2026 жылдың қаңтар-шілде айларындағы Айыртау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама

    Айыртау ауданының әкімдігі

    Ауыл шаруашылығы. 2026 жылғы қаңтар-шілдеде Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 11531,0 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі – 2025 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 105,4%, оның ішінде өсімдік шаруашылығы -1131,0 млн. теңге, НКИ - 175,5 %, мал шаруашылығы -10039,5 млн. теңге, НКИ - 100,8%.

    2026 жылдың қаңтар-шілде айларында ет өндіру (тірі салмақта) 2611,1 тоннаны құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіне 101,5%, сүт – 18264,1 тонна немесе 100,1%, жұмыртқа – 4920,2 мың дана немесе 103,6%.

    Ірі қара мал саны 22,3 мың басты (93,5%), қой мен ешкі – 37,2 мың басты (97,7%), шошқа – 4,1 мың басты (110,4%), жылқы – 14,7 мың басты (112,6%), құс – 90,8 мың басты (103,4%) құрады.

    Өнеркәсіп. 2026 жылдың қаңтар–шілде айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 3466,3 млн теңгені құрап, физикалық көлем индексі 2025 жылдың қаңтар–мамыр деңгейімен салыстырғанда – 133,1% болды.

    Өңдеу өнеркәсібінде, өнеркәсіп өндірісі құрылымындағы ең үлкен үлесті (63,5%) алатын салада, 2026 жылдың қаңтар–шілдеде 2200,3 млн теңгеге өнім өндіріліп, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 131,7% құрады.

    Азық-түлік өнімдерін өндіру 595,2 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 158,7% болды.

    Машина жасауда (машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату), өңдеу өнеркәсібі көлемінің 61,4% үлесін алатын салада, 1351,1 млн теңгеге өнім өндіріліп, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер көрсетіліп, 2025 жылмен салыстырғанда 129,5% құрады.

    Электр энергиясымен, бумен және кондиционерленген ауамен қамтамасыз ету саласында 2026 жылдың қаңтар–шілдеде көлем 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,2% өсіп, 468,5 млн теңгені құрады.

    Тау-кен өнеркәсібінде көлем 468,5 млн теңгені құрап, НКИ 105,6% болды.

    Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу саласында көлем 88,3 млн теңгені құрап, НКИ 105,6% болды.

    Кәсіпкерлік. 2026 жылғы 1 тамызда жағдай бойынша 386 заңды тұлға тіркелген, олардың ішінде шағын – 371, орта – 14 және ірі – 1.

    Аудан бойынша тіркелген 1675 ШОБ кәсіпорнының 1614 немесе 96,4% жұмыс істейді. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2025 жылдың тиісті кезеңіне 1614 немесе 96,9% құрайды.

    2026 жылдың қаңтар–шілдеде кәсіпкерлік саласында 9 субъект ашылып, 22,5 млн теңге көлемінде инвестиция салынып, 11 жұмыс орны құрылды.

    Бөлшек тауар айналымының көлемі 2026 жылғы қаңтар-шілдеде 6808,6 млн.теңгені немесе 2025 жылғы тиісті кезеңге 105,6% құрады.

    Көтерме сауда айналымының көлемі 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында 12341,7 млн. теңгені немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 193,2% құрады.

    Негізгі капиталға инвестициялар. 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 11739,4 млн.теңгені немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,8% құрады.

    Инвестицияларды қаржыландыру көзі кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың меншікті қаражаты (жалпы көлемнің 43,3%), мемлекеттік бюджеттен (15,1%) және басқа да қарыз қаражаттары (41,6%) болып табылады.

    Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басым салалар ауыл, орман және балық шаруашылығы (48,4%), өнеркәсіп (31,0%), көлік және қоймалау (12,8%) болып табылады.

    Құрылыс. 2026 жылдың қаңтар–шілдеде құрылыс жұмыстарының көлемі 4499,2 млн теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 149,7% болды.

    2026 жылдың қаңтар–шілдеде халық қаражаты есебінен 3397 шаршы метр тұрғын үй (21 пәтер) пайдалануға берілді.

    Сумен қамтамасыз ету. Кұмтөккен ауылында су тарату желілерінің құрылысына 150,0 млн теңге бөлінді, 1 тамыздағы жағдай бойынша 150,0 млн.теңге игерілді.

    Новосветловка, Аксеновка, Кирилловка ауылдарындағы су мұнараларын ағымдағы жөндеуге 51,9 млн теңге бөлініп, 1 тамыздағы жағдай бойынша 51,9 млн теңге игерілді.

    КОС, КНС1, КНС2, КНС3 нысандарын және олардың арасындағы магистральдық құбырларды, сондай-ақ Үлкен Қоскөл көліне дейінгі магистральдық құбырды қайта жаңғыртуға 800,0 млн теңге бөлінді, 1 тамыздағы жағдай бойынша 700,0 млн теңге игерілді.

    Жолдар. Облыстық бюджет қаражаты есебінен:

    Имантау селолық округінің аумағында Имантау селосынан өнеркәсіптік комбинатқа дейінгі облыстық жолдан автомобиль жолын салуға - 100,0 млн. теңге, 1 тамыздағы жағдай бойынша 64,1 млн.теңге игерілді;

    KTAI-4 «Елецкое ауылына кіреберіс» аудандық маңызы бар автомобиль жолын 0-2,0 км орташа жөндеуге (түзету) – 80,1 млн теңге, 1 тамыздағы жағдай бойынша 23,4 млн.теңге игерілді;

    Айыртау ауылындағы ішкі ауылішілік жолдары орташа жөндеуге- 61,0 млн теңге бөлінді;

    орташа жөндеуге: аудандық маңызы бар KTAI-109 «РММ «Көкшетау» ММҰТП Шалқар филиалының шекарасы – «Заря» балалар сауықтыру орталығы – «Чайка» балалар сауықтыру орталығы» автомобиль жолының 0-4 км учаскесіне – 95,7 млн теңге;

    Саумалкөл ауылының ішкі жолдарын ағымдағы жөндеуге – 144,6 млн теңге бөлінді, 1 тамыздағы жағдай бойынша 125,1 млн теңге игерілді.

    Әлеуметтік қорғау. 2026 жылғы 1 тамызда 325 жұмыссыз ресми тіркелді, тіркелген жұмыссыздардың жұмыс күшіндегі үлесі 2,1%-ды құрады.

    Атаулы әлеуметтік көмек 47 отбасына (233 адам) жалпы сомасы 15,1 млн теңгеге тағайындалды.

    2026 жылғы 1 тамызда 546 адам жұмыспен қамтуға жәрдем алды, 238 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.

    Орташа айлық жалақы 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында орташа айлық жалақы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6%-ға өсіп, 285 847 теңгені құрады. Нақты жалақы индексі 92,7%-ды құрады.

    Білім беру. Мектептер желісі 43 бірлікті құрайды, оның ішінде: бастауыш – 7, негізгі – 7, орта – 29 мектеп, оқушылар саны – 4470 бала.

    Мектепке дейінгі ұйымдар желісі 40 бірлікті құрайды, оның ішінде 3 мектеп-бөбекжай-балабақша кешені, 2 бөбекжай-балабақша және 35 шағын орталық бар. Оларда 826 мектепке дейінгі жастағы бала тәрбиеленуде. Аудандағы (3 пен 6 жас) аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейі 100%-ды құрайды.

    Мектептерді күрделі жөндеуге 354,5 млн теңге бөлінді, оның ішінде №1 Саумалкөл орта мектебі 230,2 млн теңге, ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 67,0 млн теңге игерілді және №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясына – 124,3 млн теңге, ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 36,2 млн теңге игерілді.

    4 мектептi ағымдағы жөндеуге (Саумалкөл қазақ орта мектебi, Лобанов орта мектебi, Карасевка орта мектебi, Комаровка негізгі мектебi) 26,8 млн. теңге бөлiндi.

    Денсаулық сақтау. Халыққа медициналық көмекті 9 емдеу-профилактикалық ұйым көрсетеді, оның ішінде 8 амбулаториялық-емханалық мекеме, 89 төсек-орындық 1 орталық аудандық аурухана, сондай-ақ 4 ФАП және 43 медициналық пункт бар.

    Халыққа 47 дәрігер және 214 орта медициналық қызметкер қызмет көрсетеді. Дәрігер кадрларының тапшылығы 5 бірлікті (5 ЖПД дәрігері) құрайды.

    2026 жылғы қаңтар-шілде айларында туберкулезбен сырқаттанушылық өткен жылдың деңгейінде сақталып, 100 мың тұрғынға шаққанда 19,6-дан 19,6-ға өзгерген жоқ (2026 жылғы қаңтар-шілде – 6 жағдай, 2025 жылғы қаңтар-шілде – 6 жағдай).

    Ауданда онкологиялық аурулармен сырқаттанушылық көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,7%-ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 153,3-тен 152,2-ге дейін азайды (47 жағдайдан 45 жағдайға дейін).

    Мәдениет және спорт. Ауданда 55 мәдениет ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 26 клуб мекемесі (16 мемлекеттік), 27 кітапхана (барлығы мемлекеттік), 2 мемлекеттік музей бар.

    Ауданның клуб мекемелері 506 іс-шара өткізді, оған 33543 адам қатысты; музейлер 269 іс-шара, 374 экскурсия және 504 дәріс өткізіп, 3414 адамды қамтыды; кітапханалар офлайн форматта 493 іс-шара өткізіп, 8299 адамды қамтыды, онлайн форматта 70 іс-шара өткізіліп, қаралым саны 11930-ды құрады.

    Ауданда 184 спорт нысаны жұмыс істейді. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны 14 409 адамды немесе халықтың 49,0%-ын құрайды. 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында спорт саласында 40 бұқаралық спорттық іс-шара өткізіліп, оған 3220 адам қатысты.

    «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2026 жылы жергілікті бюджет есебінен стадион құрылысына 100,0 млн теңге бөлінді, 1 тамыздағы жағдай бойынша 69,0 илн теңге игерілді.

    Гусаковка, Константиновка және Новоукраинка ауылдарында жасанды жабындысы бар 3 шағын футбол алаңын орнатуға 47,2 млн теңге бөлінді, 1 тамыздағы жағдайға 40,5 млн.теңге игерілді.

    Демография. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша аудан халқының саны 29 385 адамды құрады ( 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 29 752 адам). Жыл басымен салыстырғанда халық саны 367 адамға немесе 1,23%-ға азайды.

    2026 жылғы қаңтар-маусым айларында халықтың табиғи өсімінің төмендеуі 84 адамды құрады. 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында 115 адам дүниеге келіп, 199 адам қайтыс болды.

    Халық санының төмендеуіне негізгі әсер еткен фактор – көші-қонның теріс сальдосы. 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында көші-қон сальдосы - 283 адамды құрады.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікпен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы

    ЖОБА Солтүстік Қазақстан облысыАйыртау ауданының аумағында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікпен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жең...

    Айыртау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 8-13-1 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖОБА Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 8-13-1 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы...

    Айыртау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

    Құрылтай 2026 ж https://www.election.gov.kz/kaz/banners/?ID=10194

    Айыртау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Құжат

    Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ.

    Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ. ЗҚАИ-ның ескертпесі! Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 29-б. қараңыз. Қолданушылар назарына! Қолданушыларға ыңғайлы...

    Айыртау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы.

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жас...

    Айыртау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 01 тамызға Айыртау ауданы бюджетінің атқарылуы

    Айыртау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 01 шілдеге Айыртау ауданы бюджетінің атқарылуы

    Айыртау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «2026-2028 жылдарға арналған Айыртау ауданының бюджетін бекіту туралы» Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 8-36-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    «2026-2028 жылдарға арналған Айыртау ауданының бюджетін бекіту туралы» Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 8-36-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ: «2026-2028 ж...

    Айыртау ауданының әкімдігіЖарияланды: