтық түсімдер – 2 989 183,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 219 626,7 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 23 000,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 2 365 979,3 мың теңге;
2) шығындар – 5 609 439,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 206 664,6 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 337 350,6 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 130 686,0 мың теңге;
4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 218 313,9 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) - - 218 313,9 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 218 313,9 мың теңге:
қарыздар түсімі – 337 350,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 180 975,3 мың тенге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 61 939,2 мың теңге.»;
көрсетілгін шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы |
Г.Әбілқайырова |