Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ.
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 29-б. қараңыз.
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.
1-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
1) жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтер;
3) іссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетілетін қызметтер;
қаржыландырудың елу пайыздан астамын шетелдік банктер жүзеге асырса;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
10) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 24.06.2026 № 321-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-бап. Осы Заңның мақсаты мен міндеті
- Мемлекеттік сатып алу саласында жүргізілетін мемлекеттік саясатқа сәйкес мемлекеттік басқарудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуді, мемлекеттің міндеттері мен функцияларын қамтамасыз ету осы Заңның мақсаты болып табылады.
- Мемлекеттік сатып алу субъектілері үшін осы Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары арқылы мемлекеттік қаржыны және бюджетті тиімді басқару бойынша құқықтық негіздер құру осы Заңның міндеті болып табылады.
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
растаушы құжаттарына сай келмейтін түзетулер арқылы енгізілген жалған мәліметтер;
мемлекеттік сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерді қамтамасыз етуге;
шарттың орындалуын қамтамасыз етуге;
авансты қамтамасыз етуге (егер шартта аванс көзделсе);
36) алып тасталды – ҚР 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен..
Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.05.2025 № 188-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2025 № 196-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
- Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
5-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары
3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;
4) мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы;
6) мемлекеттік сатып алу субъектілерінің жауапкершілігі;
7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына, мүдделер қақтығысына жол бермеу;
8) орнықты мемлекеттік сатып алуды дамыту.
- Заң ұқсастығын немесе құқық ұқсастығын қолдану процесінде мемлекеттік сатып алу субъектілерінің жаңа міндеттерін белгілеуге немесе құқықтарын шектеуге жол берілмейді.
- Қазақстан Республикасының осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілері осы баптың 1-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарына сәйкес келуге тиіс.
6-бап. Мемлекеттік сатып алу процесі
1) мемлекеттік сатып алуды жоспарлау;
2) өнім берушіні таңдау және онымен шарт жасасу;
- Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) жасаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді біртекті түрлері және беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
- Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын экономикалық сыныптаманың шарттар жасасу талап етілетін өзіндік ерекшеліктері (шығыстар баптары) бойынша жиынтықта бюджетке (даму жоспарына), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген ақшаға немесе жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітуге (нақтылауға) жол берілмейді.
- Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны веб-порталда орналастыруға міндетті.
- Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, айына екі реттен асырмай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.
- Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды веб-порталда орналастыруға міндетті.
- Осы Заңның 16-бабы 3-тармағының 3), 6), 21), 22), 23) және 24) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.
- Конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде бірыңғай оператор осы Заңның 15-бабы 5-тармағының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарының (бастапқы бағаларының) құпиялылығын қамтамасыз етеді.
- Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін:
- Тапсырыс беруші не ұйымдастырушы өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысатын тұлғаларды осы баптың 10-тармағында көрсетілген шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы хабардар етуге міндетті.
- Мемлекеттік сатып алу процесі, ұйымдастырушыны, бірыңғай ұйымдастырушыны, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға жауапты тұлғаларды айқындау тәртібі, сондай-ақ өзге де шарттар осы Заңда және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
- Бірыңғай ұйымдастырушылар орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды уәкілетті орган бекітетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі (тізбелері) бойынша, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
7-бап. Мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер
7) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
- Осы баптың 1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген шектеулер Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) тізбесінде тұрған әлеуетті өнім берушілерге де қолданылады.
- Әлеуетті өнім берушінің және әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасының конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бір лотқа қатысуға құқығы жоқ.
- Жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын әлеуетті өнім берушілерден кемінде екі өтінім болған жағдайда веб-портал мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін автоматты түрде қабылдамауға тиіс.
- Өз мүддесінде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тапсырыс берушінің осындай сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға құқығы жоқ.
- Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, уәкілетті орган не ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ "Қоғамдық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық бақылау субъектілері мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында осы баптың талаптарын бұзушылықтарды анықтай алады.
- Уәкілетті орган не ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган осы баптың талаптарын бұзушылық фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұл жөнінде:
1) егер осындай факт шарт жасалғаннан кейін анықталған болса, тапсырыс берушіні;
Бұл ретте осы фактіні растайтын құжаттардың көшірмелері хабарламаға қоса берілуге тиіс.
8-бап. Мемлекеттік сатып алу саласында қалыптастырылатын тізілімдер
мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың;
Тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
- Тапсырыс берушілердің тізілімі өздерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ осы Заңға және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметті орындауы үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға міндетті заңды тұлғалардың тізбесін білдіреді.
- Шарттардың тізілімі тапсырыс берушілер тиісті қаржы жылында жасасқан шарттардың тізбесін білдіреді және шарттың нысанасы, сандық және құндық көрсеткіштері, тараптардың шарттық міндеттемелерді орындау нәтижелері туралы мәліметтерді қамтиды.
1) анық емес ақпаратты берген әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің;
2) жеңімпаз деп айқындалған, шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілердің;
3) өздерімен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған өнім берушілердің;
1) өнім берушінің тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуі;
2) шарттық міндеттемелерді орындау;
3) тапсырыс берушіге келтірілген залалдың болмауы талаптарын қанағаттандыратын жағдайлар қосылмайды.
Уәкілетті орган келісу комиссиясының үлгілік ережесі мен жұмыс тәртібін бекітеді.
1) осы баптың 7-тармағының бірінші және екінші бөліктерде белгіленген мерзімдердің өтуі;
- Әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы шешімге олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасай алады.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, тізілімдерде қамтылған мәліметтер веб-порталда орналастырылады және төлемақы алынбастан, жалпыға бірдей қолжетімді болуға тиіс.
- Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне осы Заңның 16-бабы 3-тармағының 1), 25) және 26) тармақшаларында көзделген жағдайларда айқындалған әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер енгізілмейді.
- Шағымдардың тізілімі әлеуетті өнім берушілердің және өнім берушілердің веб-портал арқылы берген шағымдарының тізбесін білдіреді және шағымдарды қараудың нәтижелері бойынша қабылданған шешімдер туралы мәліметтерді қамтиды.
- Әлеуетті өнім берушілердің тізілімдері, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибелері мемлекеттік және мемлекеттік емес цифрлық жүйелерден алынған әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтерді қамтитын және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес веб-порталда қалыптастырылатын цифрлық дерекқорды білдіреді.
9-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимді қолдану
- Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиісінше бейрезиденттер-әлеуетті өнім берушілер орындайтын жұмыстарға, көрсететін қызметтерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда және шарттарда ұлттық режим қолданылады.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі конституциялық құрылыстың негіздерін қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықты қорғау, ұлттық экономиканы дамыту, қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында екі жылдан аспайтын мерзімге ұлттық режимнен алып қоюды белгілеуге құқылы.
- Ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
10-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері
- Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері бәсекелестік тәсілдер деп танылады.
- Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу нақты уақыт режимінде веб-порталда жүзеге асырылады, оны өткізуді бірыңғай оператор қамтамасыз етеді.
Тауар аукцион нысанасы болып табылады.
- Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін айқындау кезінде осы баптың 1-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алудың бәсекелестік тәсілдері басым таңдау болып табылады.
- Мемлекеттік сатып алуды осы баптың 1-тармағында көрсетілген тәсілдермен жүзеге асыру тәртібі, олардың негіздері мен түрлері осы Заңда және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
- Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайыздан үш пайызға дейінгі мөлшерінде енгізіледі.
- Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып айқындалған жағдайда шарт жасасатынына және шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді (бар болса), демпингке қарсы соманы (бар болса) енгізетініне кепілдік ретіндемемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.
11-бап. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары
3) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы;
- Осы баптың 1-тармағында көзделген, оның ішінде тартылатын қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу тәртібі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
- Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, олар:
- Қазақстан Республикасының бейрезидент-әлеуетті өнім берушісі осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына өзінің сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын сол бір құжаттарды не Қазақстан Республикасының бейрезидент-әлеуетті өнім берушісінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынады.
- Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жекелеген түрлерін жүзеге асыру жағдайларын, сондай-ақ осы Заңның 26-бабында және 27-бабының 6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
- Әлеуетті өнім беруші және (немесе) тартылатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) мынадай негіздердің бірі бойынша:
3) анық емес ақпарат беру фактісі анықталғанда, біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп танылады.
- Әлеуетті өнім берушілерге осы Заңның 11-бабында көзделген біліктілік талаптарынан басқа, конкурстық құжаттаманың, аукциондық құжаттаманың талаптары қойылады.
- Конкурстық құжаттаманы, аукциондық құжаттаманы, сондай-ақ баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың және заңмен қорғалатын өзге де құпияның талаптарын ескере отырып, осы Заңға және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде әзірлейді.
Тексеру және (немесе) бақылау мүмкін емес талаптар әкімшілендірілмейтін талаптар деп түсініледі;
тапсырыс берушінің қолында бар тауарды жөндеу және (немесе) оған техникалық қызмет көрсету;
3) тапсырыс берушінің қолында бар тауарды жөндеу және (немесе) оған техникалық қызмет көрсету;
- Уәкілетті орган жекелеген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілерге уәкілетті орган бекітетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша қосымша талаптар белгілеуі мүмкін.
- Үлгілік конкурстық құжаттамаларды, аукциондық құжаттамаларды уәкілетті орган бекітетін тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесіне сәйкес уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті саланың уәкілетті органдары әзірлейді және бекітеді.
13-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі демпингке қарсы шаралар
- Әлеуетті өнім беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын шекті мәннен төмен болып табылатын баға демпингтік баға деп танылады.
- Әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша, демпингтік деп танылмайтын, жол берілетін ең төмен бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшердегі соманы енгізген кезде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, демпингтік бағалар ұсынуға жол берілмейді.
14-бап. Әлеуетті өнім берушінің, өнім берушінің анық емес ақпарат беруінің салдарлары
- Анық емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізіледі.
- Әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша беретін ақпараттың анықтығын уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында, оның ішінде тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы ұсынған мәліметтер мен құжаттар негізінде анықтай алады.
- Әлеуетті өнім берушінің, өнім берушінің біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпаратты беру фактісін анықтаған уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұл жөнінде:
Бұл ретте жазбаша хабарламаға осы фактіні растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.
15-бап. Мемлекеттік сатып алуды өткізілмеді деп танудың негіздері мен салдарлары
1) конкурсқа, аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаса;
2) егер конкурсқа, аукционға қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;
- Егер конкурсқа, аукционға қатысуға біліктілік талаптарына және (немесе) конкурстық құжаттаманың, аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келетін бір өтінім ұсынылса, конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілді деп танылады. Бұл ретте жасалған шарттың бағасы конкурсқа, аукционға қатысуға арналған өтінімде көрсетілген әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысынан (бастапқы бағасынан) аспауға тиіс.
- Егер конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылса, тапсырыс беруші мынадай:
1) конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
- Конкурс, аукцион тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту жіберілетін әлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші айқындайды және ол біліктілік талаптарына, сондай-ақ конкурстық құжаттама, аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келуге тиіс. Жасалған шарттың бағасы осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан аспауға тиіс.
- Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайларда, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға жол берілмейді. Бұл ретте әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары (бастапқы бағалары) ашылмайды, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде сұратылмайды.
- Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде, егер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушінің бір ғана баға ұсынысы ұсынылған болса, веб-портал мұндай мемлекеттік сатып алуды автоматты түрде өткізілмеді деп таниды және ұйымдастырушы осы әлеуетті өнім берушіден бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Бұл ретте жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысынан аспауға тиіс.
- Егер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің бірде-бір баға ұсынысы ұсынылмаса, веб-портал мұндай мемлекеттік сатып алуды автоматты түрде өткізілмеді деп таниды және ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
- Веб-портал әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын:
2) осы Заңның 7-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларында көзделген;
- Егер веб-портал баға ұсыныстарын осы баптың 8-тармағында көзделген негіздер бойынша автоматты түрде қабылдамағаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің екіден аз баға ұсынысы қалған болса, онда мұндай мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылады және ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
- Мемлекеттік сатып алуды электрондық дүкен арқылы жүзеге асыру кезінде, егер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған уақыт ішінде тапсырысты әлеуетті өнім берушілердің бірде-бірі растамаса, электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылады.
- Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші мынадай:
1) электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
16-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері
- Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
- Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу, егер:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 322-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
16) өкілдік ету шығыстарына байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
- Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен, оның ішінде форматтық-логикалық бақылау ескеріле отырып жүзеге асырылады.
- Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам не орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы немесе аппарат басшысының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.
- Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 1), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары сақтала отырып жүзеге асырылады.
17-бап. Шартты жасасу және орындау
- Шартты жасасу және орындау осы Заңға, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
- Шарттардың жобалары уәкілетті орган бекітетін үлгілік шарттарға сәйкес жасалады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақты үшінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 24.06.2026 № 321-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
- Шарт тапсырыс беруші мен өнім беруші қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Егер шарт тіркелуге жататын болса, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелгенінен кейін күшіне енеді.
- Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген мерзімдерде тапсырыс берушіге қол қойылған шартты ұсынбаса немесе шартты жасасып, шартты орындауды қамтамасыз етуді және (немесе) демпингке қарсы соманы (бар болса) енгізбесе, онда мұндай әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған болып танылады.
- Шарт осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде тауарларды бергені, жұмыстарды орындағаны не қызметтер көрсеткені үшін толық төлем жасау туралы талаптарды қамтуға тиіс.
- Шарт тараптарына қатысты шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік көзделуге тиіс.
- Өнім беруші жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемдері жиынтығында орындалатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің отыз пайызынан аспауға тиіс.
2) шарт жобасының сомасын азайту бөлігінде өзгеріс енгізуге жол берілсе;
Осы тармақта көзделген талаптарды сақтамай, шарттың жобасына өзгеріс енгізуге жол берілмейді.
- Шарт жобасына не жасалған шартқа осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген өзге де негіздер бойынша өткізілетін (өткізілген) мемлекеттік сатып алу талаптарының және (немесе) өнім берушіні таңдауға негіз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
- Шарттың қолданылу мерзімі өткенге дейін:
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделмеген негіздер бойынша шартты бұзуға жол берілмейді.
19-бап. Толық бітіріп берілетін құрылыс туралы шарт
- Толық бітіріп берілетін құрылыс туралы шарт объектілерді салу үшін жасалуы мүмкін, олардың тізбесін астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары бекітеді.
- Толық бітіріп берілетін құрылыс туралы шартты жасасу мақсатында тапсырыс беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
- Пайдалануға берілген күрделі құрылыс объектісі толық бітіріп берілетін құрылыс туралы шарт бойынша орындалған жұмыстың нәтижесі болып табылады.
- Толық бітіріп берілетін құрылыс туралы шартты жасаудың және іске асырудың өзге де ерекшеліктері осы Заңда, мемлекеттік сатып алу қағидаларында және шарттың ережелерінде айқындалады.
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ
20-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
21-бап. Уәкілетті органның құзыреті
2) мемлекеттік сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
22-бап. Бірыңғай оператордың өкілеттіктері
4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ӨТКІЗУДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГТЕУ. ШАҒЫМ ЖАСАУ
23-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды уәкілетті орган осы Заңға және "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.
- Бақылау объектілері:
1) тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, сараптама комиссиясы, сарапшы;
2) құқық қорғау органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының қаулылары келіп түскен кезде;
- Бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің құрамында қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар әрекет жасау (әрекетсіздігі) фактісі анықталған кезде, уәкілетті орган мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аталған әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы ақпаратты және осындай фактіні растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына, ұлттық қауіпсіздік органдарына беруге міндетті.
- Уәкілетті орган мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
24-бап. Мемлекеттік сатып алудың мониторингі
- Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпаратты жинауды, қорытуды, талдауды, жүйелеуді және бағалауды жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган веб-портал арқылы және онда қамтылған ақпараттың негізінде мемлекеттік сатып алудың мониторингін жүргізеді.
- Қоғамдық бақылау субъектілері веб-портал арқылы және онда қамтылған ақпараттың негізінде "Қоғамдық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қоғамдық мониторинг жүргізе алады.
- Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы осы баптың 1-тармағында көзделген шағымды беру мерзімі өткен күннен кейін үш жұмыс күні ішінде шағымды қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
- Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылдаған шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа шағым жасалуы мүмкін.
- Шағымдарды беру және қарау тәртібі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
- Шағымды веб-портал арқылы жіберу және қарау жөніндегі талаптар ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
- Осы бапта көзделген дауларды сотқа дейінгі реттеу тәртібі міндетті болып табылады.
- Мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын веб-портал автоматты түрде айқындайтын мемлекеттік сатып алудың қорытындыларына осы бапта көзделген тәртіппен шағым жасауға болмайды.
5-тарау. АРНАУЛЫ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ
26-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
- Осы Заңда көзделген біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру рәсімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
- Ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу мыналарды:
- Ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
27-бап. Әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарының мемлекеттік сатып алуға қатысуы
- Әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарының мемлекеттік сатып алуға қатысуы осы Заңда көзделген жағдайларда айқындалады.
- Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде:
- Мемлекеттік сатып алу осы Заңның 15-бабында көзделген негіздер бойынша өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші осы Заңда белгіленген тәртіппен өзге әлеуетті өнім берушілер арасында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.
- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді, кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған ерекшеліктерді ескере отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
- Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және көлемдерде тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша жүзеге асырылады.
28-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
29-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
- Осы Заң 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
- Алып тасталды – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII(01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
- "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.