2026 жылдың қаңтар-маусым айларындағы Айыртау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама

    Айыртау ауданының әкімдігі

    2026 жылдың қаңтар-маусымайларындағы Айыртау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

    анықтама

    Ауыл шаруашылығы. 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 8115,9 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,7% болды, оның ішінде мал шаруашылығы – 7811,4 млн теңге, НКИ – 100,7%.

    2026 жылдың қаңтар-маусым айларында ет өндіру (тірі салмақта) 2166,3 тоннаны құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіне 100,8%, сүт – 14171,6 тонна немесе 100,1%, жұмыртқа – 3323,8 мың дана немесе 117%.

    Ірі қара мал саны 28,6 мың басты (95,1%), қой мен ешкі – 51,6 мың басты (100%), шошқа – 6,5 мың басты (126,6%), жылқы – 18,5 мың басты (112,8%), құс – 66,9 мың басты (112,2%) құрады.

    Өнеркәсіп. 2026 жылдың қаңтар–маусым айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 3025,9 млн теңгені құрап, физикалық көлем индексі 2025 жылдың қаңтар–мамыр деңгейімен салыстырғанда – 143,8% болды.

    Өңдеу өнеркәсібінде, өнеркәсіп өндірісі құрылымындағы ең үлкен үлесті (64,6%) алатын салада, 2026 жылдың қаңтар–маусымда 1953,9 млн теңгеге өнім өндіріліп, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 143,7% құрады.

    Азық-түлік өнімдерін өндіру 489,7 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 144,4% болды.

    Машина жасауда (машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату), өңдеу өнеркәсібі көлемінің 63,2% үлесін алатын салада, 1235,4 млн теңгеге өнім өндіріліп, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер көрсетіліп, 2025 жылмен салыстырғанда 146,9% құрады.

    Электр энергиясымен, бумен және кондиционерленген ауамен қамтамасыз ету саласында 2026 жылдың қаңтар–маусымда көлем 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 120,6% өсіп, 634,1 млн теңгені құрады.

    Тау-кен өнеркәсібінде көлем 360,4 млн теңгені құрап, НКИ 103,8% болды.

    Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу саласында көлем 77,6 млн теңгені құрап, НКИ 95,5% болды.

    Кәсіпкерлік. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 390 заңды тұлға тіркелген, олардың ішінде шағын – 375, орта – 14 және ірі – 1.

    Аудан бойынша тіркелген 1677 ШОБ кәсіпорнының 1618 немесе 96,5% жұмыс істейді. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2025 жылдың тиісті кезеңіне 1618 немесе 97,4% құрайды.

    2026 жылдың қаңтар–маусымда кәсіпкерлік саласында 9 субъект ашылып, 22,5 млн теңге көлемінде инвестиция салынып, 11 жұмыс орны құрылды.

    Бөлшек тауар айналымының көлемі 2026 жылғы қаңтар-маусымда 5311,2 млн.теңгені немесе 2025 жылғы тиісті кезеңге 102,7% құрады.

    Көтерме сауда айналымының көлемі 2026 жылдың қаңтар-маусым айларында 10836,6 млн. теңгені немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 200,2% құрады.

    Негізгі капиталға инвестициялар. 2026 жылдың қаңтар-маусым айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9767,1 млн.теңгені немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,8% құрады.

    Инвестицияларды қаржыландыру көзі кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың меншікті қаражаты (жалпы көлемнің 41,5%), мемлекеттік бюджеттен (16,1%) және басқа да қарыз қаражаттары (42,4%) болып табылады.

    Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басым салалар ауыл, орман және балық шаруашылығы (51,3%), өнеркәсіп (30,9%), көлік және қоймалау (11,5%) болып табылады.

    Құрылыс. 2026 жылдың қаңтар–маусымда құрылыс жұмыстарының көлемі 3876,3 млн теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 166,8% болды.

    2026 жылдың қаңтар–маусымда халық қаражаты есебінен 2033 шаршы метр тұрғын үй (13 пәтер) пайдалануға берілді.

    Сумен қамтамасыз ету. Кұмтөккен ауылында су тарату желілерінің құрылысына 150,0 млн теңге бөлінді, 1 шілдедегі жағдай бойынша 148,8 млн.теңге игерілді.

    Новосветловка, Аксеновка, Кирилловка ауылдарындағы су мұнараларын ағымдағы жөндеуге 51,9 млн теңге бөлініп, 1 шілдедегі жағдай бойынша 51,9 млн теңге игерілді.

    КОС, КНС1, КНС2, КНС3 нысандарын және олардың арасындағы магистральдық құбырларды, сондай-ақ Үлкен Көскөл көліне дейінгі магистральдық құбырды қайта жаңғыртуға 800,0 млн теңге бөлінді, 1 шілдедегі жағдай бойынша 498,5 млн теңге игерілді.

    Жолдар. Облыстық бюджет қаражаты есебінен:

    Имантау селолық округінің аумағында Имантау селосынан өнеркәсіптік комбинатқа дейінгі облыстық жолдан автомобиль жолын салуға - 100,0 млн. теңге, 1 шілдедегі жағдай бойынша 64,1 млн.теңге бөлінді;

    KTAI-4 «Елецкое ауылына кіреберіс» аудандық маңызы бар автомобиль жолын 0-2,0 км орташа жөндеуге (түзету) – 80,1 млн теңге;

    Айыртау ауылындағы ішкі ауылішілік жолдары орташа жөндеуге- 61,0 млн теңге;

    Аудандық маңызы бар KTAI-109 «Шалқар филиалы шекарасы- РМК «Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы» Көкшетау филиалы – «Заря» балалар сауықтыру орталығы- « Чайка» балалар сауықтыру орталығы» автомобиль жолының 0-4 км учаскесіне орташа жөндеуге-95,7 млн теңге;

    Саумалкөл ауылының ішкі жолдарын ағымдағы жөндеуге – 144,6 млн теңге бөлінді, 1 шілдедегі жағдай бойынша 125,1 млн теңге игерілді.

    Әлеуметтік қорғау. 2026 жылғы 1 шілдеге 294 жұмыссыз ресми тіркелді, тіркелген жұмыссыздардың жұмыс күшіндегі үлесі 1,9%-ды құрады.

    Атаулы әлеуметтік көмек 47 отбасына (233 адам) жалпы сомасы 15,1 млн теңгеге тағайындалды.

    2026 жылғы 1 шілдеге 546 адам жұмыспен қамтуға жәрдем алды, 238 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.

    Орташа айлық жалақы 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында орташа айлық жалақы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6%-ға өсіп, 285 847 теңгені құрады. Нақты жалақы индексі 92,7%-ды құрады.

    Білім беру. Мектептер желісі 43 бірлікті құрайды, оның ішінде: бастауыш – 7, негізгі – 7, орта – 29 мектеп, оқушылар саны – 4470 бала.

    Мектепке дейінгі ұйымдар желісі 40 бірлікті құрайды, оның ішінде 3 мектеп-бөбекжай-балабақша кешені, 2 бөбекжай-балабақша және 35 шағын орталық бар. Оларда 826 мектепке дейінгі жастағы бала тәрбиеленуде. Аудандағы (3 пен 6 жас) аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейі 100%-ды құрайды.

    Мектептерді күрделі жөндеуге 354,5 млн теңге бөлінді, оның ішінде Саумалкөл №1 орта мектебіне – 230,2 млн теңге,– 66,9 млн теңге, сондай-ақ Саумалкөл №2 мектеп-гимназиясына – 124,3 млн теңге. 1 шілдеге игерілгені-36,2 млн.теңге

    Денсаулық сақтау. Халыққа медициналық көмекті 9 емдеу-профилактикалық ұйым көрсетеді, оның ішінде 8 амбулаториялық-емханалық мекеме, 89 төсек-орындық 1 орталық аудандық аурухана, сондай-ақ 4 ФАП және 43 медициналық пункт бар.

    Халыққа 49 дәрігер және 211 орта медициналық қызметкер қызмет көрсетеді. Дәрігер кадрларының тапшылығы 5 бірлікті (5 ЖПД дәрігері) құрайды.

    2026 жылғы қаңтар-маусым айларында туберкулезбен сыртқаттанушылық өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100 000 тұрғынға шаққанда 19,6-дан 16,9 жағдайға дейін, яғни 13,8%-ға төмендеді (2026 жылғы қаңтар-маусым – 5 жағдай, 2025 жылғы қаңтар-маусым – 6 жағдай).

    Ауданда онкологиялық аурулар көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға төмендеп, 100 000 тұрғынға шаққанда 143,6-ден 131,6-ға дейін азайды (44 жағдайдан 39 жағдайға дейін).

    Мәдениет және спорт. Ауданда 55 мәдениет ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 26 клуб мекемесі (16 мемлекеттік), 27 кітапхана (барлығы мемлекеттік), 2 мемлекеттік музей бар.

    Ауданның клуб мекемелері 437 іс-шара өткізді, оған 28521 адам қатысты; музейлер 197 іс-шара, 287 экскурсия және 253 дәріс өткізіп, 2438 адамды қамтыды; кітапханалар офлайн форматта 444 іс-шара өткізіп, 7261 адамды қамтыды, онлайн форматта 63 іс-шара өткізіліп, қаралым саны 10594-ды құрады.

    Ауданда 184 спорт нысаны жұмыс істейді. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны 14 409 адамды немесе халықтың 48,8%-ын құрайды. 2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында спорт саласында 37 бұқаралық спорттық іс-шара өткізіліп, оған 3020 адам қатысты.

    «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2026 жылы жергілікті бюджет есебінен стадион құрылысына 100,0 млн теңге бөлінді, 1 шілдедегі жағдай бойынша 69,0 илн теңге игерілді.

    Гусаковка, Константиновка және Новоукраинка ауылдарында жасанды жабындысы бар 3 шағын футбол алаңын орнатуға 47,3 млн теңге бөлінді, 1 шілдедегі жағдайға 27,3 млн.теңге игерілді.

    Жүктеу
    63560b2984abac23cca1585a0420f6d2_original.41758.doc
    DOC · 41 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026-2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ (2026 ж.01.05. нақтыланған бюджет)

    Айыртау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026-2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ (2026 ж.01.03. нақтыланған бюджет)

    Айыртау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Кондоминиум объектісін басқару нысандары және кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімі

    Қосымша 1 тізілімді жүргізу қағидаларына көппәтерлі тұрғын үйлер нысанды басқару нысандары бойынша және субъектілеріне Объектіні басқару кондоминиум және тізілім Объектіні басқару субъектілері кондоминиум және Басқарушыл...

    Айыртау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жай

    Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жай Елді мекеннің атауы Сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жай Антоновка ауылдық округінің Антоновка ауылы Ақан Сері көшесі 3...

    Айыртау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағындағы үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

    Солтүстік Қазақстан облысыАйыртауауданының аумағындағыүгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары Айыртау ауданы № Елді мекеннің атауы Орналастыру орындары Антоновка ауылдық округі 1 Антоновка ауылы Акан Сері көшес...

    Айыртау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Байланыс орталықтары

    Байланыс орталықтары

    Айыртау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Учаскелік сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан жері, сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ХАБАРЛАМА

    Учаскелік сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан жері, сайлау учаскелерінің шекаралары туралыХАБАРЛАМА

    Айыртау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Талдамалық анықтама 2026 жылғы 2 тоқсанның қорытындысы бойынша

    Талдамалық анықтама 2026жылғы2тоқсанның қорытындысы бойынша 2026 жылдың 2 тоқсанында Айыртау ауданы бойынша барлығы 1671 қызмет көрсетілді, оның ішінде: қағаз нысанда – ақпараттық жүйелер арқылы электрондық түрде көрсеті...

    Айыртау ауданының әкімдігіЖарияланды: