2026 жылғы жалпыға бірдей декларациялау

    Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

    2026 жылы жалпыға бірдей декларациялау тәртібінде маңызды өзгерістер бар. Ең бастысы — 270.00 нысанындағы декларацияны барлық азаматтар жаппай тапсырмайды. Оны Салық кодексінде белгіленген санаттарға жататын немесе декларация тапсыруға негізі бар жеке тұлғалар ғана ұсынады.

    270.00 нысанын кімдер тапсырады?

    2026 жылы Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00 нысаны) 2025 жыл үшін ұсынылады. Тапсыру мерзімі — 2026 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.

    270.00 нысанын, атап айтқанда, мына тұлғалар тапсыруға міндетті:

    • мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары;
    • банктердің, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары;
    • заңды тұлғалардың басшылары;
    • заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің (акционерлік қоғам акцияларының) 10%-дан астамын иеленетін құрылтайшылар (қатысушылар), сондай-ақ олардың резидент жұбайлары;
    • жеке практикамен айналысатын тұлғалар: нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар және т.б.;
    • жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік кірістерін қоспағанда, дербес салық салуға жататын кіріс алған жеке тұлғалар;
    • шетелдік банктердегі шоттарында жиынтық сомасы 1 000 АЕК-тен асатын ақшасы бар тұлғалар;
    • Қазақстан Республикасынан тыс жерде мүлкі және өзге де тиісті активтері бар тұлғалар;
    • цифрлық активтары бар тұлғалар;
    • 2025 жылы жиынтық құны 20 000 АЕК-тен асатын мүлік сатып алған тұлғалар;
    • салық агентіне өзге де шегерімдердің алдын ала сомасы түріндегі салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініш берген тұлғалар.

    2025 жылғы АЕК мөлшері — 3 932 теңге. Тиісінше, 20 000 АЕК — 78 640 000 теңге.

    Бұл ретте есепті кезеңде сатып алынған мүліктің жиынтық құны ескеріледі. Мұндай мүлікке, атап айтқанда, жылжымайтын мүлік, көлік құралдары мен тіркемелер, заңды тұлғалардың қатысу үлестері, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері және инвестициялық алтын жатады.

    270.00 нысанында қандай мәліметтер көрсетіледі?

    Декларацияны тапсыру негізіне байланысты онда:

    • жеке тұлға дербес салық салуға тиіс кірістер;
    • салықтық шегерімдер;
    • белгілі бір мүлікті сатып алу немесе иеліктен шығару туралы мәліметтер;
    • шетелдегі активтер;
    • шетелдік банктердегі шоттарда белгіленген шектен асатын ақша;
    • цифрлық активтер;
    • заңнамада көзделген жағдайларда дебиторлық және кредиторлық берешек;
    • өзге де тиісті мәліметтер көрсетіледі.

    Жалақы алу фактісінің өзі 270.00 нысанын тапсыру міндетін туындатпайды. Егер азамат декларация тапсыруға міндетті тұлғалар санатына жатпаса және онда заңнамада белгіленген кірістер, активтер немесе өзге де негіздер болмаса, декларация тапсыру талап етілмейді.

    2026 жылдан бастап маңызды өзгеріс

    Бұған дейін 250.00 нысанындағы декларацияны тапсырған тұлға кейіннен жыл сайын 270.00 нысанын тапсыруы қажет деген түсінік қалыптасқан болатын.

    2026 жылдан бастап бұрын 250.00 нысанын тапсырған фактінің өзі 270.00 нысанын жыл сайын тапсыру үшін дербес негіз болып табылмайды.

    270.00 нысаны жаңа Салық кодексінде белгіленген тиісті негіздер болған кезде ғана ұсынылады.

    250.00 нысаны бойынша

    Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00 нысаны) заңнамада тікелей көзделген жағдайларда, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы, банктік, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнама талаптарына сәйкес ұсынылады.

    Тапсыру мерзімі — декларацияны тапсыру міндеті туындаған жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей.

    Декларацияны қалай тапсыруға болады?

    Декларацияны электронды түрде:

    Салық төлеушінің кабинеті, eGov, e-Salyq Azamat, сондай-ақ тиісті банктік мобильді қосымшалар арқылы тапсыруға болады.

    Сонымен қатар декларацияны қағаз түрінде мемлекеттік кірістер органдарына, ХҚКО арқылы немесе пошта арқылы ұсыну мүмкіндігі қарастырылған.

    Еске саламыз: 2025 жыл үшін 270.00 нысанындағы декларацияны тапсыру мерзімі — 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін.

    Жүктеу
    Всеобщее декларирование в 2026 году
    Всеобщее декларирование в 2026 году
    DOCX · 15 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    2026 ж. 2 тоқсанда Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен көрсетілген мемлекеттік қызметтер

    Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы қапарат: Жалпы 2026 жылдың 2 тоқсаны бойынша 20 080 қызмет көрсетілді оның ішінде қағаз жүзінде- 12 ақпараттық жүйелер а...

    Есеп

    2026 ж. 3тоқсанда Жезқазған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен көрсетілген мемлекеттік қызметтер

    Жалпы 2026 жылдың 9 айына 39 198 қызмет көрсетілді. Заңды тұлғаларға 9 552 қызмет, жеке тұлғаларға 25 646 қызмет, оның ішінде -қағаз жүзінде -27 қызмет; -ақпараттық жүйелер арқылы , қызмет берушінің тікелей қатысуынсыз-...

    Есеп

    2026 ж 3 тоқсан. Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мемлекеттік қызметтер

    Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы қапарат: Жалпы 2026 жылдың 3 тоқсаны бойынша 19 520 қызмет көрсетілді оның ішінде қағаз жүзінде- 22 ақпараттық жүйелер а...

    Ақпарат

    2026 жылғы акциз мөлшерлемелері: негізгі өзгерістер

    2026жылғы акциз мөлшерлемелері:негізгі өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері бойынша мөлшерлемелер өзгеріп, акциз салынатын тауарлар тізбесі кеңейтілді. Мөлшерлемелер Салық к...

    Ақпарат

    2026 жылғы салықтық тексерулердің түрлері: олардың айырмашылығы қандай?

    2026жылғы салықтық тексерулердің түрлері:олардың айырмашылығы қандай? 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізіліп, салықтық тексерулерді жүргізу тәртібіне өзгерістер ен...

    Ақпарат

    Жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы

    Көлік құралдары салығын кімдер төлейді? Қазақстан Республикасында меншік құқығында салық салу объектісі болып табылатын көлік құралдары бар жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады. Салық салу объе...

    Ақпарат

    Жеке тұлғалардың мүлік салығы

    Жеке тұлғалардың мүлік салығы Мүлік салығын кімдер төлейді? Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында жылжымайтын мүлкі бар жеке тұлғалар мүлік салығын төлеушілер болып табылады. Салық салу объектілеріне тұрғы...

    Ақпарат

    2026 жылдағы бюджеттің орындалуы туралы есептілік

    МБ-ға салық түсімдері бойынша жылдық жоспар 76%-ға орындалды (жоспар – 397,6 млрд теңге, түскені – 301,2 млрд теңге). РБ-ға салық түсімдері бойынша жоспар 62%-ға орындалды (жоспар – 274,6 млрд теңге, түскені – 170,3 млрд...