«Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы

    «Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы

    28 қыркүйектегі № 21/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. «Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 21/4 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

    Көрсетілген шешімге қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының

    төрағасы

    В.С. Бубенко

    Солтүстік Қазақстан

    облыстық мәслихатының

    2026 жылғы ___________ № ___

    шешіміне қосымша

    Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының
    2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 21/4 шешіміне қосымша

    Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидалары

    1. Жалпы ережелер
    2. Осы Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № 162 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28125 болып тіркелді) бекітілген Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жануарларды (иттер мен мысықтарды) аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру тәртібін айқындайды.
    3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

    аулау қызметі – жануарларды аулаумен, уақытша ұстаумен және жансыздандырумен айналысатын, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік заңды тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

    1) жануардың иесі - жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға;

    2) жануарларға арналған панажай – тіршілігі мен саулығына қатер төндіретін жағдайға ұшыраған жануарларды, қараусыз қалған және иесіз жануарларды, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын (компаньон-жануарларды) ұстауға арналған және жабдықталған мүліктік кешен;

    3) алып тасталды;

    4) жануарларды уақытша ұстау пункті – табылған, ауланған қараусыз қалған және иесіз жануарларды, ұстаудан бас тартуына байланысты иелері немесе жауапты адамдар берген, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын (компаньон жануарларды) уақытша ұстауға әдейі арналған және жабдықталған мүліктік кешен;

    5) жануарды эвтаназиялау (бұдан әрі – эвтаназиялау) – жануардың ауырсынуын және физикалық қиналуын болғызбай оны дәрі-дәрмекпен жансыздандыру;

    6) иесіз жануарлар – иесі жоқ немесе үй жануарлары есебіне алынбаған иттер мен мысықтар;

    7) қараусыз қалған жануарлар – ұстау орнынан тыс жерде және жануардың иесі және (немесе) жауапты адам тарапынан бақылаусыз қалған жануарлар;

    8) алып тасталды;

    9) алып тасталды;

    10) үй жануарларын есепке алу жөніндегі деректер базасы (бұдан әрі - деректер базасы) – үй жануарының жеке нөмірі туралы, диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, оны ветеринариялық өңдеу туралы, жеке тұлғаның тұрғылықты жері немесе заңды тұлғаның орналасқан орны, иесіне тиесілі үй жануарлары ұсталатын немесе тасымалданатын жылжымайтын мүлік объектілері мен көлік құралдары, жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі туралы ақпарат, жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған үй жануарларын иелену тарихы туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін электрондық деректер базасы;

    11) үй жануарларын есепке алу - үй жануарына жеке нөмір берілгені, оның иесі мен тұрғылықты жері және жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар туралы мәліметтерді міндетті тіркеу;

    12) шұғыл ден қою шаралары – адамның, жануарлардың қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және (немесе) адамның өміріне немесе денсаулығына, жануарлардың тіршілігіне немесе саулығына және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүлкіне қатер төнуін болғызбау мақсатында жануарлардың агрессия көрсетуін дереу тоқтатуға және (немесе) оның салдарын барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы, оның ішінде әрекеттер.

    1. Жануарларды аулау
    2. Қараусыз қалған және иесіз жануарларды аулауды, тасымалдауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды аулау қызметі жүзеге асырады.
    3. Жануарларды аулау жұмыстары аулау қызметінің басшысы бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.
    4. Кесте жануарлардың шоғырлану орындарын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында олардың жиналу орындарының мониторингі нәтижелері және азаматтардың жолданымдары бойынша жасалады.
    5. Аулау жануарға жарақат салуды және мертігуді, азаматтардың денсаулығына, олардың мүлкіне, заңды тұлғалардың мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмайтын ізгілікті тәсілдермен жүзеге асырылады. Адамның және (немесе) жануардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төнген жағдайларды қоспағанда, балалар болған кезде жануарларды аулауға жол берілмейді.
    6. Аулау жануарларға зиян келтірмейтін құралдармен оқшаулау сүрлемдерін, торларды, гель оқшаулағышы бар ілмектерді, ұстап алу кезінде бекітуге арналған Ү-тәрізді бекіткіштерді (рогатин), Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған жануарларды қимылсыздандыруға арналған препараттарды қолдана отырып жүзеге асырылады.
    7. Қоғамдық орындарда, оның ішінде көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, скверлерде, иесіз қалған ғимараттарда, елді мекендердің шетінде, саяжай алқаптарында және өзге де орындарда жануар иесінің және (немесе) жауапты адамның қарауынсыз жүрген қараусыз қалған, сондай-ақ иесіз жануарлар аулауға жатады.
    8. Адамға, жануарларға шабуыл жасаған немесе адамның өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін қараусыз қалған және иесіз иттерді, жануарларды, оның ішінде кемінде үш дарақтан тұратын топтасқан иттерді мекендеу ортасынан аулау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған жануарларды қимылсыздандыруға арналған препараттарды қолдануға жол беріледі. Аулау қызметі еркін нысанда акт жасайды, оған кемінде екі куә қол қояды және оны аулау қызметі ақпараттық жүйеде тіркейді. Куәлар болмаған жағдайда аулауды тіркеудің техникалық құралдарын қолдануға (бейнетүсірілім) жол беріледі.
    9. Жануарларды аулау қызметін жүзеге асыру кезінде аулау қызметі мамандарының өзімен бірге осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі аулау қызметі қызметкерінің куәлігі (бұдан әрі – куәлік) болады, олар азаматтардың талап етуі бойынша көрсетіледі.
    10. Аулау қызметі қызметкерлерін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі куәлікпен қамтамасыз етеді.
    11. Ауланған жануарларды тасымалдау «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына және Жануарларды тасымалдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

    12-1. Шұғыл ден қою шараларын астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларына сәйкес ұйымдастырады.

    1. Жануарларды уақытша ұстау пунктінде ұстау
    2. Ауланған жануарлар уақытша ұстау пунктіне орналастырылады немесе жануарларға арналған панажайларға өткізіледі және деректер базасында тіркелуі тиіс.

    13-1. Ауланған жануар уақытша ұстау пунктіне немесе жануарларға арналған панажайға жеткізілген кезде үй жануарларын есепке алу бұйымдарының (құралдары) болуы, сондай-ақ үй жануарларын есепке алу дерекқорында жануардың иесі және (немесе) жауапты адам туралы мәліметтердің болуы тексеріледі.

    1. Уақытша ұстау пункті жануарларды ұстау, азықтандыру, қарап-тексеру, жансыздандыру, қажетті құрал-саймандармен жарақтандыру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етеді.
    2. Уақытша ұстау пунктінде клиникалық қарап-тексеру және деректер базасында тіркеу жүргізіледі.
    3. Жануарларды ұстау Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес профилактиканы және диагностиканы қамтамасыз етеді.
    4. Уақытша ұстау пункті металл торлармен және иттерге арналған үйшіктермен жарақталады, онда 1 (бір) дарақтан орналастырылады.
    5. Тордың көлемі жануарларға еркін тұруға, жатуға және өздеріне тән тәсілмен еркін айналуға мүмкіндік береді.
    6. Ауланған жануарларға күтім жасалады, торларға күнделікті механикалық тазарту және дезинфекция жүргізіледі.
    7. Үй-жайлардың қабырғалары мен еден жабындарының беті тазалауға және дезинфекциялауға ыңғайлы тегіс болады.
    8. Жануарларды ұстау шарттары олардың биологиялық, түр және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келеді, олардың табиғи қажеттіліктерін қанағаттандырады.
    9. Азық рационын және жануарларды азықтандыру режимін уақытша ұстау пунктінің басшысы жасайды. Азықты сақтау және пайдалану өндірушілер белгілеген сақтау шарттарын ескере отырып жүзеге асырылады.
    10. Жануарлар тәулігіне кемінде бір рет, оның ішінде мысықтар тәулігіне кемінде екі рет азықтандырылады.
    11. Су ішетін ыдыстар мен басқа да су көздері әрбір жануар таза ауыз суды үнемі және шектеусіз іше алатындай етіп орналастырылады. Ауыз су тәулігіне кемінде бір рет ауыстырылады.
    12. Жануарларды жансыздандыру
    13. Жануарларды жансыздандыруға осы Қағидалардың аясында Заңның 15-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда жол беріледі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған препараттармен, дәрі- дәрмекпен ізгілікті жолмен (эвтаназиямен) жансыздандыруға жатады.

    25-1. Иесіз жануарлардың санын реттеу кезінде жансыздандыруға мысықтарды қоспағанда, жануарды уақытша ұстау пунктіне өткізгеннен кейін үш тәулік өткен соң иесіз жануарларға қатысты рұқсат етіледі.

    25-2. Мысықтарды қоспағанда, жануарларға арналған панажайларға және (немесе) жануарларды уақытша ұстау пункттеріне түскен қараусыз қалған жануарларды, егер мұндай жануарлар ауру болса, негізсіз агрессия көрсетсе, иесі немесе жауапты адам, сондай-ақ өзге де жеке немесе заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген мерзімдер өткен соң жайластырмаған және қажет етпеген жағдайда жансыздандыруға жол беріледі.

    1. Жануарлардың өлекселерін кәдеге жаратуды арнайы кремациялау пештері орнатылған орындарда, мал қорымында (биотермиялық шұңқырларда) аулау қызметі жүргізеді.
    2. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, иесіз жануарлардың санын уларды, химиялық препараттарды пайдалануды қоса алғанда, кез келген тәсілдермен жансыздандыру арқылы реттеуге жол берілмейді.
    3. Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін жауаптылық
    4. Кінәлі адамдар осы Қағидаларды бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапты болады.

    Жануарларды аулау, уақытша

    ұстау және жансыздандыру

    қағидаларына

    қосымша

    Нысан

    Жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қызметі қызметкерінің куәлігі

    Тозуға төзімді көп қабатты материалдан жасалған куәліктің көлемі 5,4х8,5 сантиметр.

    Жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қызметі қызметкерінің куәлігі (1)

    Ұйым атауы (2)


    №________ (3)


    QR-код (4)


    Фотосурет (5)

    Тегі, аты, әкесінің аты
    (бар болса) (6)

    Берілген күні: ______ ж. ______ (7)

    Қоданылу мерзімі __________ ж. (8)

    Осы құжаттың түпнұсқалығын ақпараттық жүйе арқылы тексере аласыз (9)

    1-жол – «Жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қызметі қызметкерінің куәлігі» құжатының атауы көрсетіледі;

    2-жол – жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қызметінің қызметкері жұмыс істейтін ұйымның атауы көрсетіледі;

    3-жол – ақпараттық жүйеде жинақталатын және қалыптастырылатын куәліктің бірегей сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

    4-жол – көлемі 3,0х3,0 сантиметр ақпараттық жүйеде автоматты түрде жинақталатын QR-код түріндегі куәліктің бірегей сәйкестендіру нөміріне арналған орын;

    5-жол – жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қызметі қызметкерінің өлшемі 3х4 сантиметр фотосуретіне арналған орын;

    6-жол – жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қызметі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі;

    7-жол – ЖЖЖЖ.КК.АА. форматы бойынша куәліктің берілген күні көрсетіледі;

    8-жол – ЖЖЖЖ.КК.АА. форматы бойынша куәліктің қолданылу мерзімі көрсетіледі;

    9-жол – «Осы құжаттың түпнұсқалығын ақпараттық жүйе арқылы тексере аласыз» деген жазу көрсетіледі.

    Жүктеу
    5a45bf560aa2999c5d16bd468527dec32cdd37fbcc57b1d0a5869b4b6e4da9a8_original.101513.docx
    DOCX · 99 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    «Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    «Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 21/3 шешіміне өзгеріс енгізу...

    Бұйрық

    Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

    Бұйрық

    Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы

    Заң

    Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ

    Заң

    Ветеринария туралы Қазақстан Республикасының Заңы

    Ақпарат

    Талдау анықтамасы

    Ақпарат

    Мал қорымдары мен инсинераторлар

    Облыс аумағында 361 мал қорымы бар, оның ішінде 119 үлгілік, 242 примитивті мал қорымы. Жыл сайын мал қорымдарын салу жоспары бекітіліп, аудан әкімдіктеріне мәлімделеді. . 2026 жылы 32 мал қорымы құрылысы жоспарланған (А...

    Ақпарат

    2026 жылдың 6 айында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы нормаларының іске асырылуы туралы ақпарат

    Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 21/3 шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары, № 21/4 шешімімен Солтүстік Қаза...