«Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы

    «Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында

    үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы

    28 қыркүйектегі № 21/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. «Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 21/3 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

    Көрсетілген шешімге қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының

    төрағасы

    В.С. Бубенко

    Солтүстік Қазақстан

    облыстық мәслихатының

    2026 жылғы ___________ № ___

    шешіміне қосымша

    Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының
    2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 21/3 шешіміне қосымша

    Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында

    үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары

    1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 168 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28138 болып тіркелді) бекітілген Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидалары негізінде әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысының аумағында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің тәртібін айқындайды.
    2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

    1) жануардың иесі – жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға;

    2) жауапты адам – жануар иесінің осы Заңда белгіленген құқықтары мен міндеттерін жануар иесінің жазбаша тапсырмасы бойынша өзіне алатын адам;

    3) иттерге арналған үйрету алаңы – иттерді үйрету үшін арнайы бөлінген, жаттығуға арналған арнаулы құралдармен жабдықталған қоршалған аумақ;

    4) үй жануарлары (компаньон жануарлар) (бұдан әрі – үй жануарлары) – қай түрге жататынына қарамастан, адамның эстетикалық қажеттіліктері мен қарым-қатынас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дәстүрлі түрде асырайтын және өсіретін жануарлар;

    5) үй жануарларын серуендету – жануар иесінің және (немесе) жауапты адамның жануарды ұстау орнының шегінен тыс жерге шығаруды көздейтін және жануардың қозғалыс белсенділігіне, табиғи қажеттіліктерін атқаруға деген физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекеттері;

    6) үй жануарларының (иттердің) еркін жүруі – иесі болған кезде жануардың тұмылдырықсыз және қарғыбаусыз ұстау үй-жайынан немесе аумағынан тыс жерде, арнайы бөлінген аумақтарда, иттерді серуендетуге арналған алаңда немесе жануардың табиғи дене және физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін үйрету алаңында болуы;

    7) үй жануарларының өз бетінше серуендеуі – үй жануарларының ұстау орнынан тыс жерде жануар иесінсіз және (немесе) жауапты адамсыз өз бетінше болуы;

    8) ұстау орны – жануардың иесі және (немесе) жауапты адам пайдаланатын, жануар ұсталатын ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар, үй-жайлар немесе жер учаскелері.

    1. Үй жануарларын ұстаудың тәртібі
    2. Үй жануарларын ұстау жөніндегі талаптарға мыналар жатады:

    1) үй жануарларын күтіп-бағу жағдайлары олардың биологиялық, түрлік және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келуге, олардың табиғи қажеттерін қанағаттандырады;

    2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес үй жануарлары ауруларының профилактикасын, диагностикасын, оларды емдеуді және жоюды қамтамасыз ету болып табылады.

    1. Үй жануарының иесі және жауапты адам, адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіруге, айналадағыларға зиян келтіруге жол бермейтін жағдайларды қамтамасыз етеді.
    2. Үй жануарларын төмендегідей орындарда ұстауға рұқсат етілмейді:

    1) Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау және денсаулық сақтау салаларындағы заңнамасының талаптары бұзылған кезде қоғамдық орындарда, ұстау орындарында;

    2) ортақ пайдаланылатын орындарда (баспалдақ алаңдары, жертөлелер, шатырлар, шектес балкондар, лоджиялар және ортақ пайдаланылатын қосалқы үй-жайлар);

    3) үй маңындағы аумақтарда (жеке тұрғын үйлердің үй маңындағы аумақтарынан басқа);

    4) асүйлер мен жатақхана дәліздерінде.

    1. Үй жануарының иесі және жауапты адам үй жануарларының тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, оның ішінде кондоминиум объектілерін, қоғамдық орындарды ластауына және қоршаған ортаға зиян келтіруіне жол бермейді.
    2. Бірнеше отбасы тұратын тұрғынжайда (жеке тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме, модулдік (мобилді) тұрғын үй) үй жануарларын ұстау медициналық қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, барлық тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімімен жүзеге асырылады.
    3. Бағбандық, бақша, саяжай кооперативтерінің, демалыс үйлерінің аумақтарында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, үй жануарларын ұстауға жол беріледі.

    8-1. Үй жануарының иесі немесе жауапты адам осы аумаққа кіреберісте жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарының бар екендігі туралы ескерту жазбасын орналастырады.

    1. Қонақ үйге әкімшілікпен келісім бойынша иесіне итпен немесе мысықпен қоныстануға рұқсат етіледі.
    2. Үй жануарларын қараусыз қалдыруға жол берілмейді. Қарау мүмкін болмаған жағдайда үй жануарының иесі немесе жауапты адам:

    1) жануарды үй жануарларына арналған панажайға уақытша күтіп-бағуға орналастырады;

    2) үшінші адамдарға уақытша күтіп-бағуға береді;

    3) зоологиялық жатынжайға орналастырады.

    1. Үй жануарын одан әрі ұстау мүмкін болмаған жағдайда үй жануарының иесі және (немесе) жауапты адам үй жануарын одан әрі орналастыруға, оның ішінде оны жануарларға арналған панажайға, жануарларды уақытша ұстау пунктіне не оны ұстау үшін қажетті жағдайлар жасауға қабілетті жеке немесе заңды тұлғаларға беру арқылы шаралар қабылдайды.

    Үй жануарын жануарларды уақытша ұстау пунктіне берген кезде үй жануарының иесі немесе жауапты адам жануардың заңды тағдыры айқындалғанға дейін оны күтіп-бағуды қамтамасыз етеді.

    11-1. Жануардан бас тарту басқа адам оған меншік құқығын иеленгенге, үй жануары жануарларға арналған панажайға берілгенге не оны жануарларды уақытша ұстау пунктіне берген кезде жануардың заңды тағдыры айқындалғанға дейін үй жануары иесінің немесе жауапты адамның үй жануарына қатысты міндеттерінің тоқтатылуына алып келмейді.

    1. Иттер өз бетінше серуендеуін және адамдар мен жануарларға шабуыл жасауын болдырмайтын жағдайларда ұсталады. Мұндай жағдайлар болмаған кезде ит қаумалда немесе байлауда болады.
    2. Үй жануарларын серуендету тәртібі
    3. Үй жануарларын серуендету жеке тұлғалардың және жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкін зиян келтіруден қорғау шартымен жүзеге асырылады.
    4. Үй жануарының иесі және жауапты адам қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілеген тәртіппен үй жануарларын серуендету ережелерін сақтайды.
    5. Жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануары жануардың иесіне және (немесе) жауапты адамға меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде тиесілі қоршалған аумақта болатын жағдайларды қоспағанда, серуендету орнына қарамастан, жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарларын тұмылдырықсыз және 1,5 (бір жарым) метрден асатын қарғыбаусыз серуендетуге рұқсат етілмейді.

    Үй жануарларын серуендету кезінде иелері мен жауапты адамдар мынадай талаптарды сақтайды (ерекше жауапкершілікті талап ететін үй жануарларын қоспағанда):

    1) ит қоғамдық орындарда 2 (екі) метрден аспайтын қарғыбауда болуы керек;

    2) тұмылдырық итке оны тасымалдау кезінде, адамдар көп жиналатын жерде, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар, мекемелер белгілеген орындарда кигізіледі;

    3) магистральдар маңындағы көшелер арқылы өту кезінде жол-көлік оқиғаларын және жолдың жүріс бөлігінде оның өлуін болдырмау үшін үй жануарына 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғыбау тағылады;

    4) иесі итті ғимараттың жанында осы ғимараттың ішінде болған уақытында өздігінен шешілмейтіндей 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғыбаулы тұмылдырықпен байлаулы қалдыра алады;

    5) иттерді серуендетуге тыйым салынған жерлерде ит иесі немесе жауапты адам итті айналасындағыларға қауіп төндірмей, тұмылдырықпен және 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғыбаумен аумақты кесіп өтуіне болады;

    6) иттерді еркін серуендетуге арнайы бөлінген аумақтарда, алаңда иттерді еркін серуендетуге жол беріледі.

    Иттерді серуендетуге тыйым салынатын орындар тиісті белгімен белгіленуге тиіс.

    1. Иттермен қорғалатын бекітілген аумақтары бар иелер иттерді өздерінің базаларында, қоймаларында, өндірістік үй-жайларында тек түнгі уақытта және қоршалған аумақта еркін серуендетеді. Күндізгі уақытта иттер байлауда немесе қаумалда болады.
    2. Елді мекен аумағында мыналарға:

    1) иттердің еркін жүруіне;

    2) өздерінің мінез-құлқын ұстауға қауқарсыз, оның ішінде алкагольден, есірткіден, уытқұмарлықтан мас күйдегі адамдарға үй жануарларын серуендетуге және олармен қоғамдық орындарда және көлікте бірге болуға;

    3) әкімшілікпен келісім бойынша спорттық және өзге де іс-шаралар ұйымдарын қоспағанда мектепке дейінгі балалар, білім беру, дене шынықтыру-спорт және медициналық, емдеу ұйымдарының, мәдениет ұйымдарының, балалар және спорттық ойын алаңдарының аумақтарында және үй жануарларын серуендетуге тыйым салу белгілері орнатылған аумақтарда үй жануарларын серуендетуге;

    4) адамдарға шомылуға рұқсат етілген аумақта, тоғандарда, фонтандар мен су қабылдағыштарда үй жануарларын шомылдыруға және жуындыруға рұқсат етілмейді.

    17-1. Коммерциялық, коммерциялық емес, діни ұйымдардың, балалар, медициналық немесе білім беру ұйымдарының аумағында үй жануарларының болуын және оларды күтіп-ұстауды осы ұйымдар мен мекемелердің меншік иесі (әкімшілік) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.

    1. Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтайды.
    Жүктеу
    d66b442355bcdd99f09bffc947906614bea1d49c28962fc45dff3d4f56086075_original.99828.docx
    DOCX · 97 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    «Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    «Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 21/4 шешіміне...

    Бұйрық

    Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

    Бұйрық

    Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы

    Заң

    Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ

    Заң

    Ветеринария туралы Қазақстан Республикасының Заңы

    Ақпарат

    Талдау анықтамасы

    Ақпарат

    Мал қорымдары мен инсинераторлар

    Облыс аумағында 361 мал қорымы бар, оның ішінде 119 үлгілік, 242 примитивті мал қорымы. Жыл сайын мал қорымдарын салу жоспары бекітіліп, аудан әкімдіктеріне мәлімделеді. . 2026 жылы 32 мал қорымы құрылысы жоспарланған (А...

    Ақпарат

    2026 жылдың 6 айында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы нормаларының іске асырылуы туралы ақпарат

    Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 21/3 шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары, № 21/4 шешімімен Солтүстік Қаза...