Құрметтіқалатұрғындары!
2026 жылғы 11 қыркүйек күні сағат 16:00-де «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығында (Тұран даңғылы, 37) «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылады.
Іс-шараны «Нұра» ауданының прокуратурасы қаланың мемлекеттік органдарымен бірлесіп өткізеді. Акция барысында тұрғындар өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша білікті мамандардан тегін заңгерлік кеңес ала алады.
Құқықтық көмекке мұқтаж барлық азаматтарды акцияға қатысуға шақырамыз!