Тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеруді жүргізу негізі: Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 29.07.2026 жылғы №5344 РММ-нен келіп түскен ақпарат бойынша
2.Тергеп-тексеруді жүргізуші бақылау және қадағалау мекемесі: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Астана қаласы Алматы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ.
3.Қатысқан сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жұқпалы ауруларды бақылау басқармасының бас сарапшысы С. Б. Бекқожина. Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді бақылау бөлімінің басшысы Ж. А. Естияр. Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы К. А. Мәлікова. Астана қаласы әкімдігінің АИТВ - инфекциясының алдын алу орталығы МКҚК дәрігер-эпидемиологы М. А. Балташева. Астана қаласы Алматы ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары А. В. Чо-Зо-И. Астана қаласы Алматы ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Н. А. Аяғанова.
4.Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімі: 05.08.2026 жылдан 14.08.2026 жылға дейін
5. Тергеп-тексеруге жататын жеке және(немесе)заңды тұлғалар: "Эмир Мед Денсаулық ғылыми-зерттеу институты" ЖШС медициналық орталығы.
6.Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы құқықтық нормативтік актілердің талаптарын бұзу себебі мен сипаты: Аталған медициналық орталықта пациентті жұқтыру үшін жағдай жасаған санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғанын куәландыратын мән-жайлар белгіленбеген.
7.Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзған жеке және/немесе заңды тұлғалар: жоқ
8.Қолданылған шаралар: жоқ.