Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 21/3 шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары, № 21/4 шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидалары бекітілді.
Облыста жануарларды есепке алу жөніндегі «TANBA» ақпараттық сервисі жұмыс істейді. Бұл жүйеде жануарларға қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын 27 ұйым тіркелген (14 ветеринариялық станция, 8 ветеринариялық клиника, 3 аулау қызметі, 1 панажай, 1 қоғамдық қор). Үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес 16 664 үй жануары (10 117 ит, 6 546 мысық) есепке қойылды .
Қазіргі уақытта облыста 2 жеке меншік панажай бар және жұмыс істейді, оның ішінде Петропавл қаласында – 1 («Исаков Андрей» ЖҚҚ, сыйымдылығы 300 мысық, 1000 ит), Қызылжар ауданы Вишневка ауылында – 1 («ОляПриют СКО», сыйымдылығы 500 ит). Сонымен қатар, Петропавл қаласында 2 зооқорғау ұйымы бар («Верный друг» қоғамдық қайырымдылық қоры, «Фауна» жастар қоғамдық бірлестігі).
«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлікті және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 17 шілдедегі № 213-VIII ҚРЗ Заңына сәйкес Заңға өзгерістер енгізілді (2026 жылғы 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді).
Мәселен, Заңның 9-бабына сәйкес аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне мынадай функциялар енгізілді:
1) үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтайды;
2) жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздеуге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттілігі туралы хабарлауға бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастырады;
3) қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастырады.
Осыған байланысты қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастыру функциясы Ветеринария басқармасының қызметінен алынып тасталып, аудандар мен Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдарына (аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары) берілді.
«Мемлекеттік жоспарлау» ақпараттық жүйесінде аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдерінде тиісті бюджеттік бағдарламалар ашылды.
Осы жылы аудандар мен Петропавл қаласының әкімдіктері, сондай-ақ ветеринария басқармасы қаңғыбас жануарлардың санын реттеу бойынша іс-шаралар жүргізуге жергілікті бюджеттен 79,3 млн. теңге бөлді.
Бүгінгі күні 110 бас қаңғыбас жануар (110 ит) стерилденді, вакцина егілді және чип салынды. 105 бас мекендеген ортасына қайта босатып жіберілді, 5 бас панажайға өткізілді.
Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдіктері жануарларды уақытша ұстау пункттерін салу үшін жер учаскелерін бөлу жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі күні уақытша ұстау пункттері үшін 6 ғимарат, 9 учаске бөлінді.
Бүгінгі күнге дейін 8 ауданда (Айыртау, Ақжар, Есіл, Жамбыл, М. Жұмабаев, Тайынша, Тимирязев, Шал ақын) уақытша ұстау пункті салынды, қалған аудандарда (Аққайың, Қызылжар, Мамлют, Уәлиханов, Ғ. Мүсірепов) және Петропавл қаласында уақытша ұстау пунктін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жануарлардың қараусыз қалуының алдын алу және оларды жауапкершілікпен ұстау мәдениетін қалыптастыру мақсатында жануарларды қорғау ұйымдарының өкілдерімен өзара іс-қимыл ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Облыста жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында 8 қоғамдық инспекторға куәлік берілді.
Басқарманың, аудан әкімдіктері мен Петропавл қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жануарларға жауапкершілікпен қарау, оларды тіркеу, ұстау және иттер мен мысықтарды серуендету қағидалары бойынша 80 ақпараттық материал орналастырылды.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2026 жылдың 6 айына арналған деректері бойынша ит тістегеннен 577 адам зардап шеккен (иесі бар иттер бойынша – 333 жағдай, қаңғыбас иттер бойынша – 244 жағдай), оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар бойынша 200 жағдай (иесі бар иттер бойынша – 129 жағдай, қанғыбас иттер бойынша – 71 жағдай), құтыруға қарсы емдік-профилактикалық вакцина егуге 577 адам жүгінді (алды).
Полиция органдарының 2026 жылдың 6 айына арналған деректері бойынша облыста иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидаларын бұзғаны үшін шамамен 6 млн. 334 мың теңге сомасына 222 әкімшілік айыппұл салынды.
Бүгінгі күні облыс аумағында азаматтардың ит тістегеннен қаза болу жағдайлары тіркелген жоқ.
Петропавл қаласының аумағында үй жануарларын стерилизациялау, вакциналау және чип салу бойынша қызметтер көрсететін 9 ветеринариялық клиника жұмыс істейді:
- «Надежда» ветеринариялық клиникасы, Жабаев көшесі, 156, телефоны 39-70-65;
- «Айболит» ветеринариялық клиникасы, Интернациональная көшесі, 21, телефоны 36-35-89;
- «Центр ветеринарной диагностики и терапии «Верный друг» ЖШС, Васильев көшесі, 123, телефоны 87776076843;
- «Городская ветеринарная клиника» ЖШС, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 130, телефоны 46-78-78;
- «Ветеринарный центр» ЖШС, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 121, телефоны 37-37-91;
- «ВетЛекарь» ветеринариялық клиникасы, Тепловское лесничество көшесі, 33, телефоны 87713888111;
- ЖК «Центр ветеринарной хирургии Пегас», А. Шәжімбаев көшесі, 142В, телефоны 87003203030.
- «Кит» ветеринариялық клиникасы, Кошуков көшесі, 3, телефоны 87778059893;
- «evseev.vet|clinic» ветеринариялық клиникасы , Жәлел Қизатов көшесі, 2/11, тел. 87004218577
Заңды іске асыру бойынша жұмыс жалғасады.