Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: «Инфильтративный туберкулез правого легкого в фазе распада и обсеменения. МБТ (+), чувствительный, новый случай» жағдайының тіркелуіне байланысты 29.04.2026 жылғы №48 шұғыл хабарлама бойынша 2026 жылғы 05 тамыздағы «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласының Алматы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ-нен келіп түскен шығ. № 24-21-23-4-12/824 өтініші негізінде.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 07.08.2026 ж. - 04.09.2026 ж. аралығы
5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Otbasy clinic» ЖШС.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында пациенттердің жағдайын бағалау және қажетті тексерулер жүргізу кезінде бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда, эпидемиологиялық анамнездің толық жиналмауы және медицина қызметкерлерінің туберкулезге қатысты тиісті клиникалық қырағылығының болмауы.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС.
- Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, іс-шаралар көрсетіле отырып, тиісті ұсынымдар берілді.